Дидактика


«Екі жұлдыз бір тілек» әдісін сипаттаңыз



бет10/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3 «Екі жұлдыз бір тілек» әдісін сипаттаңыз
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
9 билет
1 Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар иновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады; 5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады;
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады;
2 Оқушылардың ұжымдық таным іс-əрекетін педагогикалық ұйымдастыру негіздері
Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-əрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік жəне ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдары, біліктіліктерді жəне дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Оқушылардың өзара əрекеттестігін ұйымдастыру нəтижесінде дəстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен жəне керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқауға болады.
Ұжымдық танымдық іс-əрекеттер белгілі бір дəрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мəнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-əрекеттер оқытудың тəрбиелеу жағынан тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң əсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға жəне барысында жолдастық, достық жəне ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тəжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқу танымдық іс-əрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-əрекеттің, өзіндік жəне біріккен іс-əрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
бірыңғай мақсаттың , жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
ұжымның əрбір мүшесінің білімді, білікті жəне дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
іс-əрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің жəне тəуелділіктің пайда болуы;
бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-əрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
бірыңғай кеңістік болуы жəне ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-əрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы; жалпы нəтижелердің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет