Кесте – 1. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай таным деңгейі
Оқушының жас шамасы
|
Пәні
|
Әдіс-тәсілдер
|
Таным аясы
|
5-6 жас
|
«Сауат ашу»
(Әліппе)
|
Ойын технологиясы
|
Көру, есту деңгейі;
Сипап сезу деңгейі;
|
7-9 жас
|
«Қазақ тілі»,
«Әдебиеттік оқу»
|
Ойын, деңгейлеп, саралап оқыту
|
Көру, есту деңгейі;
Сипап сезу деңгейі;
Түйсіну деңгейі.
|
10-12 жас
|
«Қазақ тілі»
|
Сын тұрғыдан оқыту, салыстыра оқыту
|
Көру, есту деңгейі;
Сипап сезу деңгейі;
Түйсіну деңгейі; Сезіну деңгейі.
|
13-18 жас
|
«Қазақ тілі»
|
Салыстыра оқыту, жобалай оқыту
|
Көру, есту деңгейі;
Сипап сезу деңгейі;
Түйсіну деңгейі; Сезіну деңгейі;
Ұғыну, қалыптасу деңгейі.
|
Қолдану аясы мен танымына қарай «ассоциациялық ая» құрайтынын парадигмалық және синтагмалық аяларының кеңеюімен байланыстыруға болады. Ал, парадигматикалық байланыс дегеніміз – тілде, ал синтагматикалық байланыс дегеніміз – сөйлемде өмір сүретін байланыс. Синтагматикалық байланыс – сөйлеу қызметінің синтаксистік заңдылықтарына бағынады. Сөз дегеніміз – стимул ретінде сөз реакциямен синтаксистік қатынасқа түсіп, сөз тіркесін немесе сөйлемнің негізін құрайды.
Қазақ тілін эксперимент түрінде басқа пәндермен байланыстыра, салыстыра оқытуды мынадай формаларда беруге болады:
1. Қазақ тілінен алынған өздік жұмыстар, сауалнамалар, тестілеулер;
2. Сыныптың сапалық анализі;
3. Басқа пәндермен салыстыра оқытудың сапалық көрсеткішін сандық анықтау.
Жалпы, салыстыру (контрастивті) әдісінің жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсетер болсақ, жетістіктер: әр түрлі пәндерді грамматикалық, лексикалық, фразеологиялық жүйесіне талдау жасайды.
Кемшілігі: әр түрлі салалардың ортақ, ұқсас қасиеттері мен құбылыстарын зерттеуге аса назар аударылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |