Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет22/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
«Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестивалі аясында колледжде «Туған жерім – түп қазынам, байлығым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрме фестиваль талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық құндылықтарымызды дамытуға мақсатында жасалынған ұлттық қолөнер бұйымдары, қазақтың ұлттық бас киімдері, сәукеле, бөрік, жәдігерлік бұйымдар, коллаж техникасында орындалған ұлттық нақыштағы композиция көрмеде көрініс тапты. Көрмені ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы тамашалап, бағалады.

Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында плакаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3ас КШИЧ, 4с КШО, 4а КШО тобы студенттері қатысты. Студенттер өз жұмыстарында тақырыпқа сай композиция құрастырған. Акварель, гуашь техникасымен қатар компьютерлік техниканы да қолдана отырып орындаған. Плакаттарда композиция тақырыпқа сай толық ашылған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында плакаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге 3ас КШИЧ, 4с КШО, 4а КШО тобы студенттері қатысты. Өз жұмыстарында тақырыпқа сай композиция құрастыра отырып, тақырыпты аша білген.



13 желтоқсан күні қазақ драма театрында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестиваль қорытындыланды. Шараға қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды. Көрмеде 4а КШТ тобы студенті Е.Нұрашев ұлттық қолөнер түрі бойынша шеберлік класын көрсетіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында өткен Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының форумында ұлттық қолөнерді дәріптеу, дамыту, студенттерге үйрету мақсатында колледжіміздің студенттердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесі қойылды.

Шараға БҚО облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы қатысып, көрмені аралады. қойылды. Көрмені 4а КШТ тобының студенті Қонысбаева Аяжан таныстырды. Дәл осы көрмені «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед аралады.

суретші Василий Яроцкийге арналған, көрмені клуб мүшелерімен бірге тамашалады.

Үйірме мүшелері колледждің безендіру жұмыстарына араласып, шыңдалып келеді.

Шетел тілі кафедрасындағы8 тілдікүйірмеде 137 студент үш тілді меңгеруде. Үйірмелерге І-ІҮ курс студенттері қатысады. Оқытушылар кесте бойынша айына 2 рет үйірме отырыстарын өткізеді.

2017-2018 оқу жылының басында «Ағылшын әндері мен өлеңдері» тақырыбында үйірме жұмысы бекітіліп колледж қабырғасында жұмыс жасап келеді. Жетекшісі – Ахметова Зәмзәгүл Ермекқызы.



Үйірме жұмысының құзыреттілікке бағытталған мақсаттары:

а) Ақпараттық: ағылшын әндері мен өлеңдерінің шығу тарихымен, өлең авторларымен таныстыру;

ә) Коммуникативтік: өзге тілді үйрене отырып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, өз ойын ашып айтуға, мәдениетті сөйлеуге үйрету;

б) Проблеманы шешу құзыреттілігі: өзге тілді меңгере отырып, шет елдің мәдениеті мен әдет-ғұрпын игерту, өз ана тілін құрметтеуге баулу, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Үйірме жоспарына сәйкес, 3а,с КШИ, 2с КШО, 2с КДО, 2а КШО, 2а МК топ студенттері сенбі күндері үйірме отырыстарына қатысып келеді.



Әйгілі танымал ақындар мен ән орындаушылар туралы ақпараттар берілген соң, студенттерге өз бетімен жұмыстану үшін тапсырмалар берілі отырылды. Үйірме барысында студенттер ағылшынның Шекспир, Хеменгуэй, Байрон, Фридман, Блейк, Лонгфеллоу, Бернс, Риан секілді танымал ақындардың өмірбаянымен танысып, олардың туған өлкесі және еңбектерімен хабардар болды. Өлең шумақтарын тек жаттап қана қоймай, өздері сол өлеңге қазақша балама ойлап, өз туындыларын ұсынды. Ағылшын ақындары туралы өздері де ғаламтордан бірнеше ақпараттар жинақтады.
ҮГруппа 114йірмеде үйренген ағылшын әндері мен өлеңдерін сайыстар мен мерекелік кештерде орындап жүр. Әсіресе өздерін әртістік шеберлікпен шыңдап жүрген студенттер арасында 3а КШИ топ студенттері Камешова Наргиза, Абдрахманова Жайна, Ибрагимова Гүлайхан, Жанабаев Асхат, 2с КШО тобы студенттері Зайнеденова Нұрлы, Бауржанова Гаухар және Ерсайнов Еркебұлан.

Ағылшын тілі кафедрасында жоспарға сәйкес «Friendship» тілдер клубының ашылу салтанатына байланысты кеш өткізілді. 1 а КШО, 2 а КШО, 2 а КДО, 2 с КДО, 2 с КШО, 3 а КШМ, 1 а РШО, 2 а РШИ топ студенттері «Friendship» тілдер клуб мүшелері болып тағайындалды. Кешке колледж директорының қызметін атқарушы Набидоллина Шолпан Сағатқызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Клуб мүшелері мен жетекшілеріне сәттілік тіледі.

Тіл –қатынас құралы. Тіл арқылы мемлектеттің саяси мәселелері, достық қарым-қатынас көпірі шешіліп, болашағымыздың бағдары айқындалатындығын да білеміз. Себебі еліміз тілдің үш тұғырлылық саясатын ұстанып келеді. Көп тілді меңгеру - өзге тілдің тарихы мен салт-дәстүрін ұғып, олармен еркін байланысқа түсу болып табылады. Тілдер клубы да елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдің үш тұғырлығы» саясатын ұстану барысында тілдер клубын да үш тілде жүргізді.

Біздің елімізде 100 ден астам ұлт өкілдері бар. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында, біздің ел көпұлтты мемлекет болғанымен бейбітшілік күнін кешуде. Бейбітшіліктің нышанын клуб мүшелері де ән және бимен өрнектеп берді.

«Friendship» клуб жұмысы барысында студенттер көптеген ағылшын әндері және өлеңдерімен таныс болды. Ағылшын авторларының өмірбаяндары мен еңбектерінен хабардар болды. Өздерінің сөйлеу дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сөздік қорларын байытты. Ағылшын әріптерінің дұрыс дыбысталуы мен дұрыс айтылуына баса назар аударды. Әндері ең әуелі үнтаспадан тыңдап, содан соң жеке әрі хормен айтып үйренді. Үйренген әндерін мерекелік кештерде орындап, көрермендер көзайымына айналды.
«Let’s Learn English With Pleasure» елтану үйірмесінің жоспары жасалып, бекітілді. Үйірме жетекшіcі -Г.Н.Амандыкова.

Үйірмеге 2а КШО, 2а КДО тобының студенттері қатысады.

Қатысушы студенттердің жалпы саны – 25.

Студенттердің шет тіліне деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу, дұрыс айта білуге үйрету, ағылшынның халық әндері арқылы сол халықтың салт-дәстүрлерін дәріптеу, таныстыру, жаңа әндер арқылы оқушыларды жаңа заман әндерімен таныс болып жүруге үйрету, ағылшын әншілерінің шығармашылығымен таныстырып, кеңінен деректер алуға үйрету болып табылады. Осы үйірме бастауыш сыныптың ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алып шығатын болашақ студенттерге ағылшын тілі дыбыстарының айтылуын ағылшын әндері арқылы жетілдіруді көздейді.



ҚГруппа 115ыркүйек айында үйірме мүшелерімен жылдық жоспар белгіленді және үйірме мүшелерімен жылдық жоспар жасалып, әндер іріктелді.Үйірменің алғашқы отырысында студенттер өздері білетін ағылшын әндерін еске түсірді.

Қазан айында «If you are happy» әнінің сөзі мен сазы үйретіліп және караокадан тыңдалды.

Қараша айында жоспар бойынша «Father Finger» әнінің сөзі мен сазы үйретіліп, тыңдалды және осы отырыста «Down in the Valley» әні үйретілді.

Желтоқсан айында «Head, Shoulders, Knees and Toes», «Jingle Bells» және «Down on the farm» әндері тыңдатылып үйретілді, қосылып айтылды. Үйретілген әндерді ағылшын тілі айлығы кезіндегі «English for all» сыныптан тыс шарасында орындалды.

«Let`s learn English with pleasure»үйірмесінің оқушылардың шет тілінде дұрыс айту дағдысының қалыптасуына , шет тілін жетік меңгеруіне, аударма жасауға көп көмегі бар.

Үйірме мүшелері отырыстарында ағылшын халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, шет тіліне деген қызығушылығын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет