Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.
Терме диктант. Окушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.
Өздік диктант. Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өткен тақырыптарға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, нақыл сөздерді, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |