12. «Пікір- талас тілшісі» жаттығуы
Бұл жаттығудың негізі - пікір-талас турниріне қатыспаған оқушылар және қалаған көрермендер тілші қызметін атқарады. Тілшілер жеңген топтың ең жақсы, үздік 5 сәтін жазып көрсетеді. Тілшілердің эсселері көпшілікке жарияланады.
Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығулар
1-жаттығу: Сөйлеушінің сөзін бағалау (шешен, диктор, түсінік беруші)
Жаттықтыру үшін бағалау парағын дайындау керек. (21парақ)
Бағалау негізгі үш шама бойынша беріледі (сөлеудің маңыздылығы, парасаттылығы, мәнерлілігі). Егер сөйлеушінің сөзінде негізгі ой анық берілсе – 3 балл, құнды деректер болса – 3 балл, жаңалықтар енгізілсе – 3 балл. Барлығы 9 балл болып шығады. Егер сөйлеушінің айтқандары орта дәрежеде берілсе – 1-2 балл. Ең жоғарысы- 27 балл, бірақ та шебер шешенге 30 балл қоюға болады.Ең оңайы - теледидардағы сөйлейтіндерді бағалау. Ең алдымен монолог, кейін диалог алу қажет. Диалог тыңдағанда екі сөйлеуші де бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |