Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет19/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Интеграция

4-бөлім
Жануарлар әлемі
3-4 сабақ. Жануарлар және тіршілік
1-тапсырма.
Оқылым мәтіні бойынша астындағы сұрақтарға суретпен байланыстыра жауап бер.
Жануарлардың мінез-құлықтары
Табиғат-ананың төл перзенттерінің қызықты қылықтары мен жұмбаққа толы сан алуан деректер қоры адам баласын еріксіз таңғалдырары сөзсіз. Мысалы: Қабыландар мен мысық тұқымдастардың ішіндегі ең епті, жылдам жүгіруге бейімделген жыртқыш аң. Олар өте жақсы өрмелеп, суда жүзе алады.
Қасқырлар топ-топ болып, үйірлер құрып тіршілік етеді. Қасқырдың бөлтірктері ата-анасымен айға дейін бірге тұрады. Үйірді «көсемі» басқарады.
«Кит әндері» дегеніміз-киттер бір-бірімен хабарласу үшін шығаратын дыбыс. Олардың әндері белгілі бір үлгіні қайталап тұратындықтан, адам әніне ұқсайды.
Дельфиндер-ең ақылды су жануарлары. Дельфиндер адамдар мен адам тәріздес маймылдардан кейінгі ең ақылды жануарлар.
Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95 километр жылдамдықпен жүгіре алады.
Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11400 рет қағады.
Тиін-керемет бағбан. Миллиондаған теректердің көптеп өсу себебі тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғаннан болу керек.
(«Жануарлар әлемі балалар энциклопедиясы»)
Сұрақтар:
1. Қай жануар түрі жылдам жүгіруге бейімделген?
2. Қай жануарды халық бағбан деп атаған?
3. Бір-бірімен хабарласу үшін дыбыс шығаратын жануарлар бар ма?
4. Берілген жануарлардың ішінен қайсы адаммен қарым-қатынас жасауға бейім?












2-тапсырма.
Төменде берілген суреттегі жануарлардың атын ата. Сол сөздерді буын үндестігіне қарай талда.





3-тапсырма.
Төмендегі суреттерге назар аудар. Табиғат құбылыстарына қарай, антонимдік қатар құра. Өзіңе ұнаған бір табиғат құбылысына омоним, синоним, антоним сөздер қатысқан шағын әңгіме құра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет