Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»


III Сөз тіркестердің байланысу формалары



бет2/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,1 Mb.
#28894
1   2   3   4   5   6

III Сөз тіркестердің байланысу формалары

Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есімдер мен етістік жұмсалатын қалыптасқан заңдылық. Ал, үстеулер негізінде бағыныңқы сынар қызметінде жұмсалатын сөздер тобына жатады. Алайда, қазіргі әдеби тілімізде үстеулер басыңқы сынар қызметінде сынар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағынын көруге болады. Мысалы: көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. Әрине, одан қат-кабат нақтыл жауап күте қою әзір ертеректеу (М.Дүзенов) тәрізді сөйлем құрамындағы аң-таң, ертеректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл әдеби тіл құрамындағы тілдік әлементтердің фунциялық дамуының нәтижесі болса керек.

Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс соңғы кездің жемісі. Өйткені, есік ескерткіштер тілінде көмекші сөздер өте аз, тіпті XVIII ғасыр нүсқаларының тілінде қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді. Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шылаулардың кейінгі қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді тіркестер сала-сала ретінде калыптасты.

1. Қиыса байланысқан сөз тіркестері

Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде бастауыш пен баяндауыш арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай әр түрлі жақтарда жәие дара, көпше түрде бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз олардың кай сөз таптарынан болуына қарай былай топ көрсетеміз.

1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нольдік, тәуелдік формадағы зат есімдер болады.

а) Бастауышы нольдік формада келуі: Тегі Енесей Енесей ғана бола
алса керек (Ғ.Мүсірепов). Малсыз күй күй болмайды. (М.Қамбаров).
Бәйгесіз той той ма? (М.Қаназов). Жақсы жерге түскен келін келін,
жаман жерге түскен келін келсап дейді ғой қазақ («Қазақ әдебиеті).

ә) Бастауышы тәуелді формада келуі: қарғыс атқан басы да бас емес, қолы да қол емес (Ә.Нүрпейісов). Әйтпесе, жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? (Жүлдыз). -Не айтайын, шырағым, не айтайын... - дегеннен басқа Күңше де еш нәрсе айта алмады. Уәдеміз -уәде (Ғ.Мүсірепов).



б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосарлануы арқылы келе
береді. Мысалы: Күнә, екені күнә, бірақ қылмыс емес (Д.Досжанов).

Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада дакле береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен сол сөздің қайталану арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылыкеле береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дәлелді түрде көрсетсе керек.

  1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тәуірі-тәуір (М.Қаназов).
    Қызылы-қызыл, жасылы-жасыл болып кесіліп жатыр (Д.Досданов).
    Бетінің қызыл күреңденгені қызыл күреңденген бе? (Қазақ әдебиеті).

  2. Есімдік пен есімдік тіркесі. Өзгесі өзге еді, бүгінгі қылығын не
    деп дәріптейді (М.Сқақаов). Басқасы басқа, ал, Әбекеңді ойландырған
    қатаң сөгіс те емес, ақшаның табылуы да емес, тіпті басқа нәрсе, сол
    сейфке ақшаның баруы еді. («Беласқан»).

Менікі де менікі.

Сенікі де менікі («Маржан сөз»). Сол сол-ақ екен. Темір әскерінің ұғын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты (М.Сқақаов). Әй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін естісеңші («Қазак әдебиеті»).

  1. Етістік пен етістіктің тіркесі. Мынау көргені - көрген емес
    (М.Әуезов). Жоқ, оны жасамайды. Осы тоқтаганы тоқтаган
    («Жүлдыз»). Көзден бұлбұл ұшқаны ұшқаны — аң шығар (М.Қаназов). —
    Айтқаны айтқан (Ж.Молдағалиев).

  2. Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе
    жол болсын (Беласқан). Жүрт бұрынғы бұрынғы ма, енді Жаулыбай
    Ақсынды менсінбей тастап кетіпті деп, Тұрлі қауесеттер бықсытты
    («Жүлдыз»).

  3. «Бар, жоқ» сөздерінің өзара тіркесі.

Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ. (Маржан сөзі). Бары бар-ау, бірақ менікі елде, күнде жоқ неме...- деп қыбыжықтай берген суыр Құсайын шынын айтты (С.Жүнісов).

2. Матаса байланысқан сөз тіркестері

1. Зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері.

а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек - Еменалының Еменалы екенін, Мүсірептің түбі құл түрікпен екенін тал түсте танытса ғана айтпақ (Ғ.Мүсірепов). Бұл Сұлтанның Сұлтан болғалы, ең бірінші ең бірінші алған ақысы еді, ең бірінші жеген таяғы еді (І.Есенберлин).

ә) Жалпы есім мен жалпы есімнің тіркесі. Әжейлердің әжесінен бері тартып келе жатқан әйел зарын естімеген, әйел зары азабын



көрмеген, алмаған құдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғайды. (Ғ.Мүсірепов). Достармыздың достары - біздің достар («Маржан сөз»).

2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.

Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаздарына бр қиынның қиыны, қияметтің қыл көі ірі («Қазақ әдебиеті»). - Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой (С.Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру, балғының балғысынан келе жатса да, көшпелі қазақтың ауызынан әлі дәмі кетпеген асы (Ғ.Мүсірепов).

3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.

Сірә менің мен екенімді біліп кетті, ұмытпайын дегені (Ш.Жандарбекова).

4. Етістік пен етістіктің тіркесі.



Бағудың да бағуы бар көрінеді. («Беласқан»).
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

1. Барыс септікті сөз тіркестері.



а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазға саз, сөзге сөз («Маржан сөз»).

ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, өзіме өзім би болсам, рет келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мүраты іске асар ма деген үміті бар («Жұлдыз»).

2. Табыс септікті сөз тіркестері.

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. мырзаны «мырза» десең
желденеді, малайды «малай» десең тірі өледі («Маржан сөз»).
Терезесінде зырылдауығы жоқ үйді «үй» деп керегі жоқ, - дейтін болды
(Ғ.Мүсірепов).

б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен не
қармарсың ?. («Маржан сөз»). Бұлар үйге кіргенде Құрмысы би не
айтарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ.Мүсірепов).
Абзал соңғы сөзін айтарын айтсада отыра кеткен Сәулеге ойлы көзімен
қарап қалды (Ә.Әбішев).

3. Шығыс септікті сөз тіркестері.



а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. - Ой, көсегің көгерсін, Ақан
балам, малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С.Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры жайында
бір сыр шерткен еді (О.Сағынаев).

б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Өйтіп езу тартқанын көрсеткенінен
көрсетпегені
жақсы да (Ғ.Мүсірепов). ҚУМ-ның бір қабатын түгел
ақтардық, алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш.Жандарбекова)

4. Көмектес септікті сөз тіркестері.



а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. «...Шіркін-ай досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа деп, Үлақшыға айта алмай қалдым-ау» (І.Есенберлин). - Әй, кемпір ішер шайыңды іштің ғой. Енді жаспен жас болмай, жаңа казандық жаққа барсаңшы (С.Жүнісов).

ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайынға зәбірің жоқ, өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тү_ра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп әдейі бүрылдым...- деді (Ғ.Мүсірепов).



4. Қабыса байланысқан сөз тіркесі

  1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. демек, қоңыр дер қоңыр емес,
    күлгін деп күлгін емес («Беласқан»).

  2. Етістік пен етістіктің тіркесі. Тәрбиелеудей-ақ тәрбиеледім, бірақ
    болмады (Д.Досжанов).

Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз бен сөз тіркесін құрауы әдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда біріншіден, сөз етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің тұрақты тіркестері мен жігін айқындау да негізгі мәселе. Әрине бұл жерде сөздің қайталану арқылы құралған сөз тіркестерінің көптегензаңдылықтарының басы ашылмаған.. Ол туралы әді де көптеген жұмыс істеуді қажет ететін сөздердің тіркесінің үлкен тобын құрады.


IV Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары

Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазак тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында колдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Содан соң коммуникативтік, яғни адамдардың қарым-қатынастық тілінде қолдануға машықтанады. Осы тұрғыда проф. Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде іске асырады. Бұл - тілді қолданудың тәжірбиелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс,» - дейді.

Сонымен, сөз тіркесін меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстарды төмендегідей жүйелеуге болады:



I. Жаттығулар жүйесі. Сөз тіркесі меңгертуде жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмысын орындау сипатына қарай мынадай екі топқа топталады:








Ауызша Жазбаша

Бұлардың өзі іштей мынадай түрлерден тұрады.







Ауызша


Аналитикалық Синтетикалық Шығармашылық сипаттағы

жаттығулар жаттығулар жаттығулар







Жазбаша

Аналитикалық жаттығулар

Синтетикалық жаттығулар

Шығармашылық



сипаттағы жаттығулар

II. Көрнекіліктер жүйесі. Көрнекіліктердің сабақ мақсатына сай тандалып, эстетикалық сапасының жоғары болуы, білімдік, танымдық мазмұнының мұғалім сөзімен ыңғайлас келуі ескеріледі. Көрнекіліктің мәні оқушының білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен өлшенеді.


тер


Грамматикалық

Үлестірмелі кесте қағазы

доскоп

1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет