Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет18/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау.

Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады?

Тағы сол сияқты .

2-ден 1-ді азайт. Сұрақтар берілді.

Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс-жоспарлары көрсетілген, осы тақырыптар бойынша жұргізілген эксперимент - нәтижесі төмендегінше.

Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды. Көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.

Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс- әрекетті игеру міндетін орындайды.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.

Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:


  • Дидактикалық ойындар.

  • Сөздік — дидактикалық ойындар .

  • Ролъді сюжетті ойындар .

  • Драмалық ойындар.

  • Творчестволық ойындар.

  • Әдеби – музыкалық ойындар .

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап, жоспарлайды. Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .

Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады.

Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор.

Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім.

Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық, сөздік, творчестволық, сюжеттік, рольді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .

Оқушының математикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар. Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар. Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күйі артып, жүйелері жақсарады .

Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап- байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.

Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская«балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.

Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады? Шамасы, бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірибесін пайдалану керек болар. Бала-бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап, оларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда. Ондай практика, әрине мақтауға тұрады және жинақтауды талап етеді. Алайда мүның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .

Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар ғылыми психологиялық- педагогикалық негізде талдау жасалуы тиіс, олар біртұтас педагогикалық концепцияның бір бөлігін құрайтын болуға тиіс.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс? Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін шешуге байланысты пайдалануға тиіс? Қазіргі оқыту процесіне қандай дидактикалық ойыншықтар керек? Оларды қандай психологиялық-педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн. Оқыту процесінде ойын балалар үшін өзінің тамаша тартымдылығынан айрылып қалмау үшін, ойыншық әдеттегі әдістемелік құрал- сайманға айналып кетпеу үшін, мұғалім дидактикалық ойындар мен ойыншықтарды пайдаланып, материалды балаларға қалай жеткізуі керек? Осы және басқа толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды. Өндірістің мүмкіндіктері мен мүдделерін ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте балаларды дамытудың, олардың жеке басын қалыптастырудың мүдделері ескерілген, ғылыми жағынан негізделген дидактикалық ойыншықтардың жиынтықтарын шығаруды жолға қою керек.

Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне , сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.

Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған .

Қарапайым түсінтер.

10 көлеміндегі сандар.

Кестелік қосу және азайту.

Толық ондықтар. Жуз.

Біз нені үйрендік ?.

Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.

Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.

Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .

Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.

Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.

Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.

Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.

Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім 1-сыныпты оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрады.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек .

Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.

Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.


Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

Құстарды .

Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы.

Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық .

Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім.

Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?

Барлығы бесеу.

Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы

суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер.

Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті

орындарын белгілеттім.

Үйрек нешінші орында ?

Бірінші.

Тауық ше?

Екінші.

Қораз ше?

Үшінші.

- Қазше?


- Төртінші.

Күркетауық ше?

Бесінші.

Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.

Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне үялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң , ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.

«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына сақтау қабілеті төменбалалар үшін қолданған жөн.

Мысалы : бір дегенім білеу —.

екі дегенім егеу

үш дегенім үскі

төрт дегенім төсек

бес дегенім бесік

алты дегенім асық

жеті дегенім желке

сегіз дегенім серке

тоғыз дегенім торқа

он дегенім оймақ

он бір қара жұмбақ

Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.

Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз . Енді әр бағдарламалық тақырыптар бойынша ойын түрлерін қарастырайық .

«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар

Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.

Олардың қатарына : «Түс және пішін», «Қанша?», «Сәулетші», «Біз нешеуміз?» , «Таныс фигураларды ата» , «Жеміс жинау» , «Жылдам ойлан» , «Жалгасып man» , «Телефон» , «Дукен» , «Ойыншықтар» , «Байқагыш бала» , «Жыл он екі ай» , «Аяңта», «Қатесін man», «Сиқырлы сандар», «Тізбек», «He байцадың?» , «Қателеспе!» , «Багдаршам» , «Сиңырлы қоржын» , «Ойнайық та, ойлайьщ» , «Ханым , дат» , «Эстафета» , «Багыт» , «Кім қай партада отыр?» , «Қай уаңыт, сагат нешеу?», «Жеті кун» , «Көңілді санамақтар» т.б. -ойындары бар .

«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету. Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері. Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .Мысалы : «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу? Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет