Бақылау диктант
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ
Шоқан (толық аты — Мұхамед-Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның әкесі Шыңғыс — Абылай ханның шөбересі, Ресей патша әскерінің полковнигі, қазақ сұлтаны. Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып, сурет салуды үйренеді.
Шоқан 1853 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Оның араласқан адамдары Г.П. Потанин, Н.Ф. Аненский, П.П. Се-мёнов-Тяньшанский, Ф.М. Достоевский сияқты көрнекті тұлғалар болды. Уәлиханов Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді. Ғылым академиясы мен Орыс География қоғамы жұмыстарына белсене араласады. Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп, осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді жазып алды. Тарихшы публицист, географ, музыка танушы, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстурін, әдет-ғұрпын, дінін, тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Оның аса маңызды еңбектері: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қыргыздағы шамандық іздер», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері», т.б. Шоқан Уәлиханов Алтынемелдегі Көген-Тоған елді мекеніне жерленген. Оның туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсанында мемориалды кешен салынды. (141 сөз.)
Тапсырма: Жатыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |