2-бөлім. КИІМ. СӘН. ТАЛҒАМ.
3-4 сабақ. Ұлттық киім – асыл мұра.
1-тапсырма.
Мәтінді оқи отырып, бір-біріңе сұрақ қою арқылы тақырыпты анықтаңдар. Оқылым мәтініндегі заттың атауын білдіретін сөздерді тауып, түбірі мен қосымшасын ажырат.
Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше – өзіндік қасиетке толы. Мұның себебі – қазақ халқының табиғат құшағында өсіп, еркін құмыр кешуімен байланысты. Әлеуметтік дәрежесіне, сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай қазақ халқы арасында хан, би, сұлтан, бақсы, балгер, сал-сері, малшы, аңшы киімдері деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық киімі, жас жігіт киімі, ақсақал киімдері болады. Олардың үлгілерінің әшекейі, тігілуі, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым болады. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Отбасында кімдер ұлттық киім киіп жүреді?
2. Қандай ұлттық киім атауларын білесіңдер?
3. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардың киімдерінен өзгешелігі қандай?
4. Ұлттық киім киген тарихтағы қандай образдарды білесіңдер?
5. Қазіргі таңда ұлттық киім киіп жүрміз бе, көңіліңіз тола ма?
2-тапсырма.
Жоғарыда берілген мәтіннен сөз тіркестерін, күрделі сөздерді, қазақтың ұлттық киімдерінің атаулары мен олардың киілген/ қолданылған жылдарын табыңыз.
Үлгі: қазақтың ұлттық киім атаулары: зерлі шапан, шекпен, кебенек, қаптама, т.б. аталған киімдер ХІІ ғасыр мен ХІХ ғасыр арасында күнделікті өмірде қолданылып келген.
Толық ақпарат ізденуге интернет материалдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
Сөз тіркестері: бала киімі, бозбала киімі, жас жігіт, т.б.
3-тапсырма.
Өз таңдауың бойынша бір суретке күрделі сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.
«Бұл қай ғасырдың қолданысы?...» (киім бойынша)
1. Бөрік (ХVIғ.)
2. Шекпен (ХІІғ.)
3. Тақия (ІХғ. Тіпті онан ары уақыттардағы аңыз әңгімелерде айтылады).
Ақпараттар «Киімнің шығу тарихы» материалынан алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |