Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


Үлгі: көлді-шөлді 5-6 сабақ



бет20/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Интеграция

Үлгі: көлді-шөлді



5-6 сабақ
Төрт түлік
1- тапсырма.
Берілген мәтінді оқы. Суретке назар аударыңдар. Мәтінде аталмаған жануарларды көрсетіңіз. Олар туралы айтып беріңіз.


Қазақ-ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мінсе-көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе-киімі, тұтынса-бұйымы, мақтанышы мен салтанаты да осы мал болған.
Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура деп атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал-жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз, бедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туындыларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп бағалаған.
Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атайды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі. Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді.
Малдың қадір-қасиетін тәжірбиелі халқымыз «түйе-салтанат, жылқы-мақтан, сиыр-қанағат, қой-қазына» деп бағалаған.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)




2-тапсырма.
Халық ұғымында барлық малдың иесі, пірі бар. Әр малды өзінше шақырады. Осыларға байланысты берілген жануарлардың суреттеріне қарай атаулары, малдың иесі мен малды қалай шақыру керек екенін жаз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет