Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру,түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету,саусақ моторикасын дамыту Ойынның мазмұны: Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады Көрнекілігі: Түрлі –түсті гүлдер, көбелектер
«Үлкен-кіші»
Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту Ойынның мазмұны: Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады Көрнекілігі: Ойыншықтар мен жануарлар суреттері
«Қай жануар артық»
Мақсаты: Жасырылған жануарларды табу арқылы тілдерін дамыту. Шарты: Жоғалған жануарлардың атауларын айту, қай жануардың қасында тұрғаның тақтадан көрсету. Көрнекілігі: Жануарлардың, үлестірмелі суреттер.
«Дауысын сал!»
Ойынның мақсаты: құстардың түрлерін және олардың дауыстарын салуды үйрету. Ойынның мазмұны: Құстардың суреттерін таратып береді. Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады. Көрнекіліктер: құстардың суреттері