Пневматоракс жіктелуі
Біріншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе ауруларының анық жоқ кезінде дамиды. Көбінесе бойы биік жас ер адамдарда (20–40 жас) кездеседі. Шылым шегу ауру дамуының қаупін 22 есе күшейтеді.
Екіншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе аурулары бар адамда дамиды (ӨСОА, бронх демікпесі, пневмоцистті пневмония, туберкулез, өкпенің іріңді аурулары, бронхоэктазия, қатерлі ісіктер, т.б.).
Ашық пневмоторакс – тыныстың екі фазасындада дефекттен ауа өтеді.
Жабық пневмоторакс – дефекттің спонтанды жабылуы; мысалы, емдік пневмоторакс.
Клапанды пневмоторакс – тынысты ішке алғанда дефект ашылады да тынысты шығарған кезде жабылады; әрбір тыныс алған сайын плевра қуысындағы ауа көлемі ұлғая түседі де ол өкпенің толық қысылуына (коллапсына), медиастинумның өте айқын ығысуына әкеледі де тыныс пен қанайналымының адам өміріне қауіпті бұзылыстарын дамытады.
Таралуына байланысты: жайылған, жергілікті.
Асқынудың бар-жоғына байланысты: асқынбаған, асқынған ( қан кету, плеврит, медиастинальді эмфизема).
Ашық пневмоторакс кезінде плевра қуысының бронх тесігімен және атмосфералы қуыспен қатынасы болады. Дем алғанда ауа плевральды қуыс арқылы вистеральды плевраға өтеді. Осыдан өкпенің жұмысы баяулап, тыныс алудан шығады (өкпенің коллабирленуі).
Жабық пневмоторакс кезіндеплевральді қуысқа түскен ауа өкпенің жартылай немесе толық коллабирленуін туғызады, содан кейін атмосферадағы ауамен байланысын үзеді, бірақ қауіпті жағдай туғызбайды.
Клапанды пневмоторакс кезіндеауа плевральді қуысқа еркін түседі, бірақ оның шығуы клапанды механизмге байланысты қиындайды.
Клиникасы: қан айналым және тыныс жетіпеушілік белгілері байқалады.
Мәжбүр қалыпта ( жартылай отыру, зақымдалған жағына қарай иілуі, немесе ауырған жағына жату).
Науқасты суық жабысқақ тер басады, цианоз және ентігу болады.
Ккеуде клеткасы және қабырға аралықтары кенейеді. Кеуде клеткасының екскурсиясы төмендейді.
АҚҚ төмендейді, тахикардия болады және жүрек шекарасы сау жаққа қарай ығысады.
дауыс дірілі зақымдалған жақта төмендеген немесе жоқ;.
зақымдалған жақта тыныс алуы қалып отырады, перкуторлы тимпанит анықталады, өкпенің төменгі бөлігі тыныс алғанда ығыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |