Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
Автореферат диссертацияның құрылысына толық сәйкес, мазмұны
дәлелді тұжырымдалған.
Диссертация мазмұнындағы және ресімделуіндегі кемшіліктер.
М.С.Баймаханованың зерттеу еңбегінің теориялық және практикалық
жақтарына жоғары баға бере келіп, кейбір кемшіліктерін атап, мынадай талап-тілектер айтқымыз келеді:
176
Диссертант жоғарыда атап өткеніміздей, екінші тараудың 2.1 тармағында Абай мен Шәкәрім шығармаларына тән ортақ танымдық арналарға негіз болған концептілердің жүйесін 1) жеке тұлғаның өмірді қабылдау сезім-түйсіктеріне орай метафизикалық, эмоционалды концептілер жүйесі; 2) қарама-қарсының бірлігі арқылы танылатын контрасты концептілер жүйесі; 3) рухани құндылықтар концептісі деген үш топқа бөліп қарастырады. (61-6.) Әрі қарайғы тармақтарда өмір/өлім, тағдыр, иман, махаббат концептілерінің тілдік-танымдық көріністерін сипаттайды. Осы аталған концептілерді жоғарыдағы үшке бөлген концептілер жүйесінің қайсысына қатысты екендігін атап, бөліп, жіктеп көрсетсе, аталған бөлініс кілт үзіліп қалмай, толық ашылар еді.
Диссертацияның өн бойында талданған концептілер жүйесін жұмыстың соңына қосымша ретінде бергенде, оқырманға тезаурустық сипатта құрылған концептілерді жүйелеп түсінуге де жеңілірек болар еді, әрі жұмыстың салмағы бұдан да арта түсер еді.
|