Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 7–ші беті
5.1 Білім алушының ағымдағы оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың келесі
түрлері мен формалары қарастырылған:
- ағымдағы бақылау (апталық бағалау);
- аралық бақылау (блок, РК1, РК2);
5.2 Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша
өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.
5.3 Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге
сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда студенттердің
білімін, икемділігі мен дағдыларын жекелеген тақырыптар,
бөлімдер, модульдер бойынша
кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асырылады.
5.4 Аудиториялық сабақ кезінде ағымдық бақылау жүргізіліп, білім алушының өзіндік
тапсырмаларының орындалу сапасына бақылау жүргізіледі. Оқу үдерісі барысында 7 және 15
аптасында (семестр), 5 және 10 аптасында (трисеместр), 4 және 8 аптасында (квартал)
жинақталған балдық көрсеткіштері бойынша 2 аралық бақылау нәтижелері жинақталады.
5.5 Ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижелері университеттің автоматтандырылған
ayu.edu.kz домені бар жүйесіндегі тізімдемеге балдық көрсеткіштермен апта сайын қойылады. І
және ІІ аралық бақылаудың нәтижелері тізімдемелерде тіркеледі.
5.6 Әр аралық бақылаудың жоғары көрсеткіші 100 баллдан тұрады.
5.7 Бағасын көтеру мақсатында аралық бақылау нәтижесін өзгертуге жол берілмейді.
5.8 Білім алушы дәлелді себептермен (денсаулық, отбасылық және қызметтік жағдайларға
байланысты) ағымдағы бақылауға (апталық бағалау)
қатыса алмаған жағдайда, дәрігерлік
анықтама немесе ресми құжат негізінде факультет деканының өкімімен аралық бақылау мерзімі
ұзартылады.
5.9 Білім беруді ұйымдастырудың тиімділігін, сапасының деңгейін және білім алушылардың
білім жетістіктерін анықтауды университетте Академиялық департамент іске асырады.
5.10 Білім алушының үлгерімінің ағымдық бақылауының нәтижесі білім алушының
семестр бойы жұмысының көрсеткіші ретінде ағымдық аттестаттау болып табылады.
5.11 Білім алушының үлгерімінің ағымдық бақылауы олардың үлгерімін және сабақтарға
қатысуларын анықтауды көздейді, олардың қатынасы бақылау кезеңіндегі әр білім алушының
оқу кезіндегі және материалды игеру кезіндегі белсенділігін білдіреді.
5.12 Ағымдық бақылау кезінде білім алушының
сабақтардағы белсенділігі, бақылау
шараларын дер кезінде өткендігі, теориялық
сабақтарды игеру дәрежесі, тәжірибелік
машықтану дәрежесі, өзіндік жұмысқа қабілеттілігі ескеріледі.
5.13 Ағымдық бақылау нәтижелерін білім алушылар университеттің автоматтандырылған
ayu.edu.kz домені бар жүйесінен көре алады.
5.14 І және ІІ ағымдық бақылаудың орташа нәтижесі 50 ұпайға жеткен жағдайда білім
алушы емтиханға жіберіледі.
5.15 Факультет деканы екі аралық бақылау нәтижесінде (І, ІІ
аралық бақылаудың
арифметикалық орта мәні) 50 балдан кем емес ұпай жинаған, төлемақыдан (ақылы оқитындар
үшін) қарызы жоқ, академиялық демалыста жүрмеген білім алушыларды емтиханға жіберу
өкімінің көшірмесі ТО өткізіледі.
5.16 Пән бойынша қорытынды бағаны санау үшін білім алушы екі аралық бақылаудың
нәтижесі бойынша және емтихандық (қорытынды) бақылау бойынша оң бағалар алуы қажет.
Қорытынды бағаны санау мына формула бойынша жүргізіледі: Қорытынды баға =
(АБ1+АБ2)/2х0,6+ҚБх0,4
5.17 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі
бағалар шәкіле және
ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесінде бағаланады (
қосымша 1
).