3.2 Жедел ішек инфекциясы бар балалардағы цистатин С және NGAL
биомаркерлері концентрациясының сусыздану дәрежесіне тәуелділігі
Сусызданудың дамуы балалардағы негізгі аурудың ағымын ауырлатушы
фактор ретінде, әсіресе ерте жастағы балаларда кең таралған мәселеге жатады.
Бала ағзасында сұйықтықтың тапшылығына алып келетін себептер әртүрлі.
Сусызданудың дамуның негізгі патогенетикалық механизмдерін білу, бұл
патологиялық жағдайды жылдам әрі тиімді түзетуге септігін тигізеді.
Күнделікті тағаммен бірге дені сау бала жасына, тағамдық әдеттеріне, қоршаған
ортаның ерекшеліктері байланысты 110 ден 140 мл/кг
- ға дейін қабылдайды.
Оған қосымша ішек саңылауына кӛп мӛлшерде асқорыту секреттерінің
құрамына кіретін эндогенді сұйықтықтар: сілекей, ӛт, асқазан, ұйқы безі және
ішектердің сӛлдері түседі. Оның кӛлемі орташа есеппен 70
- 75 мл/кг құрайды.
Сұйықтықтың жалпы кӛлемінен тек шамамен 1
- 2% нәжіспен бӛлінеді, қалған
су ішек саңылауында сіңіріледі. Оның басым бӛлігі (шамамен 90%)
- аш ішекте.
Қалған кӛлемнен тағы 90% тоқ ішекте сіңіріледі, оның ішінде 20
- 50 мл нәжіпен
бӛлінеді.
Адам ағзасындағы судың жалпы кӛлемі орта есеппен дене салмағының
60
- 80% құрайды және жасқа, жынысқа, физиологиялық ерекшеліктерге
байланысты. Судың максимальді кӛлемі нәрестелерде. Есейе келе ол 60% дейін
тӛмендейді. Адам ағзасының су-электролиттік тепе-теңдігі жеткілікті түрде
тұрақты. Ол бірнеше механизмдермен реттеледі, бұл ағзаның су мен
электролиттер дисбалансына алып келетін ӛзгерістерге жылдам әрі тиімді
жауап беруіне ықпал етеді. Қалыпты жағдайда бұл кӛрсеткіштерді бақылау
негізгі екі құрамдас бӛліктермен жүреді: шӛлдеу белгілері және вазопрессин
немесе антидиуретикалық гормонның бӛлінуінің жоғарылауы. Сонымен бірге,
су-электролиттік алмасуды реттеуге ренин-ангиотензин-альдостерон және
симпатикалық жүйке жүйесі, натрийуретикалық пептидтер әсер етеді. Адам
ағзасындағы жалпы су негізгі екі секторлар арасында бӛлінген: жасуша
сыртылық (30
- 40%) және жасуша ішілік. Негізгі жасуша сыртылық иондар
болып натрий, кальций, хлор, бикарбонаттар табылады. Жасуша ішілік су кӛп
мӛлшерде калий, фосфат және магний иондарынан тұрады. Жасушалық
мембраналар бұл тепе-теңдікті бір деңгейде ұстап тұрады, себебі, суды ӛткізгіш
бола тұрып, олар электролиттердің трансмембранды қозғалысына кедергі
жасайды. Осындай жолмен адам ағзасының сұйықтық құрамы ғана емес кӛлемі
де сақталып тұрады.
Су-электролиттік алмасудың бұзылысы сұйықтық жоғалтудың ішкі және
сыртқы себептерінен болуы мүмкін. Сұйықтықтың ішкі орын ауыстыруы оның
құрсақ қуысы, плевра кеңістігінде, ісінулер, ішкі қан кетуде және т.б.
жағдайларда орын алады. Бұл кеңістікке ішкі секвестрация деп аталады. Еске
ұстайтын жайт, сұйықтықтың мұндай орын ауыстыруы және сәйкесінше су