Ацикловир
Тобы:Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.
Нуклеозидтердің аналогы
Механизмі:Вирусты тимидинкиназасы бар жұқпаланған жасушаларда ацикловир фосфорланады және ацикловир монофосфатына айналады. Гуанилатциклазаның әсерінен ацикловир монофосфаты дифосфатқа айналады және бірнеше жасушалық ферменттердің ықпалымен трифосфатқа айналады. Вирусқа қарсы жоғары таңдамалы әрекеті мен адам үшін уыттылығының төмендігі ацикловир жұқпаланбаған жасушалар тимидинкиназа ферменттері үшін субстрат еместігіне байланысты, сондықтан оның сүт қоректілер жасушаларына уыттылығы аз.
Фармакологиялық әсері:Ацикловир трифосфаты, ДНҚ вирусы синтезін (репликациясын) үш механизммен тежейді:
1) ДНҚ синтезінде деоксигуанозин үшфосфатын бәсекелестікпен алмастырады;
2) ДНҚ синтездейтін тізбекке "кірігеді" және оның ұзаруын тоқтатады;
3) вирустың ДНҚ-полимераза ферментін бәсеңсітеді.
Нәтижесінде вирустың организмде көбеюі бөгеледі.
Қолданылуы:терінің және шырышты қабықтың жай герпесінде (алғашқы және қайталама)
- генитальді герпесте (алғашқы және қайталама)
- белдемелі теміреткіде (белдемелі герпесте)
- желшешекте (әдеттегідей бөртпе пайда болғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта)
- айқын иммунитет тапшылығы бар науқастарда (оның ішінде трансплантациядан кейін, иммунодепрессивтік дәрілік заттар қабылдағанда, химиятерапия аясындағы АИТВ-жұқтырған пациенттерде)
Жанама әсері
бас ауыруы, бас айналу,
- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы
- қышыну, бөртпе, оның ішінде фото сенсибилизация
- тез шаршау, температураның жоғарылуы
Достарыңызбен бөлісу: |