ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша, қазіргі уақытта бүйрек зақымдалуы түрлі жастағы
балалардағы бүйрек қызметінің бұзылуын дамытуда жетекші рӛл атқарады.
Балалардағы бүйрек зақымдалуының дамуына алып келетін себептердің бірі
-
жедел ішектік инфекция кезіндегі жалпы қан айналым бұзылысы. Ерте
диагностиканың жеткіліксіз дамуы себебінен ЖБЗ-ның болуы және ауырлығы
жеткіліксіз бағаланған, және балалар уақытында қажетті емді алмайды. Бұрын
ЖБЗ–нан кейін қалпына келетін науқастардың бүйрек қызметіне қатысты
ешқандай салдары жоқ деп есептеліп келді, бірақ жақында жүргізілген
зерттеулер бұл мүлдем олай емес екенін кӛрсетеді. ЖБЗ
-
мен зардап шегетін
науқастарда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің даму қауіпі жоғары екендігі
анықталды. Осындай пациенттерді анықтау маңызды медициналық міндет
болып табылады, себебі олар үшін нақты кӛмек кӛрсету және қолайсыз
медициналық зардаптардың жиілігін азайту мүмкіндігі бар. Дегенмен,
стандартты бүйрек маркерлері кӛп жағдайда сезімталдығы тӛмен және ЖБЗ
ерте сатыларын анықтауға арнайыланбаған, ол диагностикалау мен емдеу
мүмкіндіктерін шектеп аурудың болжамын ауырлатуы мүмкін.
Бүйректің айтарлықтай функционалды қоры болғандықтан, бүйрек
тінінің кӛп бӛлігі жұмыс атқармайтын жағдайларда сарысулық креатинин
концентрациясы ӛзгермеуі мүмкін. Балалардағы бүйрек функциясын зерттеу
несептің сандық жинау қажеттілігіне байланысты жиі күрделене түседі, бұл жас
пациенттерге, олардың ата-аналарына, медицина қызметкерлеріне бірқатар
қиындықтарды тудырады. Сондықтан қазіргі кезде педиатриялық нефрологияда
бүйректің зақымдалуының жаңа биомаркерлері белсенді түрде іздестірілуде,
олардың арасында жетекші рӛлді цистатин С мен NGAL алады.
Зерттеуге 2015-2018 жылдар аралығында "Қарағанды облыстық балалар
жұқпалы аурулар ауруxанасында" жедел ішек инфекциясы диагнозымен ерте
жастағы балалар бӛлімшесінде стационарлы ем алып жатқан 6 ай мен 3 жас
аралығындағы 94 пациенттер алынды.
Жасқа байланысты барлық зерттеушілер екі топқа бӛлінді. Бірінші топты
1 жасқа дейінгі n =53 балалар құрады, орташа жасы 0,9±0,3 жас. Екінші топқа
1-3 жас аралығындағы балалар жатқызылды n =41, орташа жас 1,86±1,07.
Жынысына байланысты пациенттер екі топқа бӛлінді: қыз балалар n=43,
орташа жасы 1,75 (0,7; 2,9) [Me (min; max)] жас және ұл балалар n=51, орташа
жасы 1,63 (0,6; 3) [Me (min; max)].
Біз цистатин С мен NGAL зәрдегі концентрациясын анықтауды инвазивті
емес әдіс ретінде таңдадық, оларды динамикада ерте жастағы балаларда
анықтауға болады. Клинико-зертханалық кӛрсеткіштердің динамикасын
бағалау үшін биомаркерлер концентрациясын аруханаға түскен кезде және
регидратациялық терапиядан соң 12, 24 сағаттан кейін иммуноферментті анализ
арқылы анықтадық.
Клиникалық кӛріністері бойынша науқастар 3 топқа бӛліп қарастырылды.
Бірінші топты I дәрежелі эксикозы бар 37 бала (39,4%), екінші топты II
64
дәрежелі эксикозы бар 32 (34,1%), үшінші топты III дәрежелі эксикозы бар 25
(26,5%) бала құрады. Биомаркерлердің қалыпты кӛреткіштерін анықтау
мақсатында бақылау тобына 30 дені сау бала алынды. Дегидратация деңгейі
мен диагноз ДДҰ-ң [224] ішектік инфекцияларды диагностикалау мен емдеу
ұсынысының негізінде құрылған ҚР-ң ұлттық клиникалық хаттамасы бойынша
қойылды [54, б. 1-15].
Біздің зерттеуіміздің нәтижелерін ЖІИ бар балаларда цистатин С мен
NGAL зәрдегі концентрациясын анықтау бойынша басқа ұқсас жұмыстармен
салыстыру мүмкін болмады, себебі әдебиеттік шолу жасау барысында біз
мұндай жұмыстарды кездестірмедік.
Корреляциялық талдау нәтижесінде цистатин С мен эксикоз дәрежесі
арасында статистикалық маңызды деңгейі бар тура, түрлі дәрежелі тығыздықты
байланыс анықталды. I дәрежелі эксикозы бар науқастарда тура байланыс
болды, корреляция коэффициенті r=0,518 (p=0,050) құрады, II және III дәрежелі
эксикоз кезінде бұл кӛрсеткіш шамалы жоғары болды, сәйкесінше r=0,739
(p=0,025) және r=0,743 (p=0,015) құрады.
Сонымен қатар біз зерттелген балалардағы цистатин С мен сарысулық
креатинин және цистатин С мен ШФЖ деңгейлерінің корреляциялық талдауын
жүргіздік. Спирменнің параметрлік емес корреляциялық коэффициенті
қолданылды. Цистатин С мен сарысулық креатинин деңгейлерінің арасындағы
корреляциялық талдаудың нәтижесінде тура, статистикалық маңызды байланыс
r=0,503 (p=0,003) деңгейі анықталды. Цистатин С мен ШФЖ деңгейлерінің
корреляциялық талдауы нәтижесінде кері статистикалық маңызды байланыс r =
-
0,694 (p=0,000) байқалды.
Корреляциялық талдау нәтижесінде NGAL мен эксикоз дәрежесі
арасында статистикалық маңызды деңгейі бар тура, түрлі дәрежелі тығыздықты
байланыс анықталды. I дәрежелі эксикозы бар науқастарда тура байланыс
болды, корреляция коэффициенті r=0,625 (p=0,050) құрады, II және III дәрежелі
эксикоз кезінде бұл кӛрсеткіш шамалы жоғары болды, сәйкесінше r=0,756
(p=0,025) және r=0,774 (p=0,015) құрады.
Сондай ақ, біз зерттелген балалардағы NGAL мен сарысулық креатинин
және NGAL мен ШФЖ деңгейлерінің корреляциялық талдауын жүргіздік.
NGAL мен сарысулық креатинин деңгейлерінің арасындағы корреляциялық
талдаудың нәтижесінде тура, статистикалық маңызды байланыс r=0,605
(p=0,001) деңгейі анықталды. NGAL мен ШФЖ деңгейлерінің корреляциялық
талдауы нәтижесінде кері статистикалық маңызды байланыс r =
-
0,710 (p=0,001)
байқалды.
Кӛрсеткіштердің динамикасын бағалау үшін біз биомаркерлерді
терапиядан алдын және 12, 24 сағаттан кейін бақыладық. Ем алғаннан кейінгі
кӛрсеткіштердің жақсарғандығын кӛрсететін, регидратациялы терапияға дейін
және 12, 24 сағаттан кейінгі биомаркерлер бойынша статистикалық маңызды
айырмашылықтар анықталды (Kruskal–Wallis критериі, p<0,005).
Тексеруден ӛткен барлық балалардағы креатинин мен ШФЖ қалыпты
кӛрсеткіштері шамасында болды. Зерттеу нәтижелері қан сарысуындағы
65
креатининмен анықталған ШФЖ қарағанда биомаркерлер бүйрек қызметі
жайлы айқын ақпарат беретіндігін кӛрсетті. Науқастарды регидратациялауға
бағытталған терапия басым жағдайларда бүйрек зақымдалуының алдын алуға,
ал бүйрек зақымдалуы бар науқастарда оның үдеуін болдырмауға мүмкіндік
беруі мүмкін. Біздің зерттеуімізде регидратациялық терапия басталғаннан кейін
12 сағатан соң биомаркерлердің кӛрсеткіштерінің жақсарғандығын байқадық.
Осылайша, цистатин С мен NGAL концентрациясын анықтау эксикоздың
әртүлі дәрежесімен ЖІИ кезінде балалардағы бүйрек функциясының ерте
бұзылысын анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық диагностиканың
заманауи зерттеу әдісі болып табылады. Олардың кӛрсеткіштері қан сарысулық
креатинин бойынша анықталған ШФЖ-на қарағанда жоғарырақ тұрақтылық
пен маңыздылыққа ие.
Біздің зерттеуімізде балалардағы зәрдегі биомаркерлер деңгейін ЖІИ
этиологиясы мен ЖІИ-ның бактериялық қоздырғыштарының құрылымына
тәуелділігін анақтадық. Ішек инфекциясының этиологиялық құрылымы
бойынша: вирусты этиологиялы n=11 (12%), анықталмаған этиологиялы n=32
(34%) және бактериялық этиологиялы инфекциялар n=51 (54%) болды. Біздің
пациенттерде ЖІИ құрылымында бактериялық ішек инфекциялары басым
болды, олардың үлес салмағы 54% құрады. Инвазивті диареясы бар жұқпалы
науқастарда кӛбінесе этиологиясы сальмонеллез болды. Инвазивті диареяның
этиологиялық факторы 51% жағдайда Salmonella штамдары болды; 9% Shigella;
ал 11% жағдайда олар Escherichia coli патогенді штамдары болған, қалған 9%
басқа бактериялар штамдары (Yersinia, Citrobacter, Klebsiella және т.б.) болды.
Биомаркерлердің
жоғарырақ
концентрациясы
ЖІИ-ның
бактериялық
этиологиялы түрінде анықталды.
Біз зерттеуімізде, ЖІИ топикалық диагнозына байланысты зерттеуге
алынған балалардың зәріндегі биомаркерлер концентрациясының мәндері
анықталды. ЖІИ кезінде АІЖ зақымдалу деңгейіне байланысты балалар үш
топқа бӛлінді: гастроэнтерит синдромы бар науқастар бірінші топқа n=31
(33%), гастроэнтероколит синдромы бар балалар екінші топқа n=48 (51%),
үшінші топқа энтероколит синдромы n=15 (16%) бар балалар кірді. Жедел ішек
инфекциясының топикалық диагнозына байланысты NGAL концентрациясы
бойынша
статистикалық
маңызды
айырмашылықтары
екінші
(гастроэнтероколит)
және үшінші (энтероколит) топтардың арасында
анықталды (p<0,005).
NGAL концентрациясының
жоғарғы кӛрсеткіштері ЖІИ-
ның гастроэнтероколитті түрінде байқалды, ал цистатин С кӛрсеткіші бойынша
маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
Жүргізілген регидратациялық терапия түріне байланысты биомаркерлер
деңгейінің динамикадағы ӛзгерісін анықтадық. Алынған регидратациялық
терапияға байланысты науқастар екі топқа бӛлінді.
Бірінші топта эксикоздың I
дәрежесіндегі энтералды регидратациялық терапия қабылдайтын балалар n=40
(43%), ал екінші топта эксикоздың II және III тобындағы регидратациялық
терапияның парентералды түрін қабылдайтын балалар n=54 (57%) болды.
Жүргізілген терапиялардың тиімділігі жағынан айырмашылығы болған жоқ, екі
66
жағдайда да регидратациялық терапияның оң динамикасы байқалды, ол зәрдегі
биомаркерлер деңгейінің динамикада жақсы жаққа қарай ӛзгеруімен
байқалады.
Биомаркерлерді зәрде анықтау қарапайым және инвазивті емес әдіс
екендігін ескере отырып оны бүйрек зақымдалуының даму қауіпі бар
науқастардың диагностикасына қолдануды ұсынуды дұрыс деп санаймыз.
Осылайша, біздің зерттеуіміз, эксикоз дәрежесі неғұрлым жоғары болса,
биомаркерлер концентрациясы соғұрлым жоғары екендігін кӛрсетті. Балаларда
бактериялық
этиологиялы
ЖІИ-да
цистатин
С
мен
NGAL
концентрацияларының вирусты және анықталмаған этиологиялы ішек
инфекциялары кезіндегі аталған диагностикалық тесттің концентрациясымен
салыстырғанда
жоғары
болуы,
оларды
бүйрек
паренхимасының
зақымдалуының биомаркерлері ретінде қолдануға болатындығына куәлік етуі
мүмкін. Цистатин С мен NGAL концентрацияларын анықтау ЖІИ кезінде
балалардағы бүйрек зақымдалуының даму қауіпін анықтауға мүмкіндік берді
және сол арқылы уақытылы ем кӛрсетіп ауру болжамын жақсартуға әсерін
тигізеді.
|