Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


Жобаның теориялық – әдіснамалық негіздері



бет3/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Интеграция

Жобаның теориялық – әдіснамалық негіздері. Жоба негізінде тың идеялар мен ұсыныстар, ғылыми мақалалар қаралып, қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытудың білім берудегі жетістіктерін, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді және мектептер арасындағы қолданыстағы оқулықтар мен оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық принциптері негізге алынды. Жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары қаншалықты қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуға лайықталған немесе дайын, сонымен қатар, аралас мектептердің сұранысындағы оқулықтар қатары осы талапқа сәйкес келе ме? Ең бастысы, оқулық мазмұнындағы әдіс-тәсілдер тиімділігі қаралды.
Шетелдік ғалымдардың осы ретте тілдерге сараптама жасаған еңбектері, отындық «Хабаршы» ғылыми-танымдық журналдар, Scopus ғаламдық сайты басшылыққа алынды. Атап айтқанда, тілші-әдіскер ғалымдар А.А.Бейсенова, Б.Құлмағамбетова, М.Қожамбердиеваның еңбектері, 5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы (авторлары: Г.Қосымова, Ж.Даулетбекова, «Ата-мұра» баспасы) басты назарға алынды.
Жобаның әдіс-тәсілдері.Диплом жобасында 5-сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту тапсырмалары мен жаттығуларын сабақта қолдану үшін сандық технологиялар, әдістемелік құралдар мен топтамаларды қолдану, талдау, саралау, жүйелеу, анализ, синтез әдісі, жаттығу әдісі, эксперимент, салыстыру, баяндау әдістері қолданылды.
Жобаның теориялық, практикалық маңызы. 5-сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастыруға бағытталған жаңаша бағыттағы тақырыптар мен тапсырмалар жазып шығу қажеттілігі бар деп есептеледі. Оны мектеп мұғалімдері қолдана алады, сондай-ақ мектеп оқушылары қазақ тілін өте жеңіл меңгереді. 5-сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылар танымдық қабілеттерін арттыра отырып, қарым-қатынастық және танымдық еркіндікке бағытталды.
Дипломдық жобаның жаңалығы ретінде:
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастыру арқылы оқыту негіздері жүйеленеді;
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастыру арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі құралады;
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталады;
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту алғышарттары ескеріле отыра, интеграция тәжірибелерінің жиынтық әдістемесі ұсынылады.
Жобаның құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен – екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет