Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет19/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Републикасы президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің қазақстандықтарға Жолдуында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуметін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндірілген. Адами ойлау – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз.

Мектеп оқушылары ғылыми қоғамының негізгі міндеті – сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстарды оқу – тәрбиелік үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейде көтеру. Оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өту керек: пәндік апталықтар, білгірлердің, эрудиттердің ойын байқауы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің көрмесін өткізу, әлеуметтік зерттеу арқылы қоғамдық мақсат бағдары мен балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары қоғамның негізгі мүшелері болып табылады. Осы іс-шаралардың барлығы дерлік мектепте өткізіледі. Атап айтқанда, ғылыми жобалар сайысына оқушылар жылда қатысып отыруы керек

Оқушыларды ізденуге, білуге, талпынуға, ойын қозғап таным көз-қарасын қалыптастыру үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Ал оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыратын тарсырмалар беру тиімді.

Сабақ сапасының нәтижелі, ұтымды болуы сабақтың ғылыми – теориялық жағынан жоғары деңгейде болып, мазмұны ғылыми жаңалықтармен толықтыруына байланысты. Ондай шығармашылық жұмыс белгілі нәтиже береді.

Бұл үшін үздіксіз ізденіп өмір талабынан артта қалмай, замана көшіне ілесіп отыруы қажет. Демек, оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Демек оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Яғни оқушы тек білім алып қана қоймай, ол сабаққа қызыға қатысып, белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасап отыру қажет.

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне;үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:



  1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды ) анықтау.

  2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

  3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

  4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

  5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

  6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әректінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидиактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотивы мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады .

Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сыныпты оқытудың дидактикалық принциптері мен заңдылықтарын дұрыс және тиімді етіп қолдану әрбір мұғалімнің тікелей және басты міндеті болып табылады. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ең басты міндет – балардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, яғни сабақты қызықты түсінікті өту.

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендей, білім ордасында әр бала жаңаша өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте олар білім алып қана қоймай, халық педагогикасы негізінде тәлім – тәрбие алады.

Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ, қоршаған ортаға, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жас бүлдіршіндерді саналы, тәрбиелі, мәдениетті, жоғары білімді етіп тәрбиелеуге ат салысайық ағайын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет