Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



бет4/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Интеграция

1 ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


1.1 Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың басты принциптері

Қазақ тілін мектептегі басқа пәндермен интеграциялай оқыту педагогика, психология мен логика қатарлы ғылым салаларымен тығыз байланысты. Методиканың негізгі тірегі – қазақ тілінің факторлары. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан пәнді интеграциялай оқыту қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Жұмыста қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының, оның ішінде 5-сынып оқушыларының ойына лайықтап, басқа пәндермен байланыстыра оқыту қағидалары қарастырылды.


Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография пен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілерді басқа пәндермен байланыстыра оқытудың теориясы мен практикасы қарастырылды. Қазіргі таңда мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалған. Яғни тілдік фактілер қорытылып, ақпараттар мектеп оқушыларына жеткізіледі. Есесіне түрлі саладағы сан алуан мәтіндер көп.
Қазақ тілін 5-сынып оқушыларына оқытуды тілдік тұрғыда қарастырар болсақ, қалыптасқан жеті түрлі заңдылыққа бағындық:
1. фонология, грамматика және лексиканы меңгерту;
2. тілді ұғыну үшін қажет болатын табиғи сезімталдықты байқау;
3. сөйлеу мәнеріне назар аудару;
4. орфографиясына мән беру;
5. көрнекілікті пайдалану;
6. тілге жаттықтыру – «тіл сындыру»;
7. тілді жүйелі түрде сатылап үйрету [1, 312].
Аталған заңдылықтарды негізге ала отырып, оқушыға тілдік заңдылықтармен оқыту сапалы нәтиже беретіні ұғынықты болған сияқты. Себебі, оқушы білімді меңгерумен қатар үйренгендерін ұмытып қалмас үшін айна алдында болсын тіл сындыру жаттығуын жиі қайталауы тиіс, өмірлік ситуацияларда қолдана алуы шарт. Осы себепті де психологиялық қағидаттарды басшылыққа алатын боламыз.
Педагогика негізінен тәлім-тәрбие берудің ережелерін, оларды іске асырудың қағидаттарын белгілейді. Тәлім – оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық дағды болса, тәрбие –тіл арқылы берілуде мәтіндер (текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы білім беруде тәрбие жұмыстарын жүргізу. Тілдік ақпараттардың толыққанды нәтижесінде түсінік, ой, түйсік, білім және мидың сезу мүшелері үлкен рөл атқарады. Осыдан келе, ойлар, категориялар мен пунктуациялар оқу мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады.
Кез келген пән бағдарламасында, әсіресе, тіл бағдарламасын оқытуда оқулықтардың материалдары – оқушының жас ерекшелігіне, ойлау деңгейінің қабілетіне, бейімділігіне, тілге деген қызығушылығына және жалпы, жеке психологиясына негізделеді.
Тағы бір ескертетін заңдылық, мұғалім белгілі бір психологиялық ұстанымдарды дұрыс ескеріп отырса ғана, оларды сауатты түрде басшылыққа алса ғана, тіл үйренуде осындай сезім туып, оқудың пайдалы, тиімді, нәтижелі болуына ықпал етеді.
Ол ұстанымдар:
- оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымы;
- сезімталдық ұстанымы;
- жүйкеге күш түсіру ұстанымы;
- қарым-қатынас ұстанымы;
- жүйелілік пен жалғастық ұстанымы.
Сөз адамның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстармен қарым-қатынас адамның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстармен қарым-қатынас жасаудағы таным-тәжірибесін танытады. Соған орай сөздердің табиғатын тек қана тіл бірліктері ретінде ғана емес, сонымен бірге психологиялық үдерістер: қабылдау, ес, ойлау және т.б. деңгейде алып қарастыру қажет.
Ес дегеніміз – тек қана ақпаратты сақтаушы ғана емес, сонымен бірге алынған мәліметті қайта өңдеуші. Ал лексиканы ойлау үдерісі тұрғысынан қарастыру психолингвистика пәнінің аясына жатады, тіл психикалық феномен ретінде қарастырылады» – дейді әдеби нұсқаулықтарда [1, 132].
Сөздер сөйлеушілердің санасында семантикалық өріс болып, тақырыптық-мазмұндық жақындығының негізінде топтасады. Абстракцияның арасындағы мәндік байланыстар таңбаланушылар арасындағы ассоциативті байланыстармен анықталады.
Бұл анықтамада зерттеуші семантикалық өрісті жүйедегі сөздердің әр түрлі деңгейлерінің өзара мәндік қиылысуы, байланыстары негізінде пайда болған сөздердің топтасу деп ұғады. Таным деңгейіне қарай мектеп оқушыларын жас ерекшелігімен талдап көрсетсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет