Диплом алды іс-тәжірибені Шымкент қаласы, №80 мектеп-лицейде 11. 03. 2019-12. 04. 2019 күндері аралығында өткіздім



бет1/9
Дата11.04.2020
өлшемі350 Kb.
#62228
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Отчет
Отчет, Отчет, Отчет, Отчет, Отчет




Кіріспе
Мен диплом алды іс-тәжірибені Шымкент қаласы, №80 мектеп–лицейде 11.03.2019-12.04.2019 күндері аралығында өткіздім.

Болашақ мұғалім оқу үдерісінде оқушыларды ақпараттық-компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ететін және ақпараттық технологиялар құралдары негізінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу идеологиясын жүргізетін негізгі тұлға болып табылады. Информатика курсын мектептің бастауыш сыныптарына енгізу және информатика курсындағы ақпараттық технологияны пайдалануды байланыстыру бастауыш сынып мұғалімдері дайындығының ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу саласынан білім, білік, дағдыларына ерекше талап қояды. Болашақ мұғалім оқу үдерісінде оқушыларды ақпараттық-компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ететін және ақпараттық технологиялар құралдары негізінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу идеологиясын жүргізетін негізгі тұлға болып табылады.



Зерттеу жұмысының тақырыбы: Болашақ информатика мұғалімдеріне математикалық модельдеуді MathCad компьютерлік жүйеcін пайдаланып оқыту.

Зерттеу жұмысының мақсаты: болашақ информатика мамандарына математикалық модельдеуді оқытудың ғылыми-әдістемелік негізедерін зерттеп, компьютерлік математика жүйелерін пайдаланып оқыту әдістемесін жасау.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • модельдеуді оқытудың теориялық аспектілері;

  • компьютерлік математика жүйелерінің ерекшеліктері;

  • Mathcad компьютерлік математика жүйесін пайдаланып түрлі салаларда модельдеуді оқыту;

  • жасалған әдістемені оқу процесінде қолдану.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Болашақ информатика мамандарына информатика пәндер жүйесін оқытуда жүйелі ақпараттық білімді пәннің теориялық және қолданбалы аспектілерін ұштастырғанда ғана терең де берік қалыптастыруға болады. Қазіргі кезде өмірдегі көптеген мәселелерді шешу практикалық және теориялық жүйелеу амалдарынсыз, оның ішінде ақпараттық модельдеусіз мүмкін емес. Солардың ішінде ғылыми зерттеудің жаңа әдісі ретінде компьютерлік және математикалық модельдеу болашақ информатика студенттері үшін аса қажетті болып табылады. Кейбір нақты құбылыстар мен жүйелерді қарапайым модельдеу арқылы зерттеуге болады, бірақ құбылыстар күрделі болса, онда нақты шындыққа жуық модель құру қажет. Болашақ информатика мамандарын модельдеуге оқыту қажеттігі келесі негізгі факторлармен, яғни модельдеу әдістері мен модельдері экономикалық, физикалық, биологиялық, химиялық және т.б.адам қызметі салаларының көптеген мәселелерін шешуде қолданылатыны. Болашақ маманның бойында кәсіби құзырлылықты қалыптастыру, яғни модельдеу бойынша олардың білімдерін нақты өмірде қолдана білу қабілеттілігі қазіргі замандық білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Сонымен, информатика мамандарына модельдеуді компьютерлік математика жүйелерін пайдаланып оқыту тиімділігін арттыру әдістемесін жасау қажеттілігінен зерттеу жұмысының көкейтестілігі айқын көрінеді.

Зерттеу объектісі: программалық тәсілмен және Mathcad жүйесінің көмегімен болашақ информатика мамандарына математикалық модельдеуді оқыту болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы: Жұмыста Болашақ информатика мұғалімдеріне математикалық модельдеуді MathCad компьютерлік жүйеcін пайдаланып оқыту мәселесі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Зерттеу жұмысы нәтижесінде компьютерлік математика жүйесін пайдаланып математикалық модельдеуді оқытудың жаңа әдістемесі жасалған. Жасалған әдістемені «Компьтерлік және математикалық модельдеу» пәнін оқытуда кеңінен қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Модель (Model, simulator) – қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мысалы, процессордың жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап – оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы [1].

Модельдеу (Моделирование; simulation) – кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін жасау және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Модель төрт деңгейде түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: элементтер деңгейінде, құрылым дейгейінде, қалып-күй немесе қызметтік деңгейінде, нәтижелер дейгейінде. Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады. «Модель» түсінігі кибернетикада бақыланатын объектілер класын сипаттайтын теорияның моделін белгілеуде жиі қолданылады. Демек, кибернетикада берілген нақты объектінің моделі осы объект туралы теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу – бұл да оқып үйренетін объекті теориясының модельденуі.


1 Диплом алды іс–тәжірибенің мазмұны
11.03.2019-12.03.2019. Мен диплом алды іс-тәжірибені Шымкент қаласы, №80 мектеп–лицейде өткіздім. Ic-тәжірибе кезінде өзімнің диплом жұмысыммен айналыстым. Бұл күндері модельдеуді оқытудың теориялық аспектілерін зерттедім.

Модель дегеніміз не өзі? Ойыншық кеме мен компьютер экранындағы қатаң математикалық абстракцияны бейнелейтін сурет арасында қандай ұқсастық бар? Дегенмен, ұқсастық бар: екі жағдайда да біз нақты обьектінің немесе құбылыстың бейнесіне белгілі дәрежеде шынайы немесе түгел дерлік көшірмеленген «түп-нұсқаның» «орынбасарына» тап боламыз. Былайша айтқанда, модель обьектін нақты пішінінен басқашалау болып шығады. Табиғат туралы, қоғам туралы ғылымдардың барлығында дерлік модельдерді құрастыру мен қолдану дегеніміз-танудың күшті құралы. Нақты обьектілер мен процесстер соншалықты көп қырлы және күрделі болады, оларды зерттеудің ең жақсы әдісі-нақтылықтың бір қырын ғана бейнелейтін (сондықтан бұл нақтылықтан неғұрлым қарапайым) модельді құру және зерттеу. Ғылымның көп ғасырлық тәжірибесі бұл амалдың жемістілігін іс жүзінде дәлелдеді.



13.03.2019-15.03.2019. Бұл күндері модельдеуді оқытудың теориялық аспектілерін зерттеуді жалғастырдым. Болашақ мұғалімдерде қалыптасатын іс-әрекеттердің мынадай негізгі түрлері бар:

1) анализдеу-синтездеу іс-әрекеті. Бұл іс-әрекетке пән оқулықтары мен электронды оқулықтардағы оқу материалын логикалық тұрғыдан талдау, оқулық әдебиеттерді әдістемелік түрғыдан талдау. Талдау нәтижесі мұғалімге оқу материалын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

2) Жоспарлау және құрастыру. Оған оқу материалын тақырыптық және күнтізбелік жоспарлау, сабақты жоспарлау (сабақтың, факультативтің толық конспектісін, жоспарын жасау).

3) Оқу үдерісінде білімгерлердің іс-әрекетін сабақтың әртүрлі кезеңінде ұйымдастыру және оны басқару. Бұл іс-әрекетке оқушыларды сабақтағы әртүрлі іс-әрекетке: оқулық пен ғылыми-көпшілік әдебиетті оқуға, әртүрлі бағдарламаларды құруға, сабақта және үйде әртүрлі оқу материалдарымен өзбетімен жұмыс істеуге, реферат дайындауға, қалыптан тыс бағдарламалар құруға, баяндамалар дайындауға және т.б. саналы көзқарасты ұйымдастыру.

18.03.2019-20.03.2019. күндері Mathcad компьютерлік математика жүйеcінің ерекшеліктерін зерттеумен айналыстым. Компьютерлік техника мен программалық жабдықтаудың дамуына қарай техникалық ғылымдар, экономика және қызмет ететін өзге де салаларды қолданбалы есептерді шешуде әмбебап түрдегі программалық компьютерлік жүйелер кеңінен қолданылуда. Бұл жүйелермен жұмыс жасай білу шектік нәтиже алуды жеңілтеді. Инженерлік және математикалық есептеулерді жүргізетін программалар пакетінің бірі Mathcad пакеті болып табылады. Mathcad түрлі математикалық есептеулерді орындауға бағытталған автоматтандырылған жүйе болып табылады. Берілген программалық компьютерлік жүйе сенімділігімен ерекшеленеді және барлық функционалдық мүмкіндіктерге ие.

25.03.2019-26.03.2019. күндері Mathcad компьютерлік математика жүйеcінің ерекшеліктерін зерттеуді жалғастырдым. Mathcad компьютерлік алгебраның жүйелеріне яғни, математикалық есептеулерді автоматтандыру құралдарына жатады. Бағдарламалық қамсыздандырудың бұл тобында бағыты және тұрғызу принципі жағынан әртүрлі көптеген ұқсас бағдарламалар бар. Mathcad әдетте, Maple, Mathematica, MATLAB сонымен қатар, осыларға ұқсас MuPAD, Scilab, Maxima және т.б. бағдарламалық кешендермен жиі салыстырылады. Mathcad – бұл математикалық және инженерлік есептеулер үшін қосымша, есептерді жүргізудің, таратудың және сақтаудың өндірістік стандарты болып табылады. Mathcad – САПР, PDM және PLM жүйелерін жасаудың әлемдік лидері – PTC компаниясының өнімі болып табылады. Mathcad әмбебап жүйе, яғни ғылым мен техниканың математикалық әдістерді қолданатын кез келген саласында пайдалануға болады.

27.03.2019-29.03.2019. күндері Mathcad компьютерлік математика жүйеcінің ерекшеліктерін зерттеуді жалғастырдым. Mathcad құжаттары есептеулерді стандартты математикалық тілге өте ұқсас түрде көрсетеді, сол себептен есептің қойылуы мен оның шешілуі жеңілдей түседі. Mathcad мәтіндік және символдық редакторларды, есептеуішті, ғылыми және іскерлік графиканың құралдарын, сонымен қатар математикалық әрі инженерлік анықтамалық ақпараттың үлкен қорын қамтиды. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызатын мықты құралдар қолданудың қарапайымдылығы мен мәліметтерді визуалдаудың және есептерді дайындаудың эффектілік әдістерін қамтиды. Mathcad-тың есептеуіш құралдары сандық әдістер және аналитикалық түрлендіруден бастап, қиын математикалық өрнектер бойынша есептеулерді қамтамасыз етеді. Mathcad кірістірілген математикалық функциялардың үлкен жиынтығына ие, қатарларды, суммаларды, туындыларды, интегралдарды шығаруға, кешенді сандармен жұмыс істеуге, сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді, сондай-ақ, дифференциалдық теңдеулерді және жүйелерді шешуге мүмкіндік береді.

01.04.2019-02.04.2019. күндері физикалық және экономикалық есептерді модельдеу мен оларды Mathcad ортасын, бағдарламалау тілдерін қолданып шешу ерекшіліктерін зерттедім. Mathcad компьютерлік математика жүйесі тек қана күрделі математикалық, ғылыми-техникалық есептеулерді ғана орындап қоймай, сонымен бір қатарда, математикалық модельдеу, компьютерлік графика салаларында да кеңінен пайдаланыла бастады. Осы мүмкіндікті нақты мысалда қарастырамыз. Эластикалық күштен басқа күштер де денені тербелуге мәжбүрлейді. Мәселен, математикалық маятник эластикалық күшпен бірге ауырлық күшінің әсерінде тербелмелі қозғалыс жасайды. Өлшемдері жіптің ұзындығынан өте кіші, массасы жіптің массасынан өте үлкен дене математикалық маятник деп аталады. Математикалық маятникте денені материялық нүкте, жіпті салмақсыз, созылмайтын деп қарастырады.

03.04.2019-05.04.2019. күндері физикалық және экономикалық есептерді модельдеу мен оларды Mathcad ортасын, бағдарламалау тілдерін қолданып шешу ерекшіліктерін зерттеуді жалғастырдым.

Mathcad-та 700-ден астам функциялар бар. Құрамдас функциялар функция атымен белгіленеді, дөңгелек жақшаларға алынған бір немесе бірнеше операндтары болады. Функциялардың операндтары аргументтер деп аталады және әрбір аргумент өрнекпен анықталады. Функция нәтижесі функция әрекетін аргументтерге қолданудан есептеледі. Құрамдас функциялар келесі категорияларға топтастырылған: Бессель функциялары, Фурье түрлендіруі, Кездейсоқ сандар, Комплекс сандар, Графиктер тұрғызу, Сигналдарды өңдеу, Шартты тармақтау, Гиперболалық, Мәліметтер талдауы, Интерполяция және болжау, Статистика, Дифференциал теңдеу шешу, Қаржылық, Тригонометриялық, Логарифмдер мен экспоненттер, Векторлар мен матрицалар және басқалар.



15.04.2019-16.04.2019. күндері MathCad компьютерлік жүйеcінде есептер шешуге бағдарлама құрумен айналыстым. Математикалық маятниктің тербеліс есебінің, яғни теңдеудің сәйкес бастапқы шарттардағы Mathcad ортасындағы шешімі төменде келтірілген.

Есепті Mathcad ортасында шешу бағдарламасы



Given

  = u( t )

 u( t ) = - 9* ( t ))

( 0 ) = 0.1

u ( 0 ) = 0



 : = odesolve 

17.04.2019-19.04.2019. күндері MathCad компьютерлік жүйеcінде есептер шешуге бағдарлама құрумен айналыстым. Жай қарапайым мысал ретінде заттың жер бетіне құлауын алсақ болады. Бұл материялдық нүкте - деп аталатын қандай да бір идеалды объект ретінде қарастырылып, оның ішкі қозғалысын және айнала қозғалысын қарастырмаймыз. Әрине планеталар, тастар, бейсбол доптары және атомдар сияқты объектілер нүкте бола алмайды. Көп жағдайларда ішкі қозғалыстарын қарастырмай оларды материалдық нүкте ретінде санауға болады. Есепті Mathcad ортасында шешу бағдарламасы

GIVEN





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет