Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


т3-4 сабақ. Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні



бет16/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Интеграция

т3-4 сабақ. Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесінің үзіндісін оқыңыз. Үзіндіден қос сөздерді көрсетіңіз.
Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай, «тампыш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.


2-тапсырма.
Мәтінді оқып, буын үндестігіне бағынбайтын сөзді тауып жазыңдар.
Бауыр”
Алыстағы ағаң...» дегенде Қали бетін бермен бұрды. Бұл жолы зер салып қарады. Бағзы жылдарда біреуді біреу біліп болмайтын қанбазардың қақ ортасында кездейсоқ ұшырасып қалған көлденең көк аттыны қазір түстен тани алмай тұрғандай жүзінде толқу бар. Баяғыда бүйірі түскен қара чемоданын арқалап, астанаға оқу іздеп аттанғанда Манапты ешкім шығарып салмаған, оқуына түсіп, қуанышы қойнына сыймай қайтқанда жан адам қарсы алмаған. Сол себепті ме, Манабың мұндай сын сәтте қайту керектігін білмейді екен, құшағын жайып жіберіп, «Ой, бауырымдап!» ентелей жүгірудің орнына, қаққан қазықтай қыдиып тұра берді. Жымиыс табын ерін ұшынан тез-тез жиып алған Эльжбета Сергеевна Қалидың құлағына сыбырлап қалды: бойшаң бозбала сонда ғана теңселіп кетті, баспалдақтарды санап басып, төмен түсіп, бері беттеді.
(Т.Нұрмағамбетов “Бауыр” шығармасынан үзінді)


3-тапсырма.
А) Төмендегі мақал-мәтелдерді мұқият оқыңыз, ішінен ағаға байланысты мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  1. Отан- оттан да ыстық.

  2. Ағайын ала болса,

Ауыздығынан айырылады.

  1. Жақсы сөз- жарым ырыс.

  2. Ағаның үйі- ақ жайлау.

Ә) Қазақ әдебиетінен оқыған шығармаларыңыздың қайсысы көрсетілген мақалдармен байланысты?
а) Менің атым- Қожа (Б.Соқпақбаев)
б) Бауыр(М.Қабанбай)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет