Дильдабекова айнур смадияровна


Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#182966
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
диссертация Дильдабекова А.С.

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер: 
1) цистатин С мен NGAL
-
дың зәрдегі деңгейін анықтау ЖІИ бар ерте 
жастағы балаларда жедел бүйрек зақымдалуының клиникалық кӛріністеріне 
дейінгі кезеңдерде диагностикалық және болжамдық маңызға ие; 
2) цистатин С мен NGAL сарысулық креатининмен салыстырғанда 
бүйрек қызметінің бұзылысын тиімдірек кӛрсетеді, ол бүйректің ерте 
зақымдалуын уақытылы диагностикалауға мүмкіндік береді, ал креатининнің 
жоғарылауы ренальді дисфункциялардың ауыр сатыларын кӛрсетеді;
3) жалпы қабылданған және заманауи бүйрек зақымдалуының 
биомаркерлері бүйрек зақымдалуын аурудың бастапқы кезеңдерінде, тіпті 
клиникалық белгілері болмаған жағдайларда бағалауға мүмкіндік береді, ол ӛз 
кезегінде науқастарды жүргізу тактикасын дұрыс таңдауға қосымша мүмкіндік 
туғызады. 
Зерттеу нәтижелерін енгізу
Зерттеу нәтижелері Қарағанды облыстық балалар жұқпалы аурулар 
ауруханасының бӛлімшелері жұмысына енгізілді. Сонымен қатар зерттеудің 
нәтижелері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің педиатрия және 
перинатология кафедрасының оқу материалдарына енгізілді. 
Жұмыс апробациясы
Диссертацияның 
негізгі 
қағидалары 
ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларында: «Актуальные проблемы инфекционной патологии у детей» 
посвященной к 90-летию Научно-исследовательского института детских инфекций 
(1–3 наурыз 2017 жыл, Санкт Петербург қаласы), «Ғылым әлемі және жастар: 
дамудың бағыты мен жаңа мүмкіндіктері» Жас ғалымдардың халықаралық 
конференцияның материалдары (12 сәуір 2017 жыл, Карағанды қаласы), II 
жалпы 
Ресейлік 
халықаралық 
қатысумен 
ғылыми-тәжірибелік 


8
конференциясында «Фундаментальные и прикладные исследования в педиатрии 
и детской хирургии» (2017, Мәскеу қаласы), «Ғылым әлемі және жастар: 
қарқынды ӛзгеру эрасы» Жас ғалымдардың халықаралық конференцияның 
материалдары (28 сәуір 2018 жыл, Қарағанды қаласы) мәлімделген.
Мақалалар
Диссертациялық жұмыстың материалдарынан 12 ғылыми жұмыс жарық 
кӛрді, оның ішінде 4 мақала ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты білім 
және ғылым саласын қадағалау және аттестаттау комитетінде; 2 авторлық 
құқығы бар мемлекеттік тіркеу № 0567 куәлігі 27 ақпан 2018 жылы; № 2599 
куәлігі 9 тамыз 2018 жылы; 1 мақала – Scopus ақпараттық индексирленген 
базасында; Ресей Федерациясының жоғары аттестациялық комиссиясы ұсынған 
және РҒДИ нӛлдік емес импакт-факторы бар Ресейдің ғылыми 
жарияланымдарында 1 баспа;
4 мақала ғылыми конференцияларда оқылып 
талқыланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет