Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет20/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
«Ұлағат» дебат клубының ашылу рәсіміне клуб жетекшісі М.К.Дүйсенгалиев жетекшілік етті. Пікір-сайыс клубының ашылуына Жәңгір хан атындағы БҚМУ-і жанындағы «Ақиқат» пікір-сайыс клубының мүшелері қатысты. Жаңадан клубқа мүше болған І-ІІ курс колледж студенттеріне семинар-тренинг өткізіп, АПФ форматы арқылы пікір-сайыс турнирі өткізілді. 2аКШК тобының студенті Абай Индира «Ұлағат» пікір-сайыс клубының төрағасы және «Ұлағат» пікір-сайыс клубының координаторы 1сКШО тобының студенті Гаухар Бауржанова болып сайланды.

«Жас эколог» үйірмесі. Жетекшісі - А.Т.Зайнуллина. Мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету, Әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып, денсаулықты қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды пайдаланып,жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

«Жас эколог» үйірмесінің құрамында 48 мүшесі (1аКШО және 2сКДО тобының студенттері) Үйірме жұмысы жоспарға сәйкесті құрылып, алғашқы отырысында мақсат-міндеттері айқындалып өткізілетін шаралармен жұмыстың мазмұны бойынша мүшелері өз пікілерін қосты. Үйірме отырысы айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме белсенділері болып Бижанова Аружан мен Ғалымова Шынар былтырғы жұмыстарын жалғастыратын болып 3п КШО тобы жетекшілікке тағайындалып, алғашқы отырыста бекітілді.



Алғашқы үйірме отырысына жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сапиев Біржан Кәрімұлы қатысып, студенттерге жұмыс барысында белсенділіктерін талап етті. Үйірме ұжымы әр түрлі топ студенттерінің достығына және студенттің өзін өзі ұстау қабілеттілігін арттыруға сонымен қатар жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына серпіліс береді.

Жыл бойына өткізілетін шаралар жоспарға сәйкесті І жарты жылдықта жүргізілді. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар тақырыбы бойынша үйірме мүшелерімен бірге студенттерге қоршаған ортаның ластануы, тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру; экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту; табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Экология - ел тағдыры» конференция өткізді. Конференция барысында студенттер өздері дайындаған баяндамалар мен зерттеу жұмыстарын қорғады. Зерттеу барысында Арал, Каспий теңізінің және Балқаш көлінің экологиялық жағдайына тоқталып, қазіргі кезеңдегі оңалту жұмыстары сөз болды.

Жыл мезгілдерінің әсем көріністерінің бірі күзгі табиғат көркемдігі, міне осы бағытта «Күздің сыйы» гербарий мен табиғат аясынан суреттер, көркем пейзаж, өзен жағасында, парк ішінде тусірілген суреттер үлгілері салып табиғатқа деген қамқорлықпен сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында үйірме мүшелері арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.



«Менің Ақ жайығым!» тақырыбында облыстық табиғат және экология музейіне барып зерттеу жұмыстарыны еңбектерімен, қызыл кітабымызға енген өсімдіктер мен жануарла дүниесімен таныса отырып тарихи жәдігерлермен танысты. «Жас эколог» үйірмесінің жоспарына сәйкесті табиғат және экология музейіне экскурсия жасалды: Музейдің табиғи тарихының жиналуына негіз салған саяхатшы және натуралист Г.С.Карелин 1852 жылы Орал музейінде мамонттың, мүйізтұмсықтың, бұғының қалдық сүйектерін көргенін жазған. Коллекция негізін бұрынғы Орал әскери музейінің экспонаттары құрайды. Табиғат және экология музейі 1990 жылы алғашқы орналасқан жері Театральная көшесіне, 1996 жылы қазіргі Достық данғылы 151/2 үйіне көшірілді. Музейдің үш залы бар. Бірінші залдан өлкеміздің ғалым-зерттеушілері, пайдалы қазбалары, жануарлар әлемі туралы мәлімет алуға болады. Екінші залда өлкеміздің Солтүстік Каспий жағалауының өңірінде кездесетін жәндіктің 30-40 түрлері, дала аңдары мен құстарының түрлері көрсетіледі. Үшінші залда «Орман» диорамасы назарыңызға ұсынылады. Музей экспозициясында құртпа балық, бекіре, сүйрік, тікенек құтпа балық, сазан балықтары көрсетілген. Экспозицияны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы бөлімі аяқтайды.



Табиғат қорғаудын экологиялық негіздері: Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары «Қызыл кітап және оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылып Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы неде? Не үшін біз жануарларды қорғаймыз?, Сирек кездесетін қандай аңдар мен құстарды білесіңдер?, Жойылып кеткен қандай жануарларды білесіңдер? Жануарлар дүниесіндегі ғажайыптар туралы не білесіңдер?, Жануарлар дүниесін қалай сақтауға болады? Сұрақтарға төңірегінде сөз қозғалып, «қызыл кітап» шығу тарихына тоқталынды. Шығармашылық жұмыс бағытта өздерінің шығарған өлең жолдарын оқыды.

Студенттердің қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу мақсатында «Табиғаттың тарылпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән – жырысың» атты кеш ұйымдастырылды. Тәрбиелік шара әдебиет әлеміне саяхат, ой-толғау түрінде өтті.Кеш барысында Қазақстанда қазіргі кезеңде туындап отырған экологиялық проблемамен оны болдырмау шаралары айта келіп, ядролық қаруларды сынауды тоқтату біздің егемендік алуымымызбен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ядролық қарудан бас тартқан мемлекетті қалыптастырғанын студенттер әсерлі, жүрек тебірентерлік күйде жеткізді. Осынау әсем, көркем байтақ жерді жырлап өткен ақын,жазушыларымыздың жырына табиғат бейнесіне, мезгілдерге,құбылыстарына сапар шеге отырып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әніне қоныр дауыста үндесілді. М.Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың, Қ.Мырзалиевтің т.б. ақындарымыздың табиғат лирикасына байланысты өлеңдерін студенттер жатқа оқыды.

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күні «Ғасыр дертті....» тақырыбында шара оздырылды.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың обасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ауруда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу шаралары айтылып, мынадай сұрақтар төңірегінде ой қозғалды: СПИД вирусының қай жылы кім ашты?, СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?, СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек?

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.



Математика,информатика, технология кафедраларындаалты үйірме жұмыс жасайды

"Қызықты математика","Физика әлемінде","Жас бағдарламашы", "Интерактив"үйірмелерінде168 студент қамтылған.



«Қызықты математика» үйірмесінің мақсаты – математикаға әуесқой студенттердің математика ғылымы туралы терең мағлұматтар алуына көмектесу. Мүшелерінің саны – 30. Қатынасатын топтар: 1ас МК, 2а МК, 2пМК, 4а,с МК.

Жоспар бойынша отырыстары өткізіледі, онда: математикалық символдардың шығу тарихы; отандық математиканың дамуы туралы; сандар сыры; Пифагор сандары; алып сандар туралы ақпарат берілді. Үйірме мүшелерінің өзбеттерімен ізденуіне: Жұмбақ есептер; қазақтың қара есептері; құрандағы сандар құпиялары; конкрусқа және олимпиадаға берілген есептермен жұмыстануларына нұсқаулар берілді. Сонымен қатар әрбір үйірме мүшесі зертеу жұмысын жүргізуіне еркін тақырыптар ұсынылып, дайын болғандары үйірме мүшелері алдыңда, колледж қабырғасында өткен конференцияларда оқылды.Үйірме мүшелері «Әзіл –есептер,есеп-жұмбақтар.» туралы қызықты мәліметтер жинақтап, әртүрлі сандардың қасиеттері туралы деректерді топ алдында бөлісті.


 Үйірме мүшелері «Ертедегі математикалық тарихи есептер» жұмысымен үйірме отырысында мағлұматтар берді. Сыныптан тыс «Қалай есептеу керек?» жұмыстар ұйымдастыруға белсене қатынасты.Сонымен қатар үйірме отырысында математикалық олимпиада есептерінің әртүрлі тәсілмен шығару жолдарын көрсетіледі.Үйірме мүшелері олимпиадаға арналған есептерді, шығармашылық және қиын есептерді шешу жолдарымен танысып, логикалық тапсырмаларды орындайды. «Математиканы не үшін оқытамыз?», «Математиканың шығу тарихы», «Отандық математиканың дамуы» атты баяндамалар тыңдалды. Пәнге байланысты сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын құруды үйретіледі.



«Интерактив» үйірмесі - Жетекшісі - Р.С. Сұлтанғалиев

Үйірме құрамы 2аМК-11, 2пМК-11, топтарынан 41 студенттен тұрады.



Мақсаты - Студенттерді сабақ барысында интерактивті тақта және ActiveStudioбағдарламасының мүмкіндіктерін меңгерту. Жаңа ақпараттық технология негіздерімен таныстыра отырып, оны өз кәсіби іс-әрекетінде пайдалануға, ақпараттық модель құра білуге, алынған нәтижені талдауға үйрету, студенттердің арнайы пәндерге деген қызығушылығын арттырып, ActivStudio бағдарламасымен жұмыс істеуге үйрету.

. «Интерактив» үйірмесі аптасына екі рет болады.



Үйірме барысында студенттер интерактитвті тақтаның мүмкіндіктерін жоспар бойынша дәріс алып, сабақта қолдана білді.

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін игеруге «Интерактив»үйірмесінің септігі тигені сөзсіз. Оқу процесіне енгеніне көп бола қоймаған интерактивті тақтаның мүмкіндіктері күннен күнге кеңейіп, оқушылардың қызығушылығы арта бастағандай. Осы үйірме мүшелері студенттердің машық барысында интерактивті тақтамен сабақтар беруге, конференцияларға, басқа да шараларға материалдар дайындауда көмектеседі.

Топ студенттері байқау машығына барғанда мектептерде интерактивті тақта және ActivStudoбағдарламасының мүмкіндіктерін үнемі қолдануда.



Мысалы студенттер машық кезінде жұмыстана жүріп, қызықты сәттерінің көп болғандығымен бөлісті: «Балалармен жұмыстану барысында математика және информатика пәндерін аса қызығушылықпен оқитындарын көрсетті, компьютермен және интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда шығармашылық ізденісте болады.

Студенттер өз беттерімен жоспар бойынша ойын, еңбек әрекеттерін, жеке жұмыс, ұйымдастырды. Әр студент ұйымдастырылатын әрекетіне сыныптың күнтізбелік жоспарына сай жоспарын құрастырып өз беттерімен сабақ жүргізіп машықтанды.

«Информатика әлемі» сыныптан тыс шарасын өз беттерімен ұйымдастырып, шара өтетін орынды жинақы әрі әдемі етіп безендіріп, интерактивті тақтаның мүмкіндіктері көмегімен өткізді. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, информатика пәні бойынша білімдерін сынап, ой – әрекеттерін жинақтады.

«Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, информатика кафедрасы да әрдайым тәрбие арқылы білім беруді көздейді және осы мақсатын болашақта да жүзеге асыра бермек.



«Жас бағдарламашы»үйірмесінің жетекшісі А.О.Ералиева Үйірме мақсаты- оқушылардың ой-өрісін программалау негіздерін үйрету арқылы кеңейтіп, логикасын арттыру. Барлығы: 40 студент.

Үйірмеде компьютер құрылғыларымен танысып, жүйелік блокты бөлшектеп жинап, ақаулықтарын арнайы бағдарламалармен тауып, өз бетімен шешуге үйренеді. Компьютерді ғылыми жұмыстарында, сабаққа дайындалу, түрлі өзіндік жұмыстарда пайдаланудың негізгі бастамаларын үйреніп, мүмкіндіктерімен танысуда.



«Физика әлемінде» үйірмесінің жетекшісі - Г.К. Суйнгалиева

Үйірме құрамында 20 студент бар.

Үйірменің негізгі мақсаты барлық еңбек түрі, формасы бойынша белсенді іс-әрекет қабілетін қалыптастыру.Үйірме мүшелеріне қауіпсіздік техникасының  ережелерімен таныстырылды.Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын студенттердің ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құрылды. 

Үйірме мүшесіне берілетін тапсырмалар студенттердің шамасы жететін, әрі жеткілікті дәрежеде берілді.  Сондықтан әр тапсырмаларға студенттер жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болып табылуда. Осыған орай үйірме мүшелері ракета, моторлы қайық және күн сәулесі арқылы электр энергиясын алу және тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану туралы жұмыстарын теориялық түрде жазып, практикада орындады.Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалдармен үйірме мүшелерін таныстырып отырылды.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі физика бойынша сабақтармен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы бар. Олардың біріншісі - физика пәні бойынша барлық сыныптан тыс жұмыстарда студенттердің сабақта алған қабілеті мен білімі тірек болып табылады. Екіншісі – сыныптан тыс жұмыстардың барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика жүзінде іске асыра алатын студенттердің физикаға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсіп, білімін тереңдетуге және кеңейтуге жағдайлар жасаудамыз.

Қазіргі уақытта студенттер физика пәнін қандай әдістермен, жаңашыл технологиялармен өтіп жатқанын көргісі келетінін айтып, тілек білдірді. 3 Д форматындағы трибунадан видеоны көріп, қуанып қалды. Үйірме мүшелері ардагер ұстазымызға сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Жүйелі түрде жүргізілген үйірме жұмысы студенттердің қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет