6
Цистатин С мен NGAL – бүйрек қызметінің сақталып тұруының сенімді
индикаторлары, креатининмен салыстырғанда сезімтал болып табылады, ӛз
кезегінде оларды жедел бүйрек зақымдалуының тиімді диагностикалық
критериі ретінде санауға мүмкіндік береді [21
-
26].
Бұл маркерлерді болашақта қолдануды бағалау және педиатриялық
тәжірибеде берілген диагностикалық тестті қолданысқа кең ауқымда енгізу
үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет [27].
Қолжетімді әдебиеттерде
балалардағы ЖІИ кезінде, ЖІИ преренальді ЖБЗ-ның дамуының себептерінің
бірі болып табылатын жағдайларда бүйрек зақымдалуының ерте белгілерін
диагностикалауда цистатин С мен NGAL анықтау туралы жұмыстар
табылмады.
Жоғарыда айтылғандар бұл жұмыстың маңыздылығын кӛрсетеді, ол ерте
жастағы
балаларда
бүйректің
зақымдалуының
жаңа
маркерлерінің
диагностикалық
құндылығын зерттеуге, ЖІИ бар балаларда преренальді ЖБЗ
ерте кезеңдерін анықтауға, олардың болашақта клиникада қолданысқа енуін
бағалауға және оларды зерттеу кешеніне қосуға арналған, ол ӛз кезегінде ерте
диагностикаға, терапияны оптимизациялауға және алдын алу шараларының
тиімділігін
арттыруға, аурудың ағымының ерекшелігіне байланысты және
пайдаланылатын
дәрілік
заттардың
қолайсыз
әсерлерінен
дамитын
асқыныстардың алдын алуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: