1-сурет. Салыстыру (контрастивті) әдістің жетістіктері мен кемшіліктері
Бұл кемшіліктің орнын пәндерге типологиялық талдау жасау арқылы толықтыруға болады. Төмендегі суреттегі баспалдақтардың арасында белгілі бір байланыс бар: әдіс – танымның жалпы ғылыми ұстанымдарынан келіп шығады, сосын жұмыстың тәжірибелік тәсілдердің жиынтығын фактілер негізінде қарастыруда іске асады. Ендеше, бұл әдістердің жиынтығын қолдану сан түрлі тілдер синхрониясында тиімдірек нәтижеге жетпек.
2-сурет. Ұстаным – әдіс – тәсіл
Педагогикалық алғышарттарынан бұрын басқа пәндермен салыстыра оқытудың психологиялық ернекшелігіне тоқтала өтейік, ең бірінші кезекте – сыныпта жағымды атмосфера орнату. Содан кейін, сәттілікке бағытталу – оқушылардың бір-біріне сабақты меңгеруде сәттілік тілеуі. Ары қарай, тақырыпты меңгеруге деген мотивация болып жалғасын табады. Сабақтың ақыры – оқушының кері байланыс жасап, алған эмоционалды әсерін тыңдау, байқау [2].
Біздің басқа пәндермен салыстырмалы әдістерді таңдап алған себебімізді аша түсу үшін, сараптамамыздың басында психо-лингвистикаға барғанымызды, одан келіп педагогикаға – әдіс-тәсілдер жүйесіне жүгінгенімізді сөз етпекпіз. Әрбір тіл – әрбір ұлттың жанынан, руханиятынан, танымынан хабар беретін болғандықтан жалпы білім беретін мектептерге қазақ тілін оқыту ерекше талапты қажет етті. Тіл үйрету жұмысы – өте күрделі жұмыс, сондықтан тілдің пәндік-қатысымдық қызметін жүзеге асыруда психологиялық негіздерге сүйену де қажетті әдіс болып табылады.
5-сыныпқа арналған эксперименттік сауалнамалар мен тестілеулер нәтижесі оқушылардың өз бетімен шешім қабылдау қабілетінің арқасында орай екі типке бөлінеді: біріншісі – қайта жаңғыртуға, екіншісі – өнімді сапалар.
Аталған ретпен біз мақсатты түрде жоспар құрмастан бұрын, мектеп оқушыларына тілге жатық, санаға ұғынықты түрде жаңадан енгізіліп жатқан әдістер жайлы айта кеткеніміз жөн. Сонан соң ғана іріктелген материалдарды, жаттығуларды ұсынса болады. Қазақ тілі сабағында тек ереже мен ауызша беріп қана қоймай, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданып, ережелерді, анықтамалар мен заңдылықтарды оқушылардың өздері қорытып шығаратындай дәрежеге жеткізгені жөн.
Жалпы, қазақ тілін оқытуда психологиялық процестерді ғалымдар былай қарастырады екен.
1. Жаңа материалды таныту процесі (тақырып оқушыларға хабарланады);
2. Материалды дағдыландыру процесі (психикалық жұмыстар ескеріледі);
3. Материалды қайталау процесі (материалдар еске түсіріледі) [2].
Келесі байланысты логикамен қарастыра аламыз. Логика ғылымы дәл ойлау, дұрыс пікірлесу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын үйретеді. Оқулықтағы ережелердің дәл болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуге логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.
Қазақ тілін оқыту методикасын тарихпен, музыка, дүниетанумен байланыстыра беруге болады. Тілші-методист ғалымдар С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, Д.Әлімжановтардың еңбектерін қарастыру тарихқа шолу болса, бүгінгі ғалымдар Қ.Жолымбетов, Х.Арғынов, т.б. пікірлерін ескеру қазақ тілін оқыту методикасын кеңейте түседі.
Қазақ тілі сабақтарында эксперименттік тапсырмалар оқушылардың бағамдауын, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда таптырмас құрал деуге болады. Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, «Ойлан – тап», «Не? Қайда? Қашан?» ойындары арқылы өткізеді.Осы мезетте оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктер мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінуі тиіс. Қазақ тілі пәні олимпиадалары, қазақ тілі апталығы, танымдық сөз жұмбақтар, тілдік ойын тапсырмалары, жоба қорғаулар, интеллектуалды жарыстар, т.б. соңғы кездерде көптеген білім материалдарына жазылғанымен, оларды тартымды әрі қызықты етіп өту басқа пәндермен байланыстыруды талап етеді.
1.2 Қазақ тілін әдістемесін қалыптастыруда қолданылатын зерттеу әдістер
Қазақ тілін оқыту методикасын, зерттеу әдістерін теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әртүрлі. Білім беру әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасы туралы ғылыми методикалық еңбектер және практикалық методиканы жасау үшін қолданылады.
Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасын теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланылады. Бұл ретте мынадай тәсілдер жүзеге асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |