8. «Ертегілерді көшіреміз» жаттығуы.
Оқушылар берілген мәселені екінші жағынан көру тиіс. Мысалы: әдебиет шығармасының кез келген кейіпкерін жағымсыз жағдайда көрсету, мазмұнынын осы кеіпкер атынан жазғызу.
Мысалы: Қасқыр айтқан «Қызыл Телпек» ертегісі
Түлкі айтқан «Бауырсақ» ертегісі
Залым ханша айтқан «Белоснежка» ертегісі.
9. «Тауып айт, сен кімсің ? » ойыны Жұппен ойналады. Бір ойыншының арқасына белгілі тұлға аты жазылған парақ ілінеді.
(Саяси қайраткер, жазушы, әдебиет кейіпкері)
Екінші ойыншы ол кім екенін біле отырып,1 ойыншының сұрақтарына жауап береді. Сұрақтар жасырын түрінде болу тиіс. Жауаптары: «Иә», «Жоқ» болу тиіс. Сұрақтардың азы жақсы.