Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет2/10
Дата13.05.2020
өлшемі1,38 Mb.
#67939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диктанттар жина ы (9-11 сыныптар шін) растыр ан Кизембева. А

Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.

  • Терме диктант. Окушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.

  • Өздік диктант. Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өткен тақырыптарға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, нақыл сөздерді, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет