Дильдабекова айнур смадияровна


2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#182966
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
диссертация Дильдабекова А.С.

 


28
МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
2.1
Зерттелген балалардың жалпы сипаттамасы
Бұл диссертациялық жұмыс Қарағанды Мемлекеттік медицина 
университетінің педиатрия және перинатология кафедрасында (кафедра 
меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Абеуова), 
балалар жұқпалы аурулары кафедрасында (кафедра меңгерушісі – медицина 
ғылымдарының докторы, профессор Р.Х. Бегайдарова), "Қарағанды облыстық 
балалар жұқпалы аурулар ауруxанасы" базасында орындалды. 
Зерттеуге 2015
-
2018 жылдар аралығында "Қарағанды облыстық балалар 
жұқпалы аурулар ауруxанасында" жедел ішек инфекциясы диагнозымен ерте 
жастағы балалар бӛлімшесінде стационарлы ем алып жатқан 6 ай мен 3 жас 
аралығындағы 94 пациент алынды. Зерттеу басталғанға дейін барлық 
пациенттер және олардың заңды ӛкілдері (анасы, әкесі, асырап алушысы, 
қамқоршысы) оның мақсаты мен міндеттерімен ақпараттандырылды және 
олардың зерттеуге қатысуға жазбаша ерікті келісімдері алынды. 
Зерттеуге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жергілікті 
этика комитетінен келісім алынды.
Зерттеуге қосылу критерилері: зерттеуге қатысуға келісімі, жасы 3 жастан 
кіші болуы, сусызданудың түрлі дәрежесімен жедел ішек инфекциясының 
болуы. 
Зерттеуге қатысудан шеттету критерилері: зерттеуге қатысудан бас тарту, 
пациенттердің 3 жастан жоғары болуы, зәр шығару мүшелерінің және басқа 
жүйелер жағынан қосалқы созылмалы патологиясының болуы. 
Барлық қатысушыларға кешенді зерттеу жүргізілді, соның ішінде толық 
анамнез жинау, объективті қарау, арнайы құрастырылған ауру тариxына 
нәтижелерді енгізу арқылы зертаналық және визуализация зерттеу әдістері. 
Анамнез жинау барысында кӛңіл аударған жайттар: аурудың бастапқы 
белгілері (аурудың басталуы сұйық нәжістен немесе құсудан басталуы); 
аурудың ұзақтығы және диареяның госпитализацияға дейінгі неше тәулікке 
жалғасуы; сұйық нәжістің ұзақтығы, құсудың ұзақтығы; нәжістегі қанның 
болуы; жоғары қызбаның болуы (дене температурасның 39˚С жоғары болуы); 
ұжымдық немесе отбасылық ЖІИ мүмкіндігі; баланың ұйымдасқан мекемеге 
баруы.
Жалпы қарауды жүргізуде бағаланған және тіркелген белгілер: сұйық 
нәжіс пен құсудың жиілігі, қызбаның болуы, гемоколит белгілері, қарау кезінде 
анықталған нәжістегі қанның болуы; сусыздану белгілерінің болуы мен 
олардың айқындылығы және жалпы милық және гемодинамикалық 
бұзылыстардың болуы. 
Барлық науқастарға стандартты параклиникалық диагностика жүргізілді: 
жалпы қан талдауы; жалпы зәр талдауы; копроцитология; нәжісті құрттар мен 
қарапайымдарға микроскопиялық зерттеу. Қойылған мақсат пен тапсырмаларға 
байланысты пациенттердің бірқатарында электролиттер кеңгейін анықтаумен 
қатар қанның қышқыл-сілтілік ортасын, қанның биохимиялық кӛрсеткіштерін: 


29
бауырдың функционалды сынамалырын, глюкоза, мочевина, креатинин, С 
реактивті ақуызды және т.б. 
ЖІИ этиологиялық құрылымын анықтау үшін госпитализацияның бірінші 
тәулігінде патогенді ішек микрофлорасына (Salmonella spp., Shigella spp., 
диареягенді E.coli)
 
және шартты-патогенді флораға нәжістің бактериологиялық 
зерттеуі жүргізілді. 
Қажет болғанда, қосымша патологияны жоққа шығару үшін 
инструменталды зерттеу әдістері пайдаланылды: құрсақ қуысы мүшелерінің 
ультра дыбыстық зерттеуі, кеуде торының мүшелерінің рентгенографиясы, 
электрокардиографиялық тексеріс.
Қолданылған диагностикалық кешен жоғары дәрежелі объективтілікпен 
пациенттердің жағдайын бағалауға мүмкіндік берді. Науқастар ауруxанаға 
негізінен аурудың басталуынан 2-3 күнінде түсті. Науқастардың түскен кездегі 
негізгі шағымдары келесідей болды: диарея, құсу, лоқсу, әлсіздік, дене 
қызуының кӛтерілу эпизодтары, ауырсыну синдромы, тәбеттің тӛмендеуі.
Жедел ішек инфекциясымен түскен науқастардың стационарға түскендегі
шағымдарының жиілігі бала жасына тәуелділігі 3 кестеде кӛрсетілген. 
Кесте 3 – Жедел ішек инфекциясымен стационарға түскен науқастардың бала 
жасына байланысты түскендегі шағымдары 
Шағымдары 
6 айдан 1 жасқа дейін 
1 жастан 3 жасқа дейін 
абс. 

абс. 

Дене қызуының 
жоғарылауы 
51 
96 
38 
93 
37–37,9 °С 

11 

10 
38–38,9 °С 
29 
55 
30 
73 
> 39 °С 
16 
30 

10 
Құсу 
47 
89 
35 
85 
Тәулігіне 5 ретке дейін 
28 
53 
27 
66 
5 реттен жоғары 
19 
36 

19 
Әлсіздік 
53 
100 
41 
100 
Тәбетінің тӛмендеуі 
53 
100 
41 
100 
Дәретінің жиілеуі 
53 
100 
41 
100 
Тәулігіне 5 ретке дейін 
16 
30,2 
15 
36,5 
5 реттен жоғары 
37 
69,8 
26 
63,5 
Ауырсыну синдромы 
42 
79,2 
35 
85,3 


30
Диареялық синдром жиілігі бақылауға алынған науқастарда 6-10 ретке 
дейін, ұзақтығы орташа шамамен 5-7 тәулік, оның үстіне науқастардың 90% 
метеоризм белгілері байқалды. 88% науқастарда кӛп ретті құсу белгілері, 3 
күнге дейінгі ұзақтыққа сақталған құсу 85% науқастарда, іш ауырсыну 
кӛріністері 
82% 
науқастарда 
анықталды. 
Ішек 
инфекциясының 
гастроэнтериттік түрі жиі кездесті - 51% балаларда, сирегірек гастроэнтерит 
синдромы - 33% және энтероколит синдромы - 16% пациенттерде байқалды.
Түскен науқастардың кӛбісін (53) - 1 жасқа толмаған балалар құрады, 
қалған бӛлігін бір жастан үш жасқа дейінгі балалар құрады. Аналардың 
анамнездерін талдай келе бұрын болған түсіктер, ӛлі туылулар, дамудың туа 
біткен ақаулары бар балалардың туылуы анамнезде анықталмады, жүктіліктің 
гестозы 45 әйелде болғандығы анықталды.
82 науқаста сырқат аурыланған преморбидты фонда ӛтті. Ең жиі 
кездескені теміртапшылықты анемияның жеңіл және орташа дәржесі 51 балада, 
орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуы 34 науқаста анықталды, 23 
науқаста тамақтанудың созылмалы бұзылыстары (ақуыздық-энергетикалық 
жеткіліксіздік, паратрофия) белгілері анықталды, 12 науқаста ауырланған 
аллергологиялық анамнез (экссудативті катаральді диатез, атопиялық 
дерматит). 
Ӛмір анамнезіндегі басынан ӛткен аурулар: тыныс жолдарының вирусты 
инфекциялары 85 пациентте, бронxит және пневмониямен асқынған жағдай 19 
балада, баспалар 13 науқастарда, нәрестелік кезеңдегі созылмалы сарғаю 12, 
жедел ішек инфекциялары 12 балада, желшешек 8, лактазалық жетіспеушілік 6, 
атопиялық дерматит 9 балада орын алған. Госпитализацияланған 32 бала жиі 
ауыратындардын тобынан болды (жылына 4 реттен жиі).
Есепте тұрған балалар: орталық жүйке жүйесінің перинатальды 
зақымдалуына байланысты невропатолог бақылауында 34 тұрды. 
Тамақтану анамнезін талдай келе, аурудың барлық түрлерінде 6 айға 
дейін табиғи тамақтанған балалар - 66. Қолайсыз жағдайдың бірі 28 баланың 
туыла салысымен жасанды тамақтану қабылдағаны болды.
Бақыланған балалар базисті терапия қабылдады - диета: лактозсыз және 
тӛмен лактозды қоспалар, 
сусызданудың дәрежесіне байланысты науқастар 
балалар жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу бағдарламасы бойынша 
оральды регидратациялық терапия мен парентеральді регидратациялық терапия 
жүргізілді, энтеросорбенттер, ферменттер тағайындалды. Емнің тиімділігі 
интоксикация синдромын басу мен нәжістің консистенциясы мен жиілігін 
қалпына келтірумен, метеоризм және құсудың басылуымен бағаланды.
Пероральді регидратацияға қажетті сұйықтық кӛлемі ДДҰ соңғы 
ұсынысы бойынша бала жасы мен дене салмағына байланысты (Diarrhea 
Treatment Guildenes) жүргізілді. Ана сүтімен тамақтанатын балалар алғашқы 4-6 
сағатта дене салмағына есептегенде 50-100 мл/кг тең сұйықтық қабылдады, 
содан соң әр сұйық нәжістен кейін 10 мл/кг сұйықтық алды. 1 жастан 3 жасқа 
дейінгі балалар –50 мл/кг дене салмағына сәйкес кӛлем, кейін 10 мл/кг әр сұйық 
нәжістен кейін қабылдады. Регидратациялық терапия кӛлемін есептеу кезінде 


31
сонымен қатар баланың дене салмағына байланысты сұйықтықтың 
физиологиялық қажеттілігі ескерілді. Сұйықтықтың негізгі қажеттілігі дене 
салмағы 10 кг дейін болғанда 100 мл/кг құрайды; 10-20 кг – 1500 мл + 20 мл 
әрбір артық 10 кг-ға; 20 кг артық болғанда – 1500 мл + 20 мл/кг артық 20 кг 
дене салмағына есептелді. Оральді регидратациялық терапияны жүргізу (дене 
салмағының тапшылығын жоюға арналған) әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес 
6 сағатта жүргізіледі. Қажетті сұйықтық кӛлемін есептеу үшін 1 кезеңге 
ұсынылған формула осы аралықта жалғасқан патологиялық жоғалтуларды 
есепке алмайды. ДДҰ бірінші кезеңді 4 сағатқа қысқартуды ұсынады және 
формулаға 
мүмкін 
болатын 
патологиялық 
жоғалтуларға 
қосымша 
коэффициентті қосуды ұсынады.
Зерттелген балалардың демографиялық кӛрсеткіштері 4 кестеде берілген. 
Кесте 4 – Науқастардың негізгі демографиялық кӛрсеткіштері
Кӛрсеткіштер 
Маңызы 
Бақылау тобы 
n=94 
Жыныс 
Қыздар 
Ұлдар 
n= 43 
n = 51 
n=30 
n=13 
n=17 
Жасы, жыл 
Me (min; max) 
0,9 (0,6; 3,00) 
0,11 (0,6; 2,09) 
Жыныстық ерекшелігіне байланысты барлық науқастар екі топқа 
бӛлінген: қыз балалар (n =43), орташа жасы 1,75 (0,7; 2,9) [Me (min; max)], және 
ұл балалар (n =51) 1,63 (0,6; 3) [Me (min; max)]. 
Зерттеу жүргізу барысында қан сарысуындағы биомаркерлерге 
байланысты барлық зертелушілер екі топқа бӛлінді. Бірінші топқа 1 жасқа 
дейінгі балалар (n =53), орташа жасы 0,9±0,3. Бұл топтағы 1 жасқа дейінгі 
балалар n =53, қыздар мен ұлдар саны сәйкесінше 24 және 29 болды. Екінші 
топқа 1-3 жас аралығындағы балалар жатқызылды (n =41), орташа жасы 
1,86±1,07 (кесте 5). 
Кесте 5 – Жасына байланысты науқастардың негізгі демографиялық 
кӛрсеткіштері 
Кӛрсеткіштер 
Жасы 
0-1 жас (n =53) 
1-3 жас (n =41) 
Жынысы 
Қыз балалар 
Ұл балалар 
n =29
(31%)*
n =24
(26%)*
n =5
(19%)*
n =23
(24%)* 
Жасы, жыл (М±о)
0,9±0,3
1,86±1,07
* жалпы науқастар санынан алғанда 


32
Қойылған мақсатқа жету жолында зерттеу барысында пациенттерді келесі 
топтарға бӛлу туралы шешім қабылданды, балалардағы ЖІИ эксикоз 
дәрежесіне байланысты: 

эксикоздың I дәрежесімен пациенттер; 

эксикоздың II дәрежесімен пациенттер; 

эксикоздың III дәрежесімен пациенттер. 
Кесте 6 – Балалардағы ЖІИ эксикоз дәрежесіне байланысты науқастар тобы 
Топтар 
Науқастар саны 
абс 

Эксикоз I 
37 
39,4% 
Эксикоз II 
32 
34,1% 
Эксикоз III 
25 
26,5% 
Бақылау 
30 
ЖІИ этиологиялық құрылымына байланысты науқастар келесі топтарға 
бӛлінді: 
– вирусты этиология; 
– анықталмаған этиологиялы;
– бактериялық этиологиялы. 
Кесте 7 – Этиологиялық құрылымына байланысты науқастар тобы 
Топтар 
Науқастар саны 
абс 

Вирусты этиология 
11 
12 
Анықталмаған этиологиялы 
32 
34 
Бактериялық этиологиялы 
51 
54 
Бақылау 
30 
ЖІИ топикалық диагнозына байланысты науқастар келесі топтраға 
бӛлінді: 
– гаcтроэнтерит; 
– гастроэнтероколит; 
– энтероколит. 
Кесте 8 – ЖІИ топикалық диагнозына байланысты науқастар тобы 
Топтар 
Науқастар саны 
абс 

Гаcтроэнтерит 
31 
33 
Гастроэнтероколит 
48 
51 
Энтероколит 
15 
16 
Бақылау 
30 


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет