7
Жүргізілген зерттеу жұмысы цистатин С мен NGAL–ды
ЖІИ кезінде
преренальді жедел бүйрек зақымдалуының даму қаупінің ерте маркері ретінде
қолдану мүмкіндігін дәлелдейді.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы зәрдегі цистатин С мен NGAL
-
бүйрек қызметінің маркерлері ретінде және бүйрек паренхимасының зақымдалу
қауіпін анықтауда, әсіресе ерте жастағы
балаларда ерекше маңызды, себебі
зәрді сандық жинауды қажет етпейді, ол кішкентай пациенттер үшін де,
олардың ата-аналары мен медицина қызметкерлеріне де қиындық туғызбайды.
Зертханалық тәжірибе диагностикасына цистатин С мен NGAL–ды енгізу
пациенттерде жедел бүйрек зақымдалуының даму
қауіпін ерте кезеңдерде
уақытылы анықтауға, бүйрек қызметінің бұзылыстарын мониторлауға
мүмкіндік береді, ол преренальді ЖБЗ
-
ның ерте
кезеңдерінің алдын алудың
тиімділігін арттырады, сол арқылы емге жұмсалатын шығындарды азайтып,
науқастардың ӛмір сүру сапасын жақсартады.
Басқа да биохимиялық және
клиникалық мәліметтермен және бағалау шкалаларымен қатар емнің
тиімділігін бағалауға және аурудың соңдарын болжау үшін оларды ЖБЗ-ның
кешенді диагностика хаттамаларына енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: