Мақсаты: Логикалық ойлауды,сөйлеуді, талғамды,байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту Барысы: Өсімдіктер мен жануарлары бар карточкалаар жинағын дайындайды. М/ы: шөп-қоян-қасқыр: шаян-балық-итбалық-ақ аю:шырша бүршігі-тиін-сусар:өсімдік (шырын)-көбелек-бақа-құтан және т.б. Балаларға карточкалар таратылады.(карточкаларды лайықты суреттермен бетперделермен ауыстыруға болады) Көрнекілігі: Өсімдіктер мен жануарлар бейнеленген суреттер
«Апта күндері»
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка