Сәйкестік принципі
Бұл принцип ғасырлай бойы жинакқталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке – дара қарауңды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар : оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл – ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтардыжою баланың мінез құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтіжелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп оқыту.
Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.
Балалардың ақыл – ойы, қабілеттері мен мүмкінділіктері әртүрлілігін оқыту.
Оқуда барлық оқушылар табысқа бірддей жетуі талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену.
Оқушыларның жас ерекшелігіне сәйкес әдістерді анықтау.
Оқушылардан мүмкін емсті талап етпеу, тапсырма өте жеңіл де, өте қиын да болмауын ойластыру.
Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу.
Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа және нашар оқушыға сүйеніп оқыту.
Ең күрделі білімді игерту үшін аналогия, салыстыру, теңдестыру, қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру.
Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру қиын болғандықтан, әртүлі пәнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрінісін айқындау, методологиялық білімдерді сіңірту.
Баяу асығыңыздар! Қажетсіз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
Сәйкестік мұғалімнің әнгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына тәуелділігін ұмытпау.
Сәйкес жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сайкестігі кедергісі төмендейтінін ұмытпау.
Достарыңызбен бөлісу: |