Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет6/10
Дата13.05.2020
өлшемі1,38 Mb.
#67939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диктанттар жина ы (9-11 сыныптар шін) растыр ан Кизембева. А

Бақылау диктанты

ТАЗАЛЫҚ

Ішкен тамақтарымызбен бірге асқазан, ішектерімізге микроб түсуі де мүмкін. Олай болса, тамақ дайындағанда, оны ішкенде, тазалық сақтаудың маңызы өте зор.

Тамак ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айнал-дырыңдар.

Шыбын, тарақан, тышқан сияқты жәндіктер де өте қауіпті. Шыбын ұшып жүріп кез келген жерге қонады. Шыбын қоқыс салынған, тамақтың қалдығы жиналған жәшіктер, мал қораларының маңайында жүреді. Шыбын қонған жерлерінен қанатына, бауырына лас микробтарды жұққызады да, екінші бір жерге қонғанда, микробтарды сонда тастап, жүрген жерлерін ластап, ауру туғызады. Шыбын—зиянды жәндік. Сол сияқты — тарақан, тышқандар да шаң-тозаң, лас жиналған жерлерде болады. Олар да аяқтарына жабысқан микробтарды тасымалдаушылар деп есептеледі. Сондықтан үйде шыбын, тарақан, тышқан, түрлі ұсақ жәндіктердің болмауы үшін күрес жүргізіңдер. Үсті-бастарыңды таза ұстап, беті-қолдарыңды уақтылы жуып, үнемі қол орамал ұстап журуді әдетке айналдырыңдар. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс. ("Денсаулық" журналынан.)(135 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет