Мақсаты: Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу Барысы: Тәрбиеші суреттер көрсетеді. М/ы: ақшақардың суреті – «Балалар сендердің алдарыңда ақшақардың суреті бейнеленген кәртішкелер бар. Бір қарағанда олардың бәрі бірдей сияқты,бірақ анықтап қарасаңдар оларда өзгешеліктер бар.Осыған байланысты сендерді суреттегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді байқап тез анықтауға шақырамын». Ақшақардың бетінде қандай өзгірістер бар? -екі көзі,бір қызыл мұрыны бар -бастарында ше? -біреуінде шелек,екіншісінде кастрюль -қолдарыңда қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар? -сыпырғыш,күрек,таяқшалар біреуінде оң, ал екіншісінде сол қолдарында -түймелері нешеу? -үш,төрт т/б Көрнекіліктері: Заттық суреттер:ақшақарлар, жиналмалы қуыршақтар,жатпайтын қуыршақтар,көбелектер, аюлар, біркелкі мөлшерде әр түрлі өзгерістерімен
«Бұлар нелер?»
Мақсаты: Әрбір үй жануарларының төлдерінің аттары мен жабайы жануарлардың аттарын үйрету Барысы: Балаларға суреттер көрсету арқылы олардың атауларын, немен қоректенетінін, тіршілігін айту. М/ы: мысық-сүт-үй жануары, қасқыр-ет-жабайы аң т/б Көрнекілігі: Үй және жабайы жануарлар суреттері