Түсіндірме диктант
МОМЫШҰЛЫНЫҢ КІТАБЫ
Александр Бектің "Волоколамск тас жолы" кітабы бүкіл дүние жүзінің көп елдерінде басылып шықты. Ол — ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, фин, араб тілдеріне аударылды. Финляндияда, Кубада әскери академияда арнаулы сабак ретінде өтеді.
Подполковник Мұқан Омарбаев Ташкент каласындағы Рахимов станциясының маңында тұрады. Ол екеуміз төрт жыл майданда бірге болдық. Ол — менің сонау соғыстан бері арамыздан қыл өтпеген ескі досымның бірі. Осыдан 2-3 жыл бұрын Ташкентке соқтым. Мұқан елдің хал-жайын сұрап, мәз-мейрам болып қалды.
Бауыржанның халі қалай? — деді ол бір сөздің ретінде. — Көріп жүресің бе?
Көремін. Аман-есен.
Менде Бауыржанның "Москва үшін шайқас" дейтін кітабы бар, — деді подполковник. — Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір оқып қоямын. Ал енді бұл — нагыз ерлік кітабы ғой, шіркін! Сонымен бірге мен оны адалдықтың, арлылықтың, адамгершіліктің, отаншылдықтың жарғысы деп білемін.
Грамматикалық тапсырма: «Адалдықтың, жарғысы, әскери» сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |