Зерттеу жұмысының сыннан өтуі:
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тараудан: бірінші тарауы Алаш қозғалысының кеңестік және посткеңестік мәселелер бойынша деректер деп аталып мынадай бөлімнен тұрады: Кеңестік тұстағы Алаш қозғалысының тарихнамасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңындағы Алаш тарихының зерттелуі. Екінші тарау: Біртұтас «Алаш идеясы» және Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері, Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары. Үшінші тарау: Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы, Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы сынды бөлімдерінен және қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Кеңестік уақыттан посткеңестікке дейін: Алаш қозғалысы мәселесінің зерттелу тарихнамасы
1.1 Кеңестік тұстағы Алаш қозғалысының тарихнамасы
Ресейдегі қосөкіметгілік жүйесінде болып өткен қазақ сьездерінің күн тәртібі, олардың өтілу барысы және қабылдаған қаулы-қарарларының орындалу деңгейі туралы алғашқы түпнұсқалық деректерді Алаш қозғалысының өзі тудырғаны баршамызға аян. Сондай тарихи деректерді болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру да ұлт зиялыларының назарынан тыс қалмаған.
1917 жылғы ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, патшаның тақтан түсірілуі Ресей империясы құрамында болып келген халықтардың ұлттық қозғалыстарының жаппай өрбуіне ерекше ықпал етті. Ресейлік басқа ұлттар сияқты қазақ халқы да ендігі сәтте жаңа қоғам құру ісіне белсене араласу қажеттілігін түсінді. Өйткені, ақпан революциясы бүкіл ресей халықтарына жаңа тұрғыда даму мүмкіндігін туғызды. Ақпан төңкерісінің қазақ халқының саяси санасының жандануына ерекше ықпалды болғанын сол кездің өзінде-ақ жазылды. Мәселен, қазақ өлкесінде ерекше беделді басылым болған «Қазақ» газетінің 1917 жылғы көктем айларындағы сандарында «Зор өзгеріс», «Реттелу керек», «Тендік» және «Алаш ұлына» атты мақалалар жарық көрді [1]. Бұл мақалалардың мазмұның Ресейдегі ақпан төңкерісінің ең басты жемісі азаттық, бостандық пен теңдіктің қадыр-қасиетін жете түсініп, елдің жаңару жолындағы жасап жатқан алғашқы қадамдарына жақтас болып, қолдау көрсету. Сонымен қатар қазақ үшін бұл зор өзгеріс азаттық таңы атқанмен бірдей деп бағалаған пікір алдымен айтылған. Азаттық, теңдік пен бостандыққа ие болған шақта жаңа үкіметке (Уақытша Үкімет) қолдау көрсете отырып, ұлттық мақсат-мүддемізді іске асыратын шараларды бастау керектігі, Алаш ұлдарының қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласуы қажеттілігі осы мақалаларда баса айтылады [1, 15б].
Соңғы уақытта халық өкілдерінің саяси тұлғасын, жалпы азаматтық болмысын сомдауға жол ашылғанымен, жергілікті жерлердегі айталық уездік
облыстық (қазақ комитеттерінің белсенділерін толығымен зерттеу әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан, осындай тұлғалардың артында қалған ұрпақтары мен замандастарының естеліктерінде және жергілікті жерлердегі тарихи мұраларды бір жүйеге келтіріп жинастырып жүрген өлкетанушыларда сақталған деректерге сүйеніп, оларды шама келгеніше халқымен қайта қауыштыру арқылы зерттеу жұмысының қатпарлы тұстарын ашуға талпыныс жасалып отыр. Бұл мәселеге байланысты «Бірлік туы» газеті: «...осы күні халық күшін бастап жүрген Алаштың әрбір азаматы әр қадамын аңдап басуға міндетті. Өйткені, тарихтың қатты жазасын қалың халық жалпы көтерсе де, ол
жазаның кінәсін әр уақыт бірнеше көсемсінген адамдар-ақ істеп тастайтын... Болашаққа көз жіберіп, алдыңда белгілі бір қарақшың болмаса, өмірдің қателері
де көп болады... Алаштың көз тігіп, ұмтылатын мақсаты - бірлік, түгелдік», - деп ұлт өкілдерінің әрбір басқан қадамы, жасаған әрбір іс-әрекеті келешек ұрпақтың тағдырын шешетіндігін, сондықтан ел басында жүрген азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін айтады.
Қазақ сьездеріне қатысты алғашқы пікірлерді Алаштың танымал жетекшілері Ә. Бөкейханев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, А. Кенжин, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедовтермен қатар бүркеншік есімді авторлардың деректік негіздегі мәліметтері мен сол кезеңнің шынайы келбетін сипаттайтын саяси-әлеуметтік тақырыптарға жазылған мақалалалары береді. Мәселен, Уақытша үкіметтің қызметіне орай «Бірлік туы» газеті: «..оның ең бірінші міндеті - мемлекетті аман-есен Учредительное собраниеге жібертіп, тапсыру еді. Бірақ ол өзінің бұл міндетін атқара алмады» - дей келіп, - «мұның себептерін тексеріп, Уақытша үкіметті ақтап, иә қаралап шығару тарихтың ісі. Бұған Россияның сол күндердегі әртүрлі ахуалы себеп-болды ма, жоқ Уақытша үкіметтің өзінің тұтынған бағыты бастан-аяқ теріс болды ма, мұны айырып, бұл жұмбақты шешетін тарих екендігін, әйтеуір, не қылғанымен, Уақытша үкімет өзінің мойнына алған міндетін атқара алмай, мемлекет тізгінін қолынан шығарып алғандығын» жазады. Осы басылымның 15-ші санында: «..өзгеріс болғаннан бері... Россиядағы әртүрлі жұрттар әлденеше рет сиездер құрып, бас қосып келешектегі жаңа тіршілікке әзірліктерін жасап, ата тілектерін жарыққа шығаруға ұмтылған іс-әрекеттеріне мемлекеттегі «қызғаншақ» таптардың «олардың бұл істері асығыстық. Россияның мынадай қиын сәтін пайдаланып қалу» деген сөздеріне орай түбінде ұлттық халықтарды айыптауға болмайтындығын, өйтккені найзадан бұрын туған, халық тілегінің бостандық шуағы астында бұлайша тасып шығуы - табиғи іс. Сондықтан, оны асығыстық деп тоқтатуға тырысу адасқандық», - деп, автономияға халықтардың бас қосып, өз алдына әрекет адамзаттық қасиеттер тұрғысынан баға береді [2].
Сондай-ақ, 1917 жылы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық дерлік мәселелері толықтай шешілді деуге болмайды. Жалпы Ресей кеңістігінде бас көтерген ұлт-азаттық қозғалыстар даму жолы (тактикасы мен стратегиясы), ресми билік иесі Уақытша Үкімет тарапынан толықтай қолдау таппады. Бұл мәселе туралы сөз алда болады. Қазақ халқының көшбасшысы ретінде кеңінен танылған, 1917 жылға дейін халыққа жағымды істерімен жұртшылылыққа мәлім болып келген Алаш қозғалысы қайраткерлері ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан күрделі жаңа жағдайда саяси күрес жолына шықты. Дәл 1917 жыл Алаш қозғалысы тарихындағы ең бір маңызды да, шешуші жыл болғаны тарихтан белгілі болып отыр. Алаш қозғалысының өлкедегі жетекші саяси күші ретінде танылыуының өзіндік тарихы бар. Қазақ қоғамының Алаш қозғалысына қолдау көрсетіп, оған ілесуінің әр түрлі сипаттағы мән-мағынасы бар. Атап айтқанда:
- Алаш қозғалысы қайраткерлері қазақ халқының мұң-мұқтажын жете түсінді:
- Қозғалыс қайраткерлері өздерінің білімділігімен және біліктілігімен көпшіліктің үміт-сенімдерін әрдайым (1905 жылдан бастап) ақтап келді;
- Қозғалыстың ағартушылық саласындағы орынды іс-әрекеттері, олардың қазақ қоғамы арасындағы беделін көтереді;
- Ұлттық бірлік пен халықтың өзін-өзі билеу құқығын іске асыруды жолға қою бағытындағы туындатқан идеясының жұртшылыққа кеңінен мәлім болуы және т.с.с. іс-әрекеттері Алаш қозғалысын өлкедегі жетекшілік позициясын айқындап берді.
Алаш қозғалысы төңірегінде топтасқан қазақ зиялылары және олардың түрлі әлеуметтік топтарға жататын жақтастары қазақ өлкесінде жаңа әмір құру ісіне қарқынды түрде араласа бастады.
Олардың бұл бағыттағы бастамасы ресми өкімет Уақытша Үкімет тарапынан қолдау таба бастады. Өйткені Уақысша Үкімет аса күрделі саяси жағдайда Ресейдің шеткері аймақтарында бас көтерген ұлттық қозғалыстармен санасу керектігін жете түсінді.
Тақырыбымызға байланысты зерттеулердің ішінде 10-шы жылдың соңы 20-шы жылдардың бас кезіңде. жарық көрген еңбектердің ерекшелігі, ол мәселенің негізгі мән-мағынасын ашып көрсетуде жан-жақтылық пен деректілік сипат танытуында деп білеміз. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжыр ойлар А.Байтұрсыновтың атақты «Революция және қазақтар» деген мақаласында айтылды [3. 85б]. Бұл мақала А. Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы «Жизнь национальностей», газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген.
А.Байтұрсынов аталған еңбегінде Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар Кеңестік Қазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда А.Байтұрсынов Кеңес өкімет жариялаған - «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» нақты іске асырылуын баса көрсеткен, Бұл құжат жалпы алғанда демократиялық сипаттағы мәтінде берілген болатын [3. 110б].
Бұдан кейін С.Сейфуллин «Қазақ интеллигенциясы» деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандаңдыруға ізденістерін де жоққа шығармаған.
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы жэне олардың Кеңес өкіметімен арақатынасы туралы пікірлер 1919-1920 жылдардағы большевиктік бағыттағы баспасөздерде жарық көрді: Айталық қарастырылып отырған мәселеге аз да болса тоқталған С.Сейфуллин, М.Атаниязов, О.Исаев, П. Варламов, С Мещеряков өз мақалаларында құжаттық деректерді талдаудан өткізбей жатып-ақ оларды бір жақсы бағалады [4, 56б]
С. Сейфуллиннің Алаш немесе Алашорда қозғалысы туралы көзқарасы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып шыққан «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталған тарихи еңбегінде нағыз большевиктік рухта сипат алғаны мәлім. С. Сейфуллиннің Алашорданы реакцияшыл ұлтшылдық көзқарастағы саяси ұйым ретіндегі айыпталуын іле-шала Ә. Әйтиев те қосылған [5, 96б].
Алашорда қозғалысы: тарихы ресми тұрғыдан, таптық және партиялық тұрғыдан зерттеу» науқаны Ф.Голошекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген) 1925 жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорда қозғалысы жетекшілері мен қарапайым мүшелеріне қарсы саяси науқан да басталды. Идеологиялық тұрғыда күрес Қазақстан бойынша жаппай жүргізіле бастады. Алашорданы қаралайтын еңбектер пайда бола бастады. Бұл істің басы-қасында Өлкелік партия комитеті болғанын архив құжаттары растайды.
БКП(6) Қазақ Өлкелік комитеті секретариатының 1926 жылғы 10 қарашадағы мәжілісінің №55 хаттамасында былай делінген «...Оқу орындарында Алашорда қозғалысын тарихи арналарда оқыту үшін арнайы брошора-көмекші кұралдарды шығару жөнінде. Брошюраны құрастыруды Мартыненко және Сейфуллин жолдастарға тапсырылсын» [5, 134б]. Секретариат мәжілісінен кейін, іле-шала сол жылғы 25-30 қарашада өткен БК(б) Қазақ өлкелік комитетінің екінші пленумы Қазақстан партия ұйымымдарын алашорда идеологиясына қарсы идеялық күресті күшейтуге шақырды. Партиялық тапсырыспен сол кездегі республикалық мемлекеттік баспаның директоры А.К.Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы «Краткий исторический очерк национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг.» деген атпен кітапша шығарады [6, 58б].
Ал, 1934 жылдары жазылған Б.Қаратаевтың «Краткий очерк истории Алашорды» атты қолжазбасы, 1935 жылдары жазылған Ә.Әйтиевтің естеліктері, 1936 жылы жарық көрген «Из истории Партийного строительства в Казахстане» деп аталатын құжаттар мен макалалар жинағы [7]. І. Қабыловтың «Сосредоточить огонь против казахского Национализма» мақаласы БК(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметінде болған А.Мусиннің партия активтеріне арналған «Об истоках национал-уклонизма в Казахстане» атты лекциясындағы мәліметтер және т.б. осы сияқты зерттеулер мен мақалалардың көпшілігі Алаш қозғалысына қатысты мәселелердің анық-қанығына көз жеткізбістен, «контрреволюциялық әрекеттер жасады» деп айыпталған қазақ зиялыларының саяси құғын-сүргінге ұшырауын ғылыми негіздеуге бағытталды. Сөйтіп, олар кеңестік тарихнамаға қызмет етті.
ХХ ғасырдың 40 жж. бастап Алаш зиялылары саяси қуғындалып, атылып кеткеннен кейін кеңестік тарихнамада Алаш зиялылары туралы мүлдем тыйым салынды [8].
1940 жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде (1943 жылы М.Әбдіхалықов пен А.Панкратованың басшылығымен шыкқан «Қазақ ССР тарихы» оқулығының орны ерекше [9]. Мұнда қазақ сьездеріне қатысты мәліметтер өте қысқа, әрі таптық тұрғыдан берілгендігіне қарамастан, тарихи кезеңнің шындықтары жазылды.
Енді Қазақстан тарихшыларының барлық күші жоғарғы оқу орындарына арналған казақ халқының тарихы туралы оқулық жазуға бағытталды. 1943 жылы Қазақстан тарихы туралы оқулық, тарихи тақырыптарды коммунистік партияның рөлі, Сталиннің ұйымдастырушылық, көрегендік саясаты жазылатын болды. Осындай жағдайда Е. Бекмаханов өзінің «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жж.» деген монографиясында алғаш рет тоталитарлық жүйе жағдайында Алаш зиялыларының еңбектерін пайдаланды. «Ол оның қудалануының бір себебі болды [10, 58б].
1950-1960 жылдары жарық көрген Т.Елеуовтың, Ж.Қарагусовтың, К.Бейсембиевтің, С.Кенжебаевтың зерттеу еңбектері мен Қазан төнкерісі және Азамат соғысына арналған мақалалар мен құжаттар жинақтарында Алаш қозғалысының сол ескі сарындағы (20-30 жылдардағы) көзқарастар тұрғысынан бағалады.
Яғни, 1960 ж «Социалистік Қазақстан» 19 қазандағы санында Р.Байжасаровтың аймақтың және бүкіл елдің тарихында көрнекті тұлға ретіндегі Т.Рысқұлов туралы мақаласы жарық көрді. Алайда бұл мақалаға қараша айындағы Орталық Комитеттің бюросында өте ірі саяси қате деп баға берілді. Сонымен қатар Т.Рысқұловтың ақталуы оны жастар арасында насихаттауға негіз бола алмайды деп сыналды. 1968 ж. С.М. Киров атындағы. Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология кафедрасының ұстаздарытың М.Жұмабаевтын ұлттық әдебиеттегі әдеби мұрасының маңыздылығы туралы талқылауында Партияның Орталық Комитетіні» сынына ұшырады [4, 85б].
Ал 1970-1980 жылдардағы зерттеушілердің бұл кезеңдегі «социалистік реализм» тұрғысынан маркстік-лениндік әдістемесімен жазылған еңбектерінде негізінен (қазан төңкерісін дәріптеу, Қазақстандағы Кеңестік өкімет құрылысының жүргізілуі, азамат соғысы кезіндегі большевиктер партиясының ұлттық аймақтардағы жетекшілік рөлі, олардың интернационализм. Негіздерін қалыптастырудағы рөлі және т.б. ерекше сипатталды.
Алаш қозғалысы сияқты, шын мәнінде ұлт-азаттық сипаттағы саяси күштер туралы Сталиндік заманнан бастау алған бағалау принципі айшықтала түсті. Бұл кезең зерттеушілері Алашорда қозғалысы туралы тікелей жазбағанмен де, кез келген сәтінде большевиктік билік негізінде саяси құрылыстың орнауына кедергі келтірген «кері тартпа» күштер ретінде көрсетуге тырысты. Бұл кезең зерттеушілері Алашорда тарапынан позитивті көзқарастар да байқалды. Ол қазақ зиялыларының ағартушылық қызметінің кеңестік тарихнамада танылуы. Оның үстіне зерттеушілер Алашорда қозғалысының сипатын ашып көрсетуде тарихи құжаттар негізінде және сол кездегі «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» және т.б. газет және журналдарды ғылыми айналысқа енгізуін атап көрсетеміз.
1970-1980 жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде тарихи маңызды еңбектер де туындалды. Атап айтсак, С.Зимановтың, К.Нұрпейісовтың, М.Хaсылбеков пен Ш.Тастановтың, П.Пахмурный мен В.Григорьевтың, Ж.Қасымбаевтың, Д.Дулатованың іргелі зерттеулері тарихнамада орын алып отыр. Осы арада Алаш қозғалысы мен Алашордаға тікелей немесе жанама қатысы бар зерттеулер Қазақстанның Шығыс аймағы тарихына тән екендігін ескертеміз. Оның тарихи себебі Алаш немесе Алашорда қозғалысында Қазақстанның Шығыс аймағы басты қайнар көздердің бірі болғандығы.
Н.П.Кузенко 1983 жылы «Пролетариат диктатурасын, ңығайтудағы Қазақстандағы Кеңестердің облыстық және уездік сьездерінің ролі» деген тақырыпта қорғалған диссертациялық еңбегінде: 1917 жылдың қараша айы мен 1918 жылдың маусым айлары аралығында шамамен 60-қа жуық Қазақстан Кеңестерінің облыстық және уездік-сьездері болып өткен және оған орта есеппен 150-200-дей өкілдер қатысқан», - деген тұжырым жасайды. Диссертацияда қазақ сьездері нақты мәселеге жанама ретінде ғана баяндалады.
Осы тұста айта кетуіміз керек - зерттеу жұмысының барысында 1917-1919 жылдарда әртүрлі деңгейде өткен болыстық уездік, облыстық және жалпы қазақ сьездеріне қатысқан өкілдердің саны орта есеппен 20-дан 800-ге дейін жеткендігіне көз жеткізілді.
Қазақстан Алаштану мәселесін алғашқылар болып зерттеуді К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова және Т. Омарбековтер бастады.
Мәселен, Д.И. Дулатованың өз зерттеу еңбегінде 1917 жылғы акпан революциясына дейінгі Қазақстанның тарихнамасына тоқтала келіп, жекелеген авторлардың бұл төңкерістің Қазақстанға тигізген ықпалына байланысты жасаған жаңсақ тұжырымдарын сынға алуы - соның айғағы.
«Қазақстан Коммунисі» (қазір - «Ақиқат») журналының 1990 жылғы 5-санында (мамыр айы) редакция алқасының ұйымдастыруымен «Алаштың ақиқатын кім айтады?» деген тақырыпта топтама берілді. Осы тақырып бойынша зерттеушілер В.К. Григорьевтың, К.Нұрпейісовтың және Т.Кәкішевтің мақалалары жарық көрді. Зерттеушілер К.Нұрпейісов пен Т.Кәкішев Алаштың саяси ұйым ретіндегі, қызметіне алғаш рет оң баға берді. Сол жылы зерттеуші М.Қойгелдиевтің «Арай» журналының 8-9 сандарында «Алашты бұғаудан қашан босатамыз» деген тақырыпта ауқымды мақаласы жарияланды. Алаштану мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосқан еңбек болды.
1990 жж. аяғына қарай Алаш зиялылары туралы әртүрлі зерттеулер, мақалалар шыға бастады. Мысалы, В.П. Осиповтың «Всматриваясь в 20-30 годы» |49| деген 1991 ж. шыққан еңбегі Қазақстан Компартиясының ұйымдық-
саяси даму тарихына арналады. Ол өз еңбегінде Қазакстандағы «Алаш» қозғалысын буржуазиялық, ұлтшылдар, ұлтшыл уклонистер деген айыптауды жалғастырып, «Алаш» қозғалысының тарихына-обьективтік баға бере алмаған.
Қазақстандағы тарих ғылымының зергтелуіне арналған И.М.Қозыбаевтың 1992 ж. шыққан «Историческая наука Казахстана» деген тарихнамалық еңбегінде ХХ ғ. 40.-.80 жж. арасындағы тарих ғылымының зерттелу мәселесі жан-жақты белгілеген [11, 112-124бб].
Жалпы зерттеу мәселесінде көрсеткендей, 30 жылдары Қазақстанда үстемдік алған жаппай құғын-сүргін саясатының шеңгеліне Алаш қозғалысы қайраткерлері алдымен ілінді. Ал ресми үкімет органдарының Алаш мәселесін жабық деп табуы, тікелей Алаш немесе Алашорда қозғалысына арналған зерттеулер жүргізуге 80-жылдардың соңына дейін мүмкіндік берілмеді. Сонымен, Алашорда тарихын зерттеу ісі 20-30 жылдары осындай-ретпен өтті.
Сондай-ақ қазақ зиялыларының ХХ ғ. басында қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең өткен ғасырдың 80 жж. соңына қарай басталды. оған жол ашып берген бүкіл Кеңестер одағын қамтылған қайта құру үдерісі. Соған байланысты Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жағынан тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін құрылған комиссияның шешімдері болды. Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі «деңгелек столдардың» тақырыбына айнала бастайды. «Қазақстан коммунисі» журлалы мен «Социалистік Қазақстан» газеті «Алаш» қозғалысына арналған мақалалар топтамасын жариялайды. Түрлі басылымдарда «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен саяси көзқарасын талдауға арналған мақалалар жарық көрді.
1.2 Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңындағы Алаш тарихының зерттелуі
Алаш тарихын зерттеудің кезеңі бойынша әртүрлі пікір бар. Ғалым Р.К Нурмамбетова алаш тарихнамасының осы заманғы кезеңін 1992 жылдан бастауды ұсынады. Диплом жұмысының хронологиялық шеңберінде тарихнаманың осы заман шеңберін доцент Н.А. Бейсенбекованың тұжырымына сүйене отырып 1995 жылдан алуды жөн көрдік. Себебі, Қазақстан тәуелсіздік алған тұста елдегі әлеуметтік-экономикалық; саяси жағдай, жалпы халықтың әл-ауқаты өте төмен болды. Кеңестік басқару жүйесіне бейімделген қоғамның нарықтық жағдайға көшуі аса ауыр жағдайда өтті. Ғылым, мәдениетті тежеген экономикалық жағдай, ұлттық тарихты қарастыруда кеңестік идеологиянын, үстем болуы төрт бес жыл көлемінде төл тарихымыздағы жаңаша пікір мен ескі ұстанымдар арасындағы күреске әкелді. Ақырындап тарих саласында қалыптаса бастаған ұлттық тарихты дәріптеудің жеңді.
Өзінің мәні бойынша жаңа тарихнамалық кесім ретінде жіктелуі мүмкін әдебиеттің тұтас массиві пайда болды. Обьективті алғышарттар-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі, демократияландыру үдерістерін өрістету - осы әдебиеттің пайда болуына ықпал етті. ҚР ҰҚК-МҚК бұрын жабық және қол жетпейтін мұрағаттық материалдарын құпиясыздандыру маңызды дәрежеде іздену проблемасының деректік базасын кеңейтті және байытады. Ғылыми айналымға жаңа құжаттарды енгізу, оларды талдау Алаш қозғалысының тарихына қатысты ұзақ уақыт бойы үстем болған тұжырымдамалар мен ережелерден бас тартуға ықпал етті.
Академик М.Қ. Қозыбаевтың әділ ескертуі бойынша осы мәселені зерттеу кезінді акторларды ескеру қажет:
Біріншіден, Алаш партиясы-либералды ұлттық интеллигенция партиясы;
екіншіден, ағартушылық идеялардың ықпалымен қалыптасқан! Оның идеологиясының негізі антиколониалды ұлтшылдыққа негізделді;
үшіншіден, «Алаш партиясының негізін қалаушылар екі мәдениетті, оппозициялық либералды орыс интеллигенциясының мораль Мен Дүниетанымын, оның Кадет партиясының Доктринасын меңгерген маргиналды тұлғалар болып табылды». Сондай-ақ, зерттеуші келесі ерекшелікке назар аударады-бұл партияның ұйымдастырушылық бастамаларының болмауы [11, 56б].
Зерттеу ойының белсенділігі осы кезеңде жарияланған жұмыстардың санына әсер етуі. Проблемалық мақалалармен, «дөңгелек үстелдер» пікірталас материалдарымен, ғылыми конференциялармен, семинарлармен қатар жалпылама, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық жинақтар, шығармалар жиналыстары пайда болды.
Жұмыстың басым бөлігі қазақ тілінде шықты. Қ. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, В. Григорьева, Т. Кәкішев, С. Аққұлыұлы, А. Самурзин, М. Құлмұхаммедтің және т.б. ғылыми мақалаларында Алаш тарихының түрлі аспектілері жарық көрді.
Көптеген жарияланымдардың дербестендірілген сипаты Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Э. Ақпаев, А. Ермеков, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. беймәлім өмірі мен қызметін көрсету арқылы Алаш қозғалысының болашақ әлеуметтік табиғатын, оның саяси бағдарлары мен мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Осы проблеманың, Деректік базасын кеңейтуге У. Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» аннотацияланған библиографиялық көрсеткішін қазақ тілінде (1993 ж.) еді. Деректерді талдау мәселелерін жүреді, тарих фонында Қазақстанның даму басталған ғасыр. Бұл авторға осы басылымның пайда болу себептерін анықтауға, газеттің идеялық бағытын анықтауға мүмкіндік берді. «Айқап» және «қазақ» журналының ғасырлар, басындағы Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-саяси дамуының көптеген келіспеушіліктер сияқты мәселе де назардан тыс қалмайды.
Бұрынғы тарихнамада ең аз әзірленген Алаштың ұйымдық құрылымы, оның қатысушыларының саны туралы мәселе болды. Автор партияның Орталық Комитеті, оның жарғысы туралы мәліметтердің болмауын атап өтті. Бағдарламаның жобасы талқыланбағанына және қабылданбағанына. қарамастан, жергілікті жерлерде партия органдары кұрылды. Партияға мүшелігі туралы Семей «Сары-Арқа» газетінің хабарлалдыруында хабарланды»:
«Алаш партиясы Орталық Комитетінің нұсқауларын мүлтіксіз орындаған және онын бағдарламасын дұрыс мойындаған адам ғана Алаш партиясының мүшесі бола алады.
Алаштың әлеуметтік мәртебесін анықтау кезінде Д.А. Аманжолова осы мәселедегі қиындықтарды және оның мәні туралы әртүрлі түсініктерді атап өтеді. Себебі, ол «қозғалыс болған перманентті-динамикалық күйде-кейін автономия басшылығында болған және 1917 жылғы желтоқсанда бүкіл қазақ сьезінің шешімі бойынша автономияның мемлекеттік органының функцияларын берген партия» деп есептейді [12, 46-74бб].
Сонымен қатар, зерттеуші Алашты осы сөздің классикалық түсінігіндегі партия ретінде бағалауға болмайды. Сондықтан ол Алаш мәртебесін нақты көрсететін қозғалыс-партия» деген анықтаманы пайдалануға қолайлы деп санайды.
Атап айтқанда, Д.А. Аманжоловтың «Алаш» әлеуметтік мәртебесін анықтауда Қ. Нұрпейісовтың 1990 жылғы № 5 «Ақиқат» журналында жарияланған «Алаш саяси партия болды ма» атты мақаласында тұжырымдалған тұжырымын қайталайды.
Осылайша, Д.А. Аманжолова Алаш қозғалысы қызметінің негізгі кезеңдерін және оның саяси ұйымның жаңа сапалы түріне - партияға көшуін анықтайды. Обьективті жағдайларға байланысты бұл кезең қысқа мерзімді болып шықты және 1917 жылдың соңы - 1918 жылдың басы оқиғаларымен үзілді.
«Қазақ автономизм және Ресей Алаш қозғалысының тарихы». Автордың назары ең драмалық кезеңдерде алаш қозғалысының тарихын сипаттайтын сюжеттерді көрсетуге бағытталған: Қазан төңкерісі, азаматтық соғыс. Ұлттық интеллигенцияның бұрынғы тарихнамадағы қызметі дәл осы уақыт беттік және бір жақты көрсетілген.
Д.А. Аманжолова бұрын ғылыми айналымға енбеген көптеген дереккөздерді талдаудың арқасында сол жылдардың обьективті бейнесін қайта құруға қол жеткізді. Сондықтан зерттеушінің тұжырымдары мен қорытулары негізділігі мен сенімділігімен ерекшеленеді.
Алаш қозғалысының дамуындағы үш кезеңді көрсете отырып, автор оның белсенді саяси қызметінің (1918-1920 жж.) соңғы кезеңін талдауда толық тоқтайды. Партия құру процесінің аяқталмауына қарамастан, Алаш ұлттық автономияны құруға көшті. Алашшылдардың азтономия шекарасында өз халқын қорғау мен қорғауға талпыныстары жүріп келе жатқан жалпыұлттық апат пен анархия жағдайында батыл және сонымен бірге өте күрделі саяси шешім болды.
Осыған байланысты зерттеуші большевиктер мен алашшылдардың осы мәселені жүзеге асырудағы айырмашылықтарына назар аударады. Біріншіден-федерация біртұтас мемлекетті нығайтудың құралы болып табылады; ұлттардың өзін-өзі анықтауы туралы ұрандарды пайдалану ұлттық шеттегі большевиктердің позицияларын саяси нығайтуға ықпал етті. Бұл айырмашылықтар олардың өзара қарым-қатынасына әсер-есті. Олардың өзара қарым-қатынастары тарихында автор үш кезеңді бөліп көрсетеді: біріншісі тараптардың ымыраға қол жеткізу әрекеттерімен сипатталады, содан кейін олардан біртіндеп бас тарту және ақырында, конфронтацияны күшейту және кеңестер тарапынан саяси қуғын-сүргінге көшу.
Бұған келтірілген құжаттар дәлел болады. Олардың мазмұны бір-бірін бағалауда екі тараптың айырмашылығын көрсетеді. Қазақ өлкесінде кеңестер ұйымдастыруда қарсылық білдірмей, Д. Досмұхамедов 1918 жылы сәуірде бүкіл қырғыз облыс кеңес үлгісі бойынша қайта құрылуы тиіс. Кеңес болуы керек. Семейде облыстың орталық кеңес басқармасы болуы тиіс». Бұл ретте ол жергілікті жерлерде жұмысшылар мен сарбаздардың жоқтығынан тұратын осы мәселені іске асырудың күрделілігін көрсетеді. Кеңестерді қолдаудың басты себебі, деді Д. Досмұхамедов - Совнаркомның шешімінде қазақ автономиясын құру [13].
Бірақ Кеңес үкіметі Зарапынан Алаш Ордаға деген сенімсіздік байқалып отыр. Нашақор Алаштың буржуазиялық-кадет партиясына жататынын, ал «оның төрағасы - уақытша үкіметтің ставленнигі, Бөкейханов Торғай облисполкомымен іздестірілуде».
Д. А. Аманжолова Алашшылар мен Кеңес өкіметі өкілдерінің қарым-қатынасына теріс әсер еткен бірқатар факторларды атап өтті: кеңестердің автономия туралы ұсыныстарын қабылдамауы, ұлттық коммунистік ұйымдар болмаған кезде жергілікті кеңестер мен большевиктермен қақтығыс сипаты, жергілікті жерлердегі өзіндік диктаторлық билік. Осының барлығы Алаштың Кеңес қарсы күш лагеріне көшуіне ықпал етті,оның үстіне қозғалыс көшбасшылары кадетпен және Сібір эсерлерімен бұрыннан байланыста болды.
Осы уақыттың барлық перипеттерін шынайы жариялау үшін Д.А. Аманжолова большевиктерді мұсылман халықтарына қатысты саяси қателерді жасаған деп тануды куәландыратын құжаттарды келтіру қажет ден санайды.
Талдау материалының осындай берілуінің нәтижесінде зерттеуші осы мәселені жариялауда бір жақты және алдын ала түсінушіліктен құтыла алды. Бұл жағдайда большевиктік басшылықтың Шығыс шеттерін ұлттық қайта құру практикасында рұқсатта нақты түсінік болмағаны анық болады. Мұндай ракурстағы оқиғаларды көрсету барлық қатысушы тараптардың ұстанымдарын, олардың 1918-1920 жж. өзара қарым-қатынасиның тарихын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұрынғы тарихнамада ең аз әзірленген ұлттық-либералдық интеллигенцияның 1908-1912 жылдардағы қызметі туралы мәселе болды. Қ, Нұрпейісов оның қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмысын сипаттайтын үш негізгі бағытты бөліп. көрсетеді. 2) халық ағартушылары бола отырып, олар отандық тарихты Зерттеу арқылы ұлттық сезімдерді оятып, халық санасына айталысты; 3) жалпыұлттық және өңірлік (облыстық) баспасөз орган ұйымдастыру, мұсылман қозғалыстарымен және саяси партия байланыс жасау. Қазақ қоғамы дамуының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, діни, мәдени аспектілерінің барлық кешенін түгел қамтитын зерттеу және шешуді іздестіру.
Бұл ретте аграрлық, атап айтқанда, қоныс аудару саясаты, қазақтардың дәстүрлі өмір салтынан отырғышқа көшу өзекті мәселе болды. Осы проблемаларды шешудің реформистік әдістеріне бейілділік ұлттық интеллигенция көшбасшыларының теориялық «көзқарастарында негізгі болып табылады [14, 56с.].
М. Қойгелдиев болашақ Алаш жетекшілерін Ресей, Түркия ЖОО-ларында оқыту фактілерін олардың идеялық-саяси көзқарастарын қалыптастырудың қажетті және маңызды шарты ретінде қарастырады. Қызметтің бастапқы кезеңі біріншіі орыс революциясының оқиғаларымен сәйкес келеді. 1905 жылдан бастап зерттеуші ұлттық-азаттық күрес аренасына Алаш қозғалысы шығады деп есептейді. Автор құжаттық дерек көздері негізінде А. Бөкейханов, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсыновтың петициялық қозғалыс кезіндегі қызметін, мемлекеттік думаға сайлауға дайындығын баяндайды. Бірінші орыс революциясы оқиғаларына белсенді қатысу қазақ зиялыларының ұлттық азат ету үшін күресті басқарудағы ықтимал мүмкіндікгері туралы куәландырады.
М. Қойгелдиев осы ережені растай отырып, тәуелсіздік үшін күрес идеологиясын қалыптастыруда, Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын нығайтуда маңызды рөл атқарған 1908-1916 жж кезеңін егжей-тегжейлі баяндайды. Өзінің аздығына қарамастан, ұлттық интеллигенция көшбасшыларының қызметі биліктің назарын аударды. Автор Алаш қозғалысы басшыларының қудалауы мен тұтқындалуын куәландыратын көптеген фактілерді келтіреді: 1908 жылы «халық өкілдерінен халыққа» выборгтік шақыруға қатысқаны үшін А. Бөкейханов 1906 жылы Ж. Ақбаев Қарқаралы петициясына байланысты «құқыққа қарсы әрекеттер үшін», А. Байтұрсынов 1909 жылы петицияның мәтінін құрастырғаны үшін [15, 47б]. Олармен қатар 1910 ж, Томск губерниясына жеті адам, олардың жақын туыстары, оқушылары барлығы тұтқындалды. Бұл ретте автор «қылмыскерлердің» бірі – «Байтұрсынов өлеңін жатқа білгені үшін ғана тұтқындалған орыс-қазақ училиесінің оқушысы он бес Асылбек Сулейменовтың жасын көрсетеді.
М. Қойгелдиев материалдар кешенін-Алаш бағдарламалық құжаттарын, мұрағаттық дектерді, оның авторларының шығармаларын зерттеу негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы ұстанымынан Алашорда даму баламасы социализмнің большевистік үлгісіне қарағанда оған неғұрлым қолайлы болып көрінеді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың жарияланымдары өзекті мәселенің тарихнамасында кезеңді болды. Алапттың құрылу тарихы, кезеңдері мен ерекшеліктеріне байланысты негізгі мәселелердің толық баяндалуына қарамастан, зерттеу авторлары «Алаш қозғалысы» терминін анықтауда жұмсалады.
Д.А. Аманжолова ұлттық қозғалысты дамытуда үш кезеңді бөліп отыр: «1905 жылы пайда болған кезде, либералды батысшылдыққа бағытталған интеллигенттер тобының басшылығымен бірінші кезеңде (1905-1916 жж.), ол конституциялық-демократиялық және жер қоғамының оппозициялық қозғалысы арнасында дамыды». Келесі кезең қысқа болды, ол өте маңызды деп санайды, бірақ революциялық 1917 жылмен тұспа-тұс келді, Соңғы кезеңге зерттеуші 1918-1920 жж. кезеңін жатқызады [16, 47с.].
Ол «Алаш және Алаш Орда» ұғымый бүкіл қазақ интеллигенциясына таратуға болмайды деп есептейді, өйткені Алаш оның құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты 1917-1920 жж. - Алаш қозғалысы.
М. Қойгелдиев ұлт-аззаттық қозғалысқа, жалпы Алаш партиясына, Алаш орда үкіметіне, Алаш автономиясына қатысты «Алаш қозғалысы» ұғымын қарастырады.
Алайда, бұл жағдай ақталмады. Әрине, Алаш ХХ ғасырдың басындағы барлық ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ұлт-азаттық қозғалыстағы көптеген ағындар айқындаушы факт болып табылады.
Осылайша 1905-1917 жж. шілдесі қазақ зиялыларының либералды жалпы демократтық қозғалысын қалыптастырудағы, оның ішінде Алаш батыстарды топтастырудағы кезеңдермен анықталады. Қ. Нұрпейісовтің әділ ескертуі бойынша «Алаш қозғалысы» ұғымы партияның, автономияның, оның үкіметінің құрылу кезеңіне және оның 1920 жылға дейінгі большевизмге қарсы тұру кезеңіне қолданылады.
Алаш және Алаш-Орда мәселелері тарихнамасын дамытуда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Жарлығымен жариялануға байланысты іс-шаралар маңызды рөл атқарды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 1998 жылғы халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
Бұл мәселені зерттеуде өзіндік түрткі болды. Алаш және Алаш-Орда тариха түрлі жақтарын баяндайтын жаңа жұмыстар пайда болды. Әлбетте, академиялық тарих және этнология институттары дайындаған еңбектерді атап өткен жөн. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Әдебиет және өнер М. Әуезов атындағы тіл білімі А. Байтұрсынов. Олар: 2 томдық «Грозный 1916 жыл» деректі жинағы; Х. Досмұхамедовтың таңдамалы шығармаларының жинағы, А. Байтұрсыновтың «Қазақ тіл білімі бойынша. зерітеулер» еңбектері; Ж. Аймауытовтың 5 томдық шығармалар жинағы; «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті: қуғын-сүргізте ұшыраған жазушылардың шығармашылығы» кітабы.
«Грозный 1916 жыл» құжаттық жинағында бұрын жарияланбаған көздер негізінде Қазақстандағы 1916 жылғы оқиғалар жан-жақты және толық ашылды. 1916 қозғалыстағы либералды-демократиялық интеллигенцияның қызметін көрсететін құжаттар ерекше қызығушылық тудырады. Жарияланған материалдар бұл интеллигенция өкілдерінің патшалық жарлықты орындауға, олардың көтерілістің себептері мен процесін ұғынуын, А. Бөкейханов ұйымдастырған «Земгороюз» бөтен бөлімінің қызметіне нақты қатысуды көрсетеді [17, 57-63бб].
Алаш қозғалысына жекелеген “көрнекті қатысушылардың өмірі мен қызметін зерттеу соңғы жылдардағы жұмыстардың көпшілігінде саяси қайраткерлер ретінде айқындалған. Олардың ішінде Ғ. Ахмедовтың «Алаш бол онда» (Алматы, 1996); М. Құл-Мұхаммед «монографиясы Ж. Ақпаев патриот, саясаткер, құқықтанушы. Ж. Ақпаевтың саяси-құқықтық көзқарастары шығармаларында айқын баяндалған. Осылайша, тоқсаныншы жылдардағы әдебиетті талдау Алаш проблемасын зерттеуде оның көрсетер ойының айтарлықтай ілгерілегенін көрсетеді. Ең алдымен идеологиялық тиым салулар мен штамптардың салдарынан бұрын ғылыми айналымға еңгізілмейтін құжаттық көздердің кең ауқымын пайдаланудың арқасында, зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығын атап өткен жөн [18, 64б].
Нәтижесінде оппозициялық қозғалыстый пайда болу уақыты, әлеуметтік құрам сияқты Алаш және Алаш-Орда тарихының түйінді мәселелерін жария етуге; Алаш көшбасшыларының қоғамдық-саяси, идеологиялық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарған ішкі және сыртқы факторларды анықтауда мүмкіндік туды. Мәселе әдіснамасындағы маңызды ұғымдар: «Алаш қозғалысы» «Алаш-партия», «Алаш-Орда үкімет» Ұлттық автономия.
Кейбір әртүрлілікке қарамастан, зерттеушілер Алаш қозғалысы жалпы ұлттық антиколониалды қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады деген өз нанымымен ортақ. Ал алашдықтар 1905-1920 жылдары қазақ халқының ұлт азаттық күресінің авангардын құрды. Алаш тарихының ұсынылған кезеңділігі оның қызметінің негізгі кезеңдерін толық көрсетеді. Ғалымдар саяси партияның өз қызметінің қысқа мерзімділігіне және оніпң сапалы жаңа формаға – Алаш Орда-Қазақ автономиясының Үкіметіне қатысты пікірде кездеседі.
Сөз жок, мәселені зерттеудегі жетістік-Алаш пен ресейлік партиялар мен қозғалыстар арасындағы үш революция мен азаматтық соғыс кезіндегі өзара қарым қатынасты зерттеу болып табылады. Большевиктер мен алашшылардың қарсы тұру себептері негізді және сенімді түрде ашылды, олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың негізгі себептері анықталды.
Қазіргі кезеңдегі көптеген жұмыстардың ерекшелігі олардың дербестендірілген сипаты болып табылады. Алаш қайраткерлерінің портреттерінің тұтас галереялары құрылды, алайда олардың қоғамдық-саяси қызметін көрсетудегі кейбір біржақты, жекелеген көшбасшыларды ұлттық нышандар рөліне ұсынуға талпынысты мойындау керек. Бұл үрдістің себебі бірқатар обьективті және субьективті факторларда. Ең алдымен, бұрынғы кеңестік республикалірдың «егемендігі» ғылыми ақпараттық өрістің тарылуына алып келеді, ресейлік және өзге де мұрағаттар қорларына қолжетілімділікті шектеді.
Дереккөздердің жетіспеуі, анықталған материалдарға сыни тұрғыдан қарау, сол немесе өзге Алаш көшбасшыларының рөлін баяндауға әсер етеді. Соңғы жылдардағы ресейлік зерттеушілердің жарияланымдары осы бос орынды қандай да бір дәрежеде толықтырады, олардың қызметіз жаңаша бағалауға, белгілі тарихи сюжеттерді басқаша ойлауға мүмііндік береді. Бұл тұрғыда ресейлік эмиграция тарихынан: А.З. Валидовтың хаттарынан «тарихнамалық сенсация» жұмысы қызмет ете алады. Әлеуметтік реформалар, қозғалыстар мен революциялар тарихы бойынша РҒА Ғылыми кеңесімен дайындалған және 1999 жылы шығарылған. Онда алғаш рет А. Валидов пен М. Шоқаевтың эмиграцияға жазған және ұлттық шеттегі саяси қозғалыстар мен партиялардың олардың байланыстары мен жанжалдарының тарихынан аз белгілі фактілерді көрсетуге мүмкіндік беретін хаттары жарияланған.
А.З. Валидов пен М. Шоқаевтың көшіп кету кезеңіндегі саяси қызметін субсидиялаған Батыс арнайы қызметтерімен байланысын растайтын құжаттар ерекше қызығушылық тудырады. Құжаттар А. Валидов пен М. Шоқаев арасындағы күрделі қарым-қатынасты, эмигранттық ортада бірінші болып көшбасшылық рөл атқаруды қалауын куәландырады [19, 20с].
Осыған байланысты қазақ интеллигенциясының ұлттық-либералдық қозғалысын оның әр алуандығында зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл проблеманың құрамдас бөлігі 1920 жылдардың басындағы Алашшылар мен ұлт-коммунистердің өзара қарым-қатынасы және олардың Қазақстан мен шектес өңірлердің қоғамдық-саяси өміріне әсері мәселесі болып табылады. Алаш қозғалысының Еділ, Орал, Орта Азия халықтарына және бүкіл түркі әлеміне ықпалы мен өзара қарым-қатынасы туралы мәселе өз шешімін талап етеді. Алаш зиялыларының Кеңес билігіне қарсы қарсылық тарихы да жан- жақты зерттеуді талап етеді.
2. Алаш қозғалыстарының құрылу тарихы мен ондағы жер мәселесінің маңызы
2.1 Біртұтас «Алаш идеясы» және Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің-құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің – Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған ұлтжданды ұлдар туды [20, 87б].
XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Жалпы Алаштың ХХ ғасырдағы басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері, еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғаны атат айтқан абзал.
Ақпан револоциясының артын ала, көкек айынан бастап барлық қазақ облыстарында ұлттық интеллигенцияның ұйымдастыруымен үлкенді-кішілі сьездер өткізіле бастайды. «Қазақ» газеті «Сьезд жасау» деген бас мақаласында «әуел, қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну. үшін, екіншісі, учредительное собраниеге» лайық адамдар» сайлау мақсатында алдымен облыстық сьездер өткізуге шақырды.. Жер мәселесі, мемлекеттік құрылыс, халыққа білім беру жүйесі сияқты-кезек күттірмейтін мәселелерді қараған бұл сьездердін жалпы демобратиялық сипатын айта келіп, сонымен бірге олардың ел өмірінде үлкен тарихи кезең болғандығын, терең революциялық құлшыныс туғызғандығын айтпай өту мүмкін емес. Бұл жиындарға қатынасқан өкілдер өз сөздері мен ұсыныстарында халықтың ескі тәртіпке шексіз наразылығын білдіріп, қазақ елінің өзін-өзі басқару хұқын қанағаттандыруды Талап етті.
Тарихшы А.К. Бочагов 1927 ж. жарық көрген енбегінде: «Бұл сьездер халықтың ескі патшалық тәртіпке қарсы жылдар, бойы жиылған кегінің көрінісі болды және сонымен бірге халықтың, өзін-өзі басқару, ұлттық өкімет құру, отарлау саясатының тоқталуы ұлттық мектеп, сот, милиция ұйымдастыру ж.б. үміттерінің көрінісі болды», - деп орынды жазған болатын [21, 79б.].
Июль жалпы қазақ сьезі «Қазақ саяси партиясы» туралы мәселе қарап, күрделі саяси жағдайда «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп» оның программа жобасын жасауды бүкіл россиялық Шура ислам сьезіне сайланған өкілдерге тапсырды. «Қазақ» газетінің партиягың орталық баспа үніне айналды. Алаш партиясының жергілікті комитеттерінің құрылуы баяу жүрді. «Қазақ» газеті 1917 жылға 14 ноябрьдегі санында Орынборда Торғай облысының комитетінің ашылғандығын, оған бар болғаны 14 адам (Орынбордан - 10, уездерден - 4) екендігін жариялады. Осы хабарда партияның мүшелік жарнамасы 1 сомнан екендігі айтылды. Тура осы мезгілде Ақмола, Семей, Орал, Жетісу облыстық комитеттері де құрылды.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа ентізген болатын
Әрбір документтің саяси, әлеуметтік мазмұны бүгінгі биіктен емес, ол өмірге келген мезгіл, оқиғалар ағымында қарағанда ғана тура түсінуге болатындығы мәлім. Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық-демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның ұлттық мемлекеттік-тутастық, жергілікті халықтың жер байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстарды, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдар болатын. Ал алаш бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш (қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» атанған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
Әрине, европалық түсінік; өлшем тұрғысынан алғанда Алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмағандай болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ қазақ қоғам тұстағы қоғамдық даму ерекшелігін ескерсек, Алаш саяси партия есебінде өз міндетін, белгілі дәрежеде, атқара алды және бұл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті деп айтуға негіз бар. Ол күрделі 1917 жылдың күзінде мынадай үш ірі мәселенің дұрыс шешілуіне үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шеттілуге тиіс Жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдар жасауда басты роль атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына енді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпы қазақ сьезін (1917, желтоқсан) даярлап, өткізді. Осы сьезде Әмірге Алашорда ұлттық Кеңес өкіметі келгені және мәлім: Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмаса керек. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік құрылтайға депуттар сайлауында барлық және осы ұйымның атынан делегат болып сайланды.
Әрине, обьективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түрініп араласып кеткен саяси күшке айналуына мүмкіндіктер бере қоймады. Қым-қиғаш Азамат соғысы тұсында мұндай міндеттерді тек Алашорда атанған үкімет қана атқара алатын еді.
Ә. Бөкейхановтың 1917-жылы, әсіресе оның күзі мен қысында мемлекеттік еркіндікке жетудің түрлі жолдарын қарастырғандығын байқауға болады. Мәселен ол осы жылдың күзіне қарай Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономистерімен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Уақытша өкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп ұзай берді. Пәрменді биліктің болмауы ел ішінде түрлі террористік актілерге, жол ашып берді. Бұл жағдай, әсіресе қолында қаруы жоқ қазақ сияқты жұртқа ауыр тиді. Барлық жерде зорлық-зомбылық етек алды. Міне осындай жағдайда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы және ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпы қазақ сьезі болып өтті. Сьездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе - ұлттық автономия туралы баяндама жасаған Ә.Бөкейханов болды. Сьезд бұл мәселе бойынша қарар қабылдап, онда (Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша «Ұлт Кеңесін құрып, оның аты «Алашорда» болсын» деді. Он бес адамнан тұрған бұл өкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл, әрине Әлихан Нұрмұхамедұлының өзін бақытты сезінген сәттерінің бірі еді.
Империя көлемінде қалыптасқан жағдай Алашорда өкіметіне келесі 1918 жылдың күзіне дейін іске кірісуге ырық бермеді. Ал оның төрағасы қазан революциясы жеңгеннен кейінгі кезеңде жасырынып жүріп қызмет атқаруға мәжбүр болды. Өйткені; ол қазақ қоғамына қатысты негізгі мәселелер бойынша большевиктердің бағдарламасын қолдамады, Кеңес өкіметін «найзаның ұшыменғ айбалтаның жүзімен» орнаған билік деп түсінді.
Кеңес билігі тұсында да Әлихан Нұрмұхамедұлы туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес, Өкінішке орай, Сталин басқарған жоғары билік революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясына, оның белгілі лидері Ә.Бөкейхановқа сенімсіздік танытты, қоғамдық қызметін белгілі бір қалыпқа салып, шектеп отырды. Соған. қарамастан ол 1932-1927 жылдары Москвада КСРО халықтары орталық баспасында әдеби қызметкер болып жүріп, өз елінің рухани өсуіне елеулі үлес қоса білді. Осы жылдары оның қаламынан туған көптеген кітаптар, аудармалар, түрлі тақырыптарға жазылған мақалалар соның айғағы. 1927 жылы 1-қазанда «штаттың қысқартылуына байланысты», ал шын мәнінде БКП(б) Орталық Комитетіндегі қызметкерлердің. нұсқауы бойынша қызметтен босатылған Әлихан Нұрмұхамедұлына берілген мінездемеде былай деп жазылды: «Орталық баспада жүргізілгені өзінің ғылыми және әдеби қызметі кезінде азамат Ә.Н.Бөкейханов қазақтардың тілін, шаруалығын және тұрмысын өте терен білетіндігімей қатар, өзіне жүктелген міндеттерге үлкен адамгершілікпенен қарайтындығын танытты» [22, 97б.].
2 жылы Қазақстандағы саяси билікке Голощекин келгеннен кейінгі уақытта республикадағы жер мәселесі қайтадан шиеленісе батайды. Оған себепші болған бұл мәселені шешуде бірініші rезекте ескі патшалық билік тұсында көп зардап шеккен қазақ, бұқарасының мүддесін есепке алудың орнына, орталық биліктің қолдауына сүйене отырып отарлаудың жаңа кезеңін ашуын көздеген жаңа басшылықтың көктем саясаты еді.
Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Ә.Бөкейханов осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО Ғылым академиясы жанынан Профессор С.П. Швецов бастаған экспедицияны құру ісінде белсенділік танытып, оның құрамына өзі де енеді. Қазақстанда жаңа қоныстанушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылым жүзінде. дәлелдеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдары мен ұсыныстары Голощекинге және орталық мекемелерге ұнай қойған жоқты.
Голощекин 6-шы өлкелік партия конференциясында жасаған баяндамасында Сұлтанбековтың КСРО Ғылым Академиясы жанынан құрылған Қазақстандағы жер нормасын анықтау комиссиясының мүшесі, Ә.Бөкейхановка барып жолығуына мынадай баға берді. «Сұлтанбеков жер нормасын анықтауға Москваға барып, нұсқаулар алу үшін Өлкелік комитеттің жауапты хатшысына жолықпай, Әлихан Бөкейхановқа жолығады. Бұл масқара емей не?
Ал бұл хабарды өлкелік комитетке «дер кезінде» жеткізген М.Төлепов болатын. Ол хатында: «Үстіміздегі жылдың шілдесінің оңында егіншілік халкомы Сұлтанбеков жолдас Қырымға бара жатып Москваға тоқтады. Сұлтанбеков жолдас заттарын қонақ үйіне қалдырып, тура сол күні Әлихан Бөкейхановқа барып кешті сонда өткізді. Таң ертең олар әнгімелерін тағы да жалғастырады. Бөкейхановқа жолыққаннан кейін ол Төреғожин және Төлеповпен әңгімелескенде былай дейді: «Әлихан Швецовпен сөйлесіп, ойлағандай етіп бітіруге уәде берді». Әңгіме орталықтағы мекемелер келіспей отырған Қазақстандағы жер нормасы хақында болатын.
Біздің ойымызша партияның күрделі ішкі істерін «Алашорда» басшыларымен талқыға салуға болмайды. Өйткені, соның нәтижесінде, партия қарарында, әсіресе егіншілік халкомы сияқты аса маңызды мекемелерге большевиктер идеологиясына жат, өте реакциялы-алашордалық идеологияның енуі әбден мүмкін, ал ондай біздің жұмысымыз қиындай түспек».
Бұл әрине, Голошекинге таптырмайтын материал еді. Ол жер мәселесінде қазақ комунистері ауытқушылық жіберіп отыр, ал ол ауытқышлықтың негізгі көрінісі бірінші кезекке таптық емес, ұлттық факторларды қоюларында, сөйтіп Бөкейханов бастаған алашордашылардың жер жоспарын іске асыруға күш салуларында деп көрсетті.
Комиссияның жұмысы толық аяқталмай жатып 1926 жылы Ә.Бөкейхановты контрреволюциялық қызмет! жүргізді деген желеумен ОГПУ қызметкерлерді Ақтөбеде тұтқынға алады да, Москваға, Бутырка абақтысына жөнелтеді. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болады.
Зорлықшыл биліктін бұл қоқанлоққысы күресте ширыққан қайраткерлердің жүрегін шайлықтарға алған жоқ еді. Келесі 1927 жылы одақтық егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді. Әшкерелеп сынға алады. Мәселен, ол Қазақстанға қоныс аудару бағытын қолдаған профессор Верашинге жауап сөзінде; «Профессор Верашагин бұрын да қазақтардың жерін тартып, әперіп- орыс помешиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар олармен Верешагин сияқтылар арқылы емес, тікелей келіссөз жүргізуді қалаймыз. РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып отырған жер нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да бұл нормалар болашақта Казақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған», - деп бетке айтады [23, 37б.].
Бұл - бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған үлкен саясаткердің ашық та ашына айтқан соңғы сөзінің бірі еді. Алашордалық қайраткерлерге қарсы 1928 жылы басталып кеткен сот процестері Ә. Бөкейханов пен оның пікірлес серіктерін саяси өмірден біржола ығыстырып тастаған болатын.
Әлихан Нұрмұхамедұлы 1922 жылдан бастап Москвада, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Үкімет орындарының, жеке адамлардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап құдыретті орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпайды. Ұлт-азаттық қозғалыстың басшысына Москвадан ұзап шығуына тиым салынады. 1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының ең белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Әлихан Нұрмұхамедұлын бір-ақ рет шақырып түсінік алумен тынады. Құпия полиция орындарының Бөкейхановты да жауып қоймай, сырт каллыруын шамалап түсінуге болады. Бөкейхановты да тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтат алудан қаймықты.
1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 жылғы 14 мамырда КСРО Жоғары Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталады.
Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелер: болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы мне оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе - ұлттық теңдік, саяси бостандық еді [24, 86б.].
Ақпан төңкерісінің ықпалы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне де үлкен өзгеріс әкелгені белгілі. Әсіресе, бұл өзгерісті қазақ зиялылары үлкен құлшыныспен қарсы алып, қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған ұлттық теңдігіне қол жеткізетін сәт туды деп түсінді. Бұл тарихи кезеңнің ең маңызды ерекшелігі - қазақ қоғамындағы саяси тұтастыққа, идеялық бірлікке негіз қаланды. Оның басты себебі - қазақ халқы үшін барлық азаптың, рухани қысымшылықтың, зорлық-зомбылық атаулының ұйтқысы болған патшалық биліктің құлауы және мұраты бір, сол мұратқа жеткізу жолдарына байланысты саяси идеялық пікір-таластарға орын берілсе де, ұлт зиялыларының асыл арманы- халқына азаттық алып беру болатын. Міне, сол азаттыққа деген үміт сәулесінің берілуі зиялы қауымның бірлік-берекеде болуына қоғам алдында тұрған жаңа міндеттері мәжбүр етті. Патшаның тақтан құлағанын оң өзгеріске жорыған акын Шәкәрім Құдайбердіұлы:
«Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады.
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер»,- деп келекшектен үлкен үміт күтіп, қазақ халқын бірлікке, елдікке, білімге шақырған болатын [25].
Патшаның құлатылуы жайлы мәлімет Ертіс өңіріне наурыз айының басында жеткен еді. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасында «…елде де, қалада да патша түскен соң топ-топ жиналыс. Гу-гу сөздер. Күн сайын жиналыс, күн сайын митингі. Екі күнде бір комитет сайлау. Жиналыс сайын сөйлейтін шешендер, «көсемдер» шыққан… патша түскен, халыққа саяси ерик тиген соң, бұқара халық не қыларын білмеді… Тәжірибе жоқ, жоба жоқ. Жұрттың бәрі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады. Біреуге-біреу басынып, бір лайықсыз іс істесе, «бұл қалай?» десең: - Е, бұл слаубода (свобода) дейтін болатын»,-деп сипаттаған осындай жағдайлар Ертіс өңірінде де өз көрінісін тапқан болатын [26].
Сонымен қатар бұл кезеңдерде көбінесе қазақ оқығандарынан құрылған ұлттық қоғамдық-саяси ұйым «Қазақ» комитеттері өмірге келген еді. Сәуір айында Семейде облыстық Қырғыз (қазақ) комитеті құрылды. Қазақ комитеттері ақпан төңкерісінен кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстың даму нәтижесінде қалыптасып, мемлекеттік еркінділікке, ұлттық мемлекет болуға ұмтылған халықтың алғашқы қадамдарының бірі еді. Қазақ жұртының күшін біріктіріп жолға салу, жаңа биліктің ел басқарудағы ісін нығайту, халықта болып жатқан өзгерістерді уағында жеткізу мәселелерін шешуді бұл комитет өз қолына алған болатын.
Семей қаласында сәуірдің 27-сі мен мамыр айының 7-сі аралығында Қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Семей облыстық қазақ съезі өтті. Ұйымдастыру төрағасы Р.Марсеков болып, бұл съезге облыстың 5 уезінен 200-ге жуық қатынасты. Бұл жиылысқа Алтай өңірінен де қазақ өкілдері келді [27, 15б].
Талқыланған мәселелердің маңыздылығы тұрғысынан бұл съезде ақпан төңкерісінен кейін өңірде қалыптасқан өзгерістерге баға беруге және әлеуметтік-мәдени мәселелердің ауқымын анықтауға деген талпыныс айқын көрінді. Сонымен қатар жиын патшалық тәртіп құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съезд шақыру, мәдени, шаруашылық және дін ісі, уақытша үкіметке көзқарас, жаңа сот пен байланыс жүйелерін қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерді күн тәртібіне енгізді. Соеымен қатар бұл съездің бір ерекшелігі онда мемлекеттік басқару мен қазақ халқының автономиясы туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданған еді.
Бұл кезеңде Қазақ комитеттері өңірдегі Кеңестермен де байланыс жасаған болатын. Мәселен,шілде айында Семей облыстық қазақ комитеті жергілікті жұмысшы және солдат депутаттар Кеңесімен және облыстық атқару комитетімен делегаттық Кеңес құру жөнінде келісімге келеді. Бұл келісім бойынша барлық басқару құқықтары облыстық билікке берілуі тиіс еді [28, 56б].
Осы уақыттарда Уақытша үкімет Қазақ комитетімен де, Кеңестермен де екі жақты саясат ұстанған еді. Сондықтан да қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімсіздігі күшейе түскен болатын. Өйткені олар қазақтардың жерлерін тартып алуды тоқтатуды және де қазақтардың жерді пайдалану құқығын кеңейтуді Уақытша үкіметтен талап етті. Ал іс жүзінде бұл үкімет әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды.
1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында І-нші жалпы қазақ съезі өткені белгілі. Алаш басшылары аймақтардағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық белең алған тұста тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ жұртын апаттан құтқарады, бостандық жолына алып шығады деп түсінді. Бұл съезд халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпы ұлттық мәселелерді күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолын қарастырып бақты. Әсіресе, партияның болашақ бағдарламасының жобасын жасаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құруға ұмтылуларынан, қазақ қауымынан Құрылтай жиылысына депутаттар ұсынуға талпынуларынан олардың саяси ұйым құрудағы белсенділіктерінің жоғары болғандығын байқаймыз. Сонымен қатар съезд өзінің басты назарын Қазақстанның саяси жағдайы мен өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне аударды.
Алайда, 1917 жылы большевиктер партиясының VІ съезі Уақытша үкіметті құлатып, оның орнына пролетариат диктатурасын орнату үшін қарулы көтеріліс дайындау жөнінде шешім шығарған еді [29, 82б]. Осы шешімнен кейін большевиктер партиясының Орталық комитеті жұмысшыларға, кедей шаруаларға үндеу жолдап, оларды қарулы көтеріліске әзірленуге шақырды.
Осының нәтижесінде өңірде қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты жергілікті құрылған Кеңестерді жаппай большевиктендіру процесі жүріп жатқан болатын. Осы уақыттарда Семей, Өскемен Кеңестерінің құрамындағы большевиктерінің саны да өскен еді.
Сонымен қатар бірнеше жыл эммиграцияда болған В.И.Ленин сәуір айында Петроградтқа келісімен:« Ақпан төңкерісі Ресей пролетариатының негізгі мәселелерін шешіп бере алған жоқ. Ресейдің жұмысшы табы солдаттармен күш біріктіре отырып, буржуазиялық-демократиялық төңкерісті пролетарлық социалистік төңкеріске айналдыру тиіс»,- деп мәлімдеп елді тағы бір мәрте қарулы көтеріліс жасауға шақырды [30, 41б]. В.И.Лениннің бұл ұсынысы 1917 жылдың көктем айларынан бері қалыптаса бастаған қоғамдағы азаматтық келісімнің негізін шайқалтқан еді. Сонымен қатар буржуазияшыл-демократя арасында ергесі жаңадан қалыптасып келе жатқан өзара түсінушілікке қарама-қайшы келді.
Осы жылдың қыркүйек айынан баста өлкедегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өңірдегі заводтар мен фабрикаларда жұмысшы бақылауы орнатылып, ереуілдер жиіледі. Риддер кен орынындағы жұмысшылар өздерінің экономикалық және саяси құқықтарының қорғалуын талап етіп, наразылық білдіріп жатты [31, 43б].
Күз айларында Семей қаласына большевик-үгітшілердің келуімен өндіріс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жандана түсті. С.А.Яковлев, К.А.Щугаев, И.Ф.Сидоренко сынды большевиктер халықты төңкеріске шақырып, барлық биліктің Кеңстердің қолына көшуін қамтамаыз ету үшін түрлі насихат шараларын жасап бақты [32, 24б].
Нәтижесінде жұмысшылар, кедей шаруалар өкіметті Кеңстердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды талап етті. 1917 жылдың қазанның 4 күні Семей облыстық шаруалар съезі өтіп, бұл жиылыста биліктің Кеңестерге берілуі жөнінде шешім шығарылған болатын [33, 74б].
Алайда бұндай шешімге Семей облыстық Қырғыз (Қазақ) комитеті наразылық білдіріп:«…бұндай шешім өлкедегі барлық саяси топтардың ортақ мүддесін білдіріп отырмағандықтан олар бұлайша өңірдегі барша халықтың атынан сөйлей алмайды, осындай әрекетпен Кеңестер облыстың саяси хал-ахуалын қиындата түспек»,-деп аймақтағы большевиктердің жергілікті билікке қауіп төндіріп отырғандықтарына алаңдаушылық білдіреді [34, 89б].
Қазан төңкерісінен кейін туындаған Ресейдің орталығындағы саяси жағдай Ертіс өңіріндегі әртүрлі ағымдағы саяси-қоғамдық ұйымдарды да алаңдатты. Осыған байланысты қазанның 28 күні Семейде жергілікті революциялық-демократиялық ұйымдардың жиылысы өткен болатын. Бұл жиынға 200-дей адам қатынасып, олар бльшевиктердің билікті тартып алуын заңсыз әрекет деп тауып, бұндай әрекет ел үшін қауіпті екендігін айтып, халықтың еркінен тыс болған әрекет деп айыптады [35, 56б].
Біз осыдан Петроградтағы большевиктердің қарулы көтерілісі осы өңірдегі әртүрлі саяси ұстанымда болған ұйымдардың да қолдауын таппағанын көруімізге болады. Және де халықтың көпшілігін құрайтын, шексіз далада шашылып жатқан және қатал отаршылдық езіп-жаншудан басылып қалған қазақ шаруалары, 1917 жылғы оқиғалардан шет қалды. Олардың көңіл-күйінде саяси құлдырау мен енжарлық басым болды, көпшілігі үшін қаладағы большевиктердің үндеген қазан революциясының мақсаттары мен міндетттері түсініксіз болды.
Сонымен қатар А.Байтұрсыновтың: «Қазақтарға Ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші революцияны қуанышпен қарсы алса, екінші революцияны соншама үреймен қарсы алуға тура келді», - деуі де осының айғағы еді [36, 42б].
Осылайша Қазан төңкерісінен кейін орын алған большевик дауылы қазақ қоғамына сырттан таңылып, бейбіт халықтың азамат соғысына еріксіз тартылуына мәжбүр еткен тарихи құбылыс болды. Бұл кезеңде алашшыл зиялылардың тарапынан ұлттық мүдде үшін большевизм режиміне қарсы азаматтық қарсы тұру қозғалысы кең етек ала бастаған болатын.
Алаш басшылары аймақтардағы қалыптасқан жағдайларды сарапқа сала отырып, ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, аяси тұрақсыздық белең алған тұста тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ жұртын апаттан құтқарады, бостандық жолына алып шыға алады деп түсінді.
Алайда жер-жерлерде орнай бастаған кеңес билігі Алаш автономиясының кең қанат жаюына, әрі Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесінің жергілікті жердегі бөлімдерінің құрылу процесіне тежеу болды. Сонымен қатар өлкедегі жұмысшы-шаруа Кеңестерінің өкімет билігін тартып алуы осы жердегі саяси топтардың үлкен қарсылығын туғызған еді.
Анығырақ айтар болсақ, 1918 жылдың қаңтар айында Семейде жергілікті Кеңестердің І-нші отырысы өткен болатын. Бұл жиылыста жергілікті билікті Кеңестер өз қолына алу керектігі және уақытша облыстық комиссариат құру жөнінде шешім шығарады. Осы жиында М.Шабановқа облыстағы және қаладағы басқару орындарына қатаң бақылау жасауды бұйырса, ал И. Морозовқа жергіліктті земстваға тиесілі баспахананы басып алу жөнінде нақты тапсырма беріледі [37, 47б].
Бұндай шешімдерге қарсылық білдірген Семей облыстық Уақытша кеңестің төрағасы Самарин: «Осы жердегі Сов. деп өкілдері облыстық билікті күшпен тартып алуға көшті. Олар құрамымызда Қырғыз (Қазақ) және Шаруалар комитетінің өкілдері бар деп жалған аппарат беруде. Ал Қырғыз (Қазақ) және Шаруалар комитетінің өкілдері өңірдегі билікті күшпен тартып алу әрекетіне еш қатыспағандықтарын ресми түрде мәлімдеді. Большевиктер баспахананы басып алып, «Дело» газетінің жұмысын тоқтатқандықтан, жалпыға бірдей мәлімет берілмей отыр. Большевиктердің өлкедегі билікті заңсыз тартып алуына байланысты бұған тұрғындардың қарсылық білдіруін ұсынамыз», - деп мәлімет жасайды [38, 56б].
1917 жылғы күз айындағы Құрылтай жиылысына сайлау өткен мезгілде барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркеліп, осы ұйымның атынан делегат болып сайланды. Сонымен қатар қазақ қауымы саяси күштер арасында Алаш партиясына көп дауыс берген еді. Мысалы, Семей уезінде Алаш партиясына сайлаушылардың 85,6 пайызы дауыс берді [39, 12б].
Осыдан біз қазақ зиялыларының көбіне дерлігі Алаш туы астына бірігіп, жергілікті халықтың үлкен қолдауына ие болғанын көреміз. Сонымен қатар өлкедегі қарапайым тұрғындарға, әсіресе қазақтарға, большевиктер партиясының таптық жіктелу принциптеріне негізделген бағдарламасынан гөрі, ұлттық бірлік саясатын таңдап алған Алаш париясының ұстанымдары жалпыға бірдей түсінікті, әрі көкейге қонымды болғандығы ақиқат еді.
Сонымен, өңірдегі билікті өз қолдарына алу үшін қарулы көтерілісті, күштеу, мәжбүрлеуді өздерінің басты тактикасы етіп ұстанған большевиктер баршадан бірдей қолдау таппағаны белгілі. Және де Алаш зиялыларының Кеңес өкіметін мойындамау себебін А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: «Россияның орталық аудандарында, большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерлерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізіледі. …Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді … большевиктер-коммунистердің тобы жүргізіп отыр» [40, 56б].
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1917 жылғы 6 қарашадағы жолдауында: «Советы-отныне орган государственный власти… Установите строжайший революционный порядок, беспощадно подавляйте попытки анархии со стороны пьяниц, хулиганов, контрреволюционных юнкеров, корниловцев и тому подобное»,- деп төңкеріске қарсыларға әміршіл-әкімшіл жаза қолданудың төте жолын большевиктер көсемінің өзі нұсқаған болатын [41, 82б].
Осылайша 1918 жылы ақпанның 16-нан 17-іне қараған түні Семейдегі өкімет жергілікті Кеңестредің қолына көшті. Ал 18 қаңтарда Өскеменде, 19 қаңтарда Павлодарда солдаттар мен жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, осы жерлерде Кеңес өкіметін орнатқан болатын.
Осы кездерде азамат соғысының жалынына еріксіз тартылған Қазақстанның барлық өлкесінде саяси күштер арасында билік үшін күрес жүріп жатқан болатын. 1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар Орынбор қаласын басып алғандықтан, қазақ жерлерін біртұтас қазақ автономиясына біріктіре алмаған Алашорда үкіметі мүшелернің біразы Семей қаласының маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялайды.
Кеңес өкіметі қаншама қарулы көтеріліске сүйенгенімен Семей облысы сияқты қазақтар көп қоныстанған аймақта Алашорданың шығыс бөлімінің орталығы өкілдерімен саяси мәмілеге келуге мәжбүр болды. Азамат соғысы барысында бірінншіден, орын алған демографиялық фактор, екншіден экономикалық ахуал, үшіншіден Кеңес өкіметі Алашорданың қарсы саяси күштер жағына өтуге жол бермеуге тырысты. Ал өлкедегі қазақ зиялылары жергілікті жердегі большевиктік өкімет органдарымен ымыраға келе отырып, ұлт мүддесінің жолында әкімшілік қызметтерінде белсенді іс-әрекеттер жүргізді. Мәселен, осындай келісімге келудің нәтижесінде жергілікті Алаш ұйымының мүшесі Халел Ғаббасов Семей облыстық советі атқару комитетінің мүшелігіне өтсе, Алашорданың белсенді мүшелері Ахметжан Қозыбағаров, Биахмет Сәрсенов, Имам Әлімбеков уездік советке мүше болып сайланған еді [42, 78б].
Ал осы кездерде өңірдегі большевиктер де саяси тұрғыдағы жиылыстарды жиі-жиі өткізіп, халықты ақтармен күреске шақырған үндеу, жолдаулар таратып жатқан болатын. Сонымен қатар 1918 жылғы Халық Комиссарлар Кеңесінің декретіне сәйкес Семей облыстық атқару комитетіне жедел түрде осы аймақта Қызыл армияны жасақтау тапсырылады [43].
Ал 15 наурызда Семей облыстық жұмысшы және солдат депутатттар Кеңесі мен облытық Қазақ комитетінің өкілдері бар съезд өткен болатын. Бұл жиында азамат соғысының өршіп, Сібірге үлкен қауіп төніп тұрғандығы айтылып, осыған орай партизан жасақтарын ұйымдастыру мәселсі қаралған еді. Және отырыста Сібірге Семей облысынан азық-түлік, ет, астық жөнелтілу мәселесі де қаралғанды [44].
Сәуір айынан бастап Ертіс өңірінде де жергілікті жерде Кеңестер жүйесін құру ісі жандана бастаған еді. Мысалы, Павлодар уезіне қарасты Ертіс ауданындағы жұмысшы-шаруа Кеңесі бұндағы билікті өз қолдарына алғандықтарын жариялап, Орталық комитеттің шешімдерін орындау үшін олар шығарған барлық қаулыны жіберуді сұрап, облыстағы өкілдікке жеделхат жібереді [45, 22б].
Жер-жерлерде осылайша құрылып жатқанымен Кеңес өкіметін нығайту барысындағы жұмыстар қиындықтарға толы болды. Өлкеде Кеңестердің билікке келуі құлатылған топтардың өршеленген қарсылығын туғызды. Осыған орай большевиктер осы өңірдің бірнеше аудандарындағы бас көтерген контрреволюциялық бүліктерді басуға тырысып баққан еді. Мәскеуден арнайы құпия түрде Семейге жіберілген жеделхатта: «Всеми средствами врагам затруднять движение вперед. Устраивть засады, действовать огнестрельным и холодным оружием. Обеспечивать себе тыл и для этого поголовно истреблять шпионов, провокаторов, белогвардейцев, контрреволюционных предателей, которые оказывает прямое и косвенные содействие врагу», - деп ақтармен қалай күресу керектігі айтылып, осы мәселелер бойынша арнайы нұсқаулар берілді [46, 15-21б].
Кеңес өкіметінің онауы өлкеде жаңа мемлекеттік аппарат құру, жаңа өндірістік қатынастар жасау, ескі экономиканы қайта құру негізінде жаңа шаруашылық құрылыс саласындағы шараларды қолға алу мүмкіндіктерін қойды. Осы кезеңдерде Семей жұмысшы-шаруа және солдат депутаттар кеңесі қалалық думаны, басқарманы таратып оның орнына қалалық шаруашылық Кеңесін құрды.
В.И.Ленин фабрикаларға жұмысшылардың бақылауын орнатуды, банктерді национализациялауды, халық шаруашылығын жөнге келтіру үшін жоғары экономикалық кеңес құру керектігін айтқан еді [47, 56б].
Алайда Семей облысында 1918 жылдың маусым айының бас кезінде Кеңес өкіметінің құлатылуы елеулі саяси оқиға қатарында бағаланды. 1918 жылғы маусым айында Алаш автономиясының Уақытша ұлттық кеңесі «Алашорда» үкіметінің өз қызметін ресми түрде бастауы осы жылдың қаңтар-мамыр айлары арасында большевиктер тарапынан тоқтатылған қызметінің заңды түрде жалғасы болып табылды. Және де Алашорданың облыстық комитеті Алаш қаласында өз жұмысын 1919 жылдың соңына дейін жүргізгені белгілі.
Осы уақыттарда Кеңес өкіметі Қазақстанның славян халқы басым қалалары мен ірі елді мекендерінде орнады, ал сол кезде ауылдар мен селолардың негізгі бөлігі саяси жағынан бейтарап болып қала берген болатын. Бұл кеңес өкіметінің революциялық террор арқылы орныққанын көрсетеді. Бұдан әрі өлке екі қарама-қарсы күштер арасындағы шиеленіскен күрестің сахнасына айналды. Сөйтіп жергілікті халық қызыл мен ақтардың қанды қақтығысының екі ортасында қалды. Ауыл тонау мен зорлықтың нысаны болды: қызылдар болсын, ақтар болсын олардың малдарын тартып алып, азық-түліктерін алып кетті.
Сонымен, азамат соғысы жылдары Ертіс өңірінде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал күрделі де, қиындыққа толы жағдайлармен өрбіген болатын.. Қарсыласу барысында билікке келген большевиктер өлкедегі саяси жағдайды тұрақтандыру үшін алғашқы іс-шараларын жүзеге асыра бастады.
Жалпы қорыта келсек, біз жоғары жақта атап өткендай, алаш идеясының басты құрылған уақытындағы жобаның, партияның мәселелерін атап өттік. Яғни, Алаштың ХХ ғасырдағы басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері, еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғаны атат айтқан абзал.
2.2 Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары
Тұлғаны тәрбиелейтін, тәрбиелеп ел алдына шығаратын әлеуметтік орта. Қоғамы күшті ел зиялылардың рухымен өркендеген. Елдің жағдайын, халықтың көңіліндегі дүниелерді зерделеп ұғынуға қабілетсіз, қызығушылығы жоқ, ел тұрмысынан бейхабар, әсершіл, ісін қиялмен тербейтін адамдар қатары басым ортаның дамуы күрделі, қайшылықтарға толы болып келеді. Себебі ел рухының серпілісіне ықпал ететін рухани дүние кездейсоқ қалыптаспайды. Ұлттық рух серпілісі ұрпақтың мыңдаған жылдар бойы, уақыт талабына сай ұлттық болмысы мен мүддесін сақтап отыру қажеттілігінен туындаған дәстүр тәжірибелерінен шығады. Бұны өз заманында ойшылдарымыз айтып кеткен.
Алаш тұлғаларының өмірінен ұғынатынымыз, тарихтағы қазақтың рухани өмірі, қоғам шындығы, әлеуметтік шындықты зерделеген ұлттың руханияты, ата-ананың деңгейі (кісілігі) өскелең ұрпақтың зиялы болуына ықпал еткен. Яғни қазақ тарихындағы ел мен жеке адамның рухани байланысын негіздейтін дәстүр тәжірибелерінің құндылығы, тарихи кезеңнің әр бір сәтінде ұрпақ пен ұлттық мүддені біріктіретін күшін жоғалтпауында.
Ұлттың негізгі күші ұлттық мүдде, ұрпақтың рухани байлығы, зиялылығы. Ұлттың негізгі мүддесі ұрпақ пен жер, ұрпақ ата мекен жерін қорғаса, ұрпақ рухын қорғайтын тіл, дін мен дәстүр. Бұлардың сақталуы, қорғалып отыруы ұлттың өмір сүру жағдайына, деңгейіне тәуелді. Ұлт өзіне тиесілі мүддесін өзі қорғамаса, оған сырттан келіп ешкім қорғап бермейді. Бұған бірінші мысал тарихтың (төл тарихымыздың) өзі.
Жерсіз ұлттық мүдде құндылықтары қалыптаспайды, қалыптасқан да емес. Қазақтың барлық мәселелері, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қасиеттері ел мен жер тағдыры төңірегінде өрбіген. Себебі ұлттың барлық өмірі, байлығы, тарихы, дәстүр тәжірибелері, ұрпақ болашағы, тәуелсіздік жерді қорғаудан шығып, оны қорғауға бағытталады және мемлекетінің мүддесін қорғау ұрпаққа қашанда міндеттеледі. Қазақ сол себептен жерді анаға теңеген, ата бабаларының өмір сүрген, тарихи таңбасын қалдырған мекен деп түсінген және бұл ұғым ұлттың бір тұтас санасына айналды.
Қазақ дүниетанымындағы «Жер ана», «Ата мекен» түсінігінен ата бабамыздың туған өлке топырағына деген жақындығын, арқа сүйеген болмысын танимыз. Ата бабаларымыздың ұлттық мүдде түсінігі тарихта сөз түрінде өмір сүрген жоқ, қазақ шын мәнінде ата мекенді күтті, таза ұстады, қорғады, үнемі байланыста өмір сүрді, адамның толыққанды өсуіне ықпал ететін энергия көзі де осы жер болып табылады. Қазақтың тұрмысында, төрт түлігінде де табиғатқа, ата мекен болмысына жақындық бар.
Батырлық ата мекен рухымен байланысты ұлттық қасиетіміздің өнімі, тарихи бір белгісі. Яғни дүниеге шыр етіп келген сәби отбасылық шаңырақтың аясында ата-ананың алақанының жылуын сезініп өссе, ата мекен елдің шаңырағының астында қазақ баласы еркіндіктің, өмірдің жылуын толық сезінген. Осының нәтижесінде адам болмысы толыққанды жетіледі, елге, жерге жаны ашитын, ел мен жерді сатпайтын, керісінше оны сақтауға ұмтылатын зиялылар ел тұрмысынан шыққан.
Қазақтың өзіне, болашаққа деген сенімі жерге деген сезімінен туындаған. Қазақта бір бірін жатсыну жоқ, тіл, дәстүр, өнер, рухани өмір ортақ, осының нәтижесінде болмыс тұтас. Ұлттың тұтастығын сақтаған, нығайтып отырған жер, жермен кіндіктес қазақтың тұрмысы, ата-кәсібі. Сондықтанда қазақ ұғымында жер жаратылыс иесінің ерекше жаратқан дүниесі, ол ұлттың дүниесі, ортақ меншігі, негізгі байлығы. Бұл ұғым көне дәуірдегі сақтардың, оның бергі жағындағы түркілердің де дүниетанымында орын алған. Күлтегін жырында жер адамзатқа, халыққа берілген басты құндылық, мүмкіндік мағынасында зерделенеді:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.
Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері (шығыста) – Қадырқан қойнауына дейін,
Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған [48. 3б.]. Мемлекеттің негізі (ірге тасы) ұрпақтың зиялылығымен, бойындағы рухани қасиеттердің рухымен (күшімен) қалыптасады. Жоғарыда атып өткеніміздей бойында ұлттық табиғаты жоқ, тарихтан бей хабар, ұлттық мүдде жолында ел мен жер тағдыры үшін әділетсіздікпен күрескен тұлғалардың аманатын түсінбейтін адамдардың керітартпа мінезі қоғамда жемқорлықтың, парақорлықтың орын алуына ықпал етеді. Не себептен қазақ тұлғалары елді қорғауды жерді қорғаудан бастады? Себебі ел жерсіз өмір сүре алмайды, жер елсіз болмайды. Ел мен жерді қатар қойып, өзін тарих алдында ұрпақтан кіші санайтын адам тәкәппар емес, адамгершілігімен елден безбейді. Кішіпейілдігі, сауатылығы, адамгершілігі мен шынайылығы арқылы халықты өзіне тартады, халық пен мемлекетті біріктіреді.
Отаршылдық заман қазақтың басына қалай туды жер мәселесіде өрши түсті. Отырықшылыққа үгіттеп, артық жерлерді өзіне алуға ұмтылған патша саясатына қарсы алаш зиялылары газет беттеріне көптеген мақала жазған, ашық түрде жерге, ел тағдырына араша түсті. Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты жариялаған мақалаларынан ұғынатынымыз, қазақтың үш мың жыл бойғы болмысын бір сәтте өзгерту әділетсіздік. Яғни жұртқа бағыт бағдар беретін адамдар болса, мемлекет көмектессе қазақ егіншілікті, технологияны өзі ақ үйренеді, бұл бір уақыттың ішінде шешілетін іс емес.
1925 жылы «Ақ жол» газетінде жазған «Отырықшылықтың пайда зияны» атты мақаласында Жүсіпбек Аймауытов жер мәселесіне қатысты былай деген: «Отырықшы болса-ақ қазақ тұрмысы түзеліп кетеді, тез мәдениетті болады» деген пікір даусыз ақиқат емес, өзгермелі, екі ұшты, даулы мәселе деп қараймыз.
Тұрмыс итеріп, шаруа етіліп, амалсыздан отырықшы болу бар. Ондай шартпен отрықшы болатындарға ешкім қарсы бола алмайды: тұрмыстан күшті құдірет жоқ. Қарсы бол, болма, оларды тіршілік таласы отырықшы қылады. Ол қандай шаруа? Малы азайып, көше алмай қалған ел: егін салуға кіріскен ел, жері тарылып, көршілерімен таласып-тармасып, жер алып қалуға душар болған ел, жақсы жеріне басқа біреу қол сұққандықтан, жерін бермеймін деген ел. Оларға үндеудің керегі жоқ: өздері ақ отырықшы болады.
Азды көпті күн көргіш малы бар, ептеп егін салатын, жаз болса жылжып қонатын, жер жағдайы отырықшы болуды көтермейтін елдер бар. Бұлардың да отырықшы болсақ, қайтер екен деген аузында бар. Ондағы қауіпті жақсы жерді бәрін отырықшы болғандар алып қойып, түбінде көшіп- қонып жүре алмайтын болсақ, жерден құр қаламызба? Түпкілікті қоныс болатын жерді сағаласақ дұрыс болар еді. Бұлар тұрмыс айдап отырықшы болмайды. Келешектің қайғысын ойлап, не біреудің жеріне қызығып, болмаса отырықшылық пайдалы деп болмақшы. Бұл талап көшпелі елде де, шала көшпелі елде де бар. Әзірше жерден таршылық көрмей отырған елдердің отырықшы болуында зиян бар демекпіз» [50. 207б.]. Қазақ ұлты ұланғайыр даланы иеленуде, ата мекенді сақтауда ел тұрмысын сақтап, ұлтты біріктіретін ортақ тәсілді қалыптастырған. Ол көшпелі тұрмыс арқылы ұлттың болмысын, мемлекеттің тұтас мүддесін сақтау қажеттілігінен туындаған. Қазақ көшпелі тұрмыс арқылы табиғаттың құнарын, тазалығын сақтап отырған, елді, ұрпақты біріктіріп отыратын дәстүрдің, тілдің, ділдің байлығын арттырған, дінді таза ұстаған. Жүсіпбек Аймауытов, егер қазақ халқы патша өкіметінің саясатына иланып аяқ асты отырықшылыққа көшсе алдыменен жерінен, ел мыңдаған жылдар бойы жинақтаған қорынан айрылады деген. Алаш зиялысының айтуы бойынша, халық жаңа тұрмыс тәсілдеріне біртіндеп көшуі қажет және жаңа заманның жерді өңдеу тәсілін біртіндеп қажетінше үйренеді. Жаңа технологияны меңгеруде ұлт мың жылғы дүниесінен қол үзбеуі қажет, білім, технология елдің өмірін жақсарту, экономиканы дамыту үшін қажет, ал мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың болашағы төл құндылықтарына тәуелді. Сондықтанда мемлекеттің тұтастығын қорғауда тұрмыс мәселесіне болмыс жағдайымен, тәсілімен қарау керек.
Ахмет Байтұрсыновтың айтуы бойынша, жер жеке адамның емес алдыменен ұлттың мүддесі, сондықтанда ол мемлекеттің қазынасы, үнемі солай болады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов қазаққа жерінен айрылмауды ескертті, себебі қазақ жерді жеке меншікке алуға әлі дайын емес. Патша өкіметінің отырықшы қылу саясатына сеніп, аз жерді иеленгенімен қазақ негізгі ұлттың байлығы ұлттық мүддесінен қол үзеді. Патша өкіметі халықтың аңғалдығын пайдаланып жақсы шұрайлы жерлерді өзіне алып, халықты құнарсыз жерлерге ығыстырады. Сөйтіп ел жерінен айрылады, құнарлы жерлерінен қол үзген елдің тұрмысынан күй кетеді, елден күй кеткесін кейінгі ұрпаққа ештеңе қалмайды. «Отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын, отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чиновниктері не үшін қуаттайтындығын қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар – деген Ахмет Байтұрсынов, - «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөзғой. Переселен чиновниктері – алушы, қазақтар - беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ әуелден осыны ойлау керек еді. Олар өздеріне жағымды жағын көздегенде қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс. Құр пәленше пәлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек» [50. 230 б.]. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы жан айғайы жайдан жай туған жоқ, олар қазақтың мыңдаған жылдар бойы жүріп өткен жерін кеңінен зерделеді, хандардың, батырлардың, ойшылдардың, ел мен жер тағдыры тұрғысындағы қазақтың діни қайраткерлерінің ілімін, ұстанымын, күресін ескерді, терең білді осының нәтижесінде өз еріктерімен жер тағдырына ара түсті. Бүгін ұлттың саны аз шығар, жағдай болса, апат болмаса (ауру, ашаршылық, соғыс) ертең ұрпақ өседі, ұрпақ өссе ұлт өседі сонда ұлттың тағдырын шешетін жер. Бұл қазақтың түсінігі. Тарихта қазақта неге көп бала болды? Көп балалы қазақ шаңырағының негізінде ұлттың идеологиясы жатыр. Әр бала ер жеткенсоң жерін, елін қорғайды, сол жер мен елді қорғауда адам шығыны көп болады, сырттан елге көзтіккен жау ақымақ емес, ал оны тоқтатып елді жаудан қорғау үшін күш керек, күш ұрпақ, ұлт санының көптігі. Сондықтанда қазақтың әр бір ата-анасы баланы өзі үшін емес ел болашағы үшін өсіріп, тәрбиелеп отырған. Алаш зиялылары ұлттық мүдде мәселесін зерделеуде тарихтағы қазақ халқының ерлігін, ерлік иелерін тәрбиелеп қоғам алдына шығарған ата-ананың еңбегін де ескерген.
Алаш зиялыларының ұғымында жерді қорғаған бабаларымыздың ерлігінен, яғни солардан жеткен мұра бар жерді пайдалану, өңдеу оңай. Батырлықтың мектебін құрып, ілімін сақтаған қазақ уақыты келсе жерді өңдеуді де үйренеді, тек оған жағдай керек. Жағдай болмаса шаруа қанша данышпан болса да өз ісін түрлендіре алмайды.
Жер мәселесіне келгенде жер иесі ұлттың құқын ескеру қажет, себебі ел мен жер үшін тер төккен адамдардың рухы осы ата мекенге сіңіп қалады. Батырлар кетсе олардың рухы, ісі, тарихы осы жердің бойында.Осы себептен жер қазақ үшін тауар емес, қасиетті нәрсе, ұлттың мекені. Қазақ болмысының тұтас әрі терең болуына жердің ықпалы мол. Қазақ баласына жерді жаралап ойнамауды да ескертеді. Жерді қазуға, бүлдіруге болмайды деген қарапайым түсініктің өзі қазақта ұлттық сана негізіне айналған.
Тарихқа қарасақ қазақта жерге келгенде бөлінбейді, сенің жерің менің жерім деген ата бабамызда жоқ, бәрі қазақтың жері. Қазақ топырағында қаншама мыңдаған малы бар, елге қамқор болған байлар өткен бірақ олардың ұғымында жер ұлттың қазынасы, ұлттың меншігіндегі дүние. Бай бүгін бар ертең бұл өмірде жоқ адам. Ол кетсе оның байлығыда кетеді, себебі қазақ байлықты сол байлық иесі адамның ырысы деп түсінген. Иесі кетсе дәулетте тұрмайды, себебі ырыс өз иесімен ғана жүреді. Қазақ, «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп тегін айтпаған. Қазақта бай адам төрт түлік малдың иесі, байлықтың иесі, өз руының басшысы, биі, яғни зиялы әрі діни қайраткер адам. Тарихтан қазақ байларының жеке меншік жері деген сөзді естігеніміз жоқ. Мәселен Құнанбай сынды қазақта ұлтқа жанашыр бай әрі би адамдар болған. Бірақ олардың жеке басына келгенде жеке меншік жер деген сөз болмайды, демек қазақтың байлары ұлт қатарында болған, мал, мүлік өзінікі болғанымен жер ұлттың дүниесі. Бай да, би де, хан да, батыр да бір ұрпақ буынның өкілі. Алаш зиялылары жазып кеткендей, ата мекен жерін оған ел болып, ұлт болып, халық болып иелік еткен жұртқана сақтай алады. Ахмет Байтұрсынов, «Жер жалдау жайынан» атты мақалада былай деген: «Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келеме?
Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста. Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау бос ұстау өздерінен. Оған біз не істейміз?
Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Әркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп іс қылып, жұрт пайдасымен зарарына тіпті қарамайды. Жұрт жер кетпесе менің де жерім кетпес, жұрт жерден айрылса, менде жерден айрыламынғой деп еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп ортасындағы жер ғой деп, сатып, пайдаланып қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған әуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ» » [50. 228-229бб.]. Елдің тірегі жер, ел жеріне бірлігімен ғана иелік етеді, бірлік алдыменен ел алдында жүретін адамдарда болуы қажет. Қазақ тұлғаларының бірлігі халыққа жақындық, қарапайым, мейірімді, кішіпейіл, әдепті болу. Кісілік қасиетімен зиялылар халықтың сенімін сақтайды, ал сенім ол ел бірлігі үшін қажет ең басты құндылық. Билеріміз айтқандай, жалғыз ағаш орман емес, жалғыз адам жалғыз жүріп ерлік көрсеткенімен елге қорған бола алмайды. Қазақтың байлары тарихта осыны ескерген. Олардың алдындағы міндет елге жерге ие болу, осы ұстанымды ұлттық идеология ретінде алаш зиялылары өз заманында елге жеткізді. «Бір халықтың тұрмысын түп - тамырынан бұзып өзгерту (көшпеліліктен – отырықшылыққа, отырықшылықтан-көшпелілікке шыққан секілді) оңай іс емес. Қауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешуге де сонша білім керек.... Қазақ мал баққан халық, қазіргі бағып отырған малына лайық жер қалдырмай тастауын ақылға сыйдыруға болмайды. Халықтың ғұмыры 20-30 жылдағана емес, дүние тұрғанша тұрады. Сол үшін түбін ойлағанда қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек» деп жазған Міржақып Дулатов [51. 46 б.].
Алаш зиялыларына (қазақтың хандары мен батырлары секілді) ұлттық мүддені қорғау мақсатында ел мен жер тағдырына ара түсу оңай болған жоқ. Патша өкіметінің қазақ жерлерінің байлығын зерттеп, есепке алу мақсатында құрылған ұйымына ел үшін, білімімен өзін мойындатып экспедиция құрамына кіру, патша өкіметінің көздеген саясатының бағытын тереңрек білу, әлем жұртшылығының және келер ұрпақ алдында қазақ ұлтының ата мекен жер болмысымен тығыз байланыста қалыптасқан құндылықтарын тарих бетіне түсіру, оған өз тұрғысынан ғылыми негізде баға беру Әлихан Бөкейханов сынды алаш тұлғаларының ұлт алдында атқарған қасиетті ісі деп білеміз. Көріп отырғанымыздай олардың жер мәселесі, ұлт мүддесі тұрғысында жазған дүниелері аз емес.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ жерлері мен көшпелі мал шаруашылығы туралы жазған еңбектері «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» және «Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары» деп аталады. Бұл шығармаларда сонау қазақтың көне тарихынан қалыптасқан жерді иелену мен пайдаланудағы тәжірибелер, шаруашылық өнімдері, мал шаруашылығынан өндірілетін азық түлік өнімдерінің құнары, қазақтың көшпелі мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі, асыл тұқымды төрт түліктің түрлері көрсетілген. Бұл еңбек қазақтану ғылымының іргетасы болды. Ә. Бөкейханов зерттеген нәрселер бүгінгі күні де өзекті. Біз бүгін осыдан жүз жыл бұрын айтып кеткен алаш зиялыларының қазақтың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту ісіне қайта оралудамыз. Олардың жазып қалдырған мұраларындағы идеяларға сүйенсек, қазақ тұрмысындағы құндылықтар (өнімдер) қай заманда да қасиеті мен құнын жоймайды. Біз тек соны үлгі ретінде пайдалануымыз керек.
Өздері өмір сүрген аумалы төкпелі заманның қиындығына қарамастан тарихты терең біліп, оның бойындағы ұлттың тәжірибелерін өз заманына жеткізген, адамзат қоғамының бойындағы жаңа білім түрлерін иеленіп, өз қоғамына икемдеген қазақ зиялыларының тағылымы бүгінгі елі үшін баға жетпес дүние. Олар қазақты отырықшылыққа үгіттеп, артық құнарлы жерлерін алуды көздеген патша саясатына қарсы шығыпқана қоймай, елді мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан болмысынан, тұрмысынан қол үзбеуге шақырды, елге дұрыс бағытты көрсетті. Әлихан Бөкейханов, «Бұрын адам аз, жер көп болған, мұны біздің қазақ өз көзімен көріп отыр. Жердің көп азына қарамай, жердің һауасына қарай адам баласы мал баққан иә егін салған. Жер көп болып, мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің һауасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстап отырып, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған.
Көшпелі деген сөз мал бағатын шаруаны түгел жаппайды. Қала болып отырып мал шаруасын атқаруға болады. Көшпелі мен мал шаруасын бір қылып қосақтап отырған үкімет осылай етсе, өзіне пайда шығатын болған соң. Қазақ жері - мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан....Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен көп жылдарда ауырлайды. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс 15-тен жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады» деп айтып кеткен [52. 62б.].
Ұрпақтың ұлт болып ұйысуы, ел болып бірігуі зиялылардың беретін дұрыс бағыт бағдарында. Әр адам өзінің тарих, ел, ұрпақ алдындағы парызы мен құқын білсе алдыменен оның елі сақталады. Әлихан Бөкейхановтардың халқына үйреткені өмір сүріп отырған ортасына, ел болашағына ұлттық мүдде тұрғысынан қарау, ұлттық мүдде мәселесіне келгенде әр адам өзінің оның болашағына жауапты екендігін білу. «Мен қорғамасам елімді (жерімді) кім қорғайды?» деген ұғым қазақ тұлғаларында (батырларда) болған, бұны зиялылықтың басты принципі деп айта аламыз.
Ұлт мүддесі жер мәселесі қай заманда да ел алдында тұрған. Елге көзтіккен жұрт алыменен жерге көз тігеді. Ата бабаларымыз тарихта қаншама соғысты басынан өткізсе, соның бәрін өздері ашпаған, сырттан келген жаудан жерді, елді қорғау үшін жаумен күрескен. Санғасырлық тарихтың мәні жерді сақтап, ұрпаққа ұлттың мұрасы етіп табыстап отыруында. Ахмет Байтұрсынов жазғандай, «Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну – білмегендік.
Қазақтың әлі күнгі жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тендіреп кетер» [50. 213б.].
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының ірі тарихи тұлғасы Мұхамеджан Тынышбаев отандық тарихты зерттеуде ұлттық ұстаным принципін негізге алған. Оның рухани мұрасының ерекшелігі төл тарихымызды зерттеудегі шежірені тұжырымдама ретінде пайдалануы.
Сонымен қатар ғалым қазақ ертеден халық ретінде қалыптасқандығын алғашқы болып жазған. М. Тынышбаев А.П. Чулошниковпен бірігіп жазған еңбегіне «қазақ» сөзінің мағынасын түсіндіруі оның тарихнамада осы мәселенің зерттелуінің бастаушысы болғанын көрсетеді.
М. Тынышбаев еңбектерінде қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі туралы да баяндалады. Мысалы қалмақтарға қарсы күрестің барысында Бұланты шайқасындағы, Белеуті өзендері жағалауларында Кіші Орда батырларының қол жеткізген жеңістері туралы айтылады.
Жер — қазақ халқы үшін ерекше мәселе. Осыған орай М.Тынышбаев еңбектерінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының жабайы әдістері және оның экономикалық, саяси, рухани салдары деректерді жан-жақты талдау негізінде ашылған. Оның жер мәселесі туралы көзқарасы 1905 жылдың 19 қарашасында автономистердің 1 съезінде жасаған «Қырғыздар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасында патша үкіметінің қоныстандыру саясатының қазақтарды қиын жағдайларға ұшыратқанын «жер үшін жанжалдар, төбелестер және кісі өлтірулер орын алып отырғанын, қазақтарды мал шаруашылығынан диханшылыққа ауыспайды деп айыптайтынын, алайда олардың қарауына берілген жалаңаш далада және құмдарда адамдар тұрмақ, аңдар да өмір сүре алмайтынын» атап көрсеткен еді [53, 74б.]. Сонымен қатар жер мәселесінің қазақ халқы үшін стратегиялық маңыздылығын түсіне білген ол, егер жерді орыс шаруаларының пайдасына тартып ала берсе, ел арасында әлеуметтік қақтығыстың болатындығы заңды екендігін атап көрсетеді.
Жалпы айтқанда, ата мекен жер туралы қазақ түсінігі тұтас елдің дәстүрін, жүйелі тарихын, философиясын қалыптастырды. Жер туралы елдің бір тұтас ұғымы ұлттық сана құбылысына айналды, ата баба рухы, өткен дәуірдің құндылықтары, ел байлығы, болашақ, тәуелсіздік тек қана ұлттың мұрасы жер бар жерде ғана сақталатындығын, ұлт болмысының негізіне айналып отыратындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Бұны бүгінгі ұрпақта, ертеңгі ұрпақта біледі, сақтап отырады.
Тарихта елдігімен өткен қазақ тұлғаларының ұғымында зиялылар халықтан алшақтамау керек. Егерде олардың білімі, дәулеті елге пайда әкелсе елдің бірлігі нығаяды. Халықтың арасында бір біріне деген іштей сенімсіздік, өскелең ұрпақтың бойында күйзеліс болмайды. «Жұрт ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды. Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды» - деп Әлихан Бөкейханов айтып кеткен. Бұны әр адам жете түсінуі қажет деп есептейміз. Себебі қазақ зиялыларының ел мүддесіне қамқорлығы өмір талабынан туындаған. Қазақ тұлғалары үшін жер ұлттың өмірін жалғайтын дүние. Сондықтанда ол ұлттың қазынасы, ұлт меншігіндегі дүние болып ұрпақтан ұрпаққа табысталып отырмақ.
3. Алаш қозғалысының нәтижесімен оның қазіргі уақыттағы саяси ерекшелігі
3.1. Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Жыл өткен сайын бұрынғылар көмескіленіп, тағдыр тәлкегіне ұшырағандар тағдыры да жаңа қырынан көрінуде.Сонау жиырмасыншы жылдарда қылышын көтеріп, қызыл тудың астында кеңес үкіметі жауларына қарсы шабуылдаған қызылдарға да, ақ патшаның абыройын сақтап қалу үшін атойлап алға шапқан ақтарға да қосылмай, өздері тәуелсіз ел болуға талпынған алаш азаматтарының қазіргі шоқтығы биік.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны айқындалып жатқан кезде ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси процес лидерлерінің қазақ халқының бостандығы жолында күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеуді қажет етіп отыр. Өйткені ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлерінің саяси қызметі, әлеуметтік саяси көз қарастары, жетекшілік рөлі жүйелі әрі саралана зерттелмеуде. Президентіміз 1997 жылды «Татулық пен еске алу» жылы деп жариялауы ХХ ғасырдағы тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіңндік жасады,ал 1998 жылы Ел басының жарлығымен халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып «жинақталып тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да, санадан әрі сырыла қойылмаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсем», деп көрсетті [54, 5б.].
1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған35.[№16,110б.] М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты» [55, 17-20б.] Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?», С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды [56, 108б] М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағы және Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады [57, 52б] Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен [58, 30б].
Қазақстан Республикасында 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылды «ұлттық тарих және халықтар бірлігі жылы» ретінде жариялануына орай саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарасын зерттеп зерделеуге арналған баспасөз бетінде «Жас Алаш» газеті, [59, 4б.] Нүрпейісовтың «Жетісулық Алаш қайраткерлері» «Қазақ тарихы» жарияланған ғылыми публистикалық мақалалардың да маңызы ерекшке болып табылады [60, 59б.]
http: www iie freent kz\ gazag tarih 8html сайтында «Алаш рухы асқақтады» атты Г.Сәдірқызының мақаласы жарық көрді [62]. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында Алаш партиясының 90 жылдығына орай әдеби тарихи кештің мақсаты Алаш зиялыларынын еске алу, жастарды алаш рухында тәрбиелеу керектігін баса айтқан. М.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы мен идеясының ұлт тағдырындағы орны» атты баяндамасын «-Кеңестік дәуір тұсында Алаш қозғалысы емес, Алаш қайраткерлерінің есімін де атай алмадық, ал атағандар құрдымға кеттік. Осы күнгі тәуелсіздіктің арқасында жеттік,- деп қорытты».
Зерттеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтанғалиева, В.Григорьев және М.Қойгелдиевтердің мәліметтеріне сүйенсек, ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндс Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты, олардың қатарында Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, А.Тұрлыбаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев, т.б. болды. Москва мсн Псетер-бургтің басқа жоғарғы оқу орындарын Ә.Бөксйханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ жастары бітірген. Қазақ жастары Россиядан тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. Ғалым Ахмедов жинақтаған мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі кезенде Стамбул университетінде Ә.Ғайсин, С.Шанов, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев және Ә.Машаев деген жастар білім алған. Толық емес мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі уақытта 120-ға жуық қазақ жастары әр түрлі жоғарғы оқу орындарын аяқтағаны туралы диплом иемденсе, 700-дей қазақ жастары арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген.
Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген [42, 28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.
Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12—26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сиезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Сиезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасыньң жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасыньң жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы 5—17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші сиез жұмысына да белсенді түрде атсалысты. Сиез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Сиез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет — Әлихан Бөкейханов басқарған — Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және «халықтық милиция» аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды.
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А, Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; «Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер — коммунистердің тобы жүргізіп отыр».
Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты.
Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алашорданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алашорда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бүл жолы Алаш басшылыгы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, Казақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жанкелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И. Сталинмен келіссөздер жүргізеді.
1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік үйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ — Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников Т. Әлібеков, т. б. болды.
Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оньң Қазревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол кездегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсьнысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған «Известия Киргизского (Казахского — Н. К.) края» атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі «қайраткер және әдебиетшінің бейбіт үлттық либералзмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның казақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі» — деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдан ғана мүше болған болатын.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған Ахмет Байтұрсынұлының 1929 жылы маусымның 2-і күні ОГПУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: «Мен, — дейді ол, — партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді» (КР ҰҚК-нің архиві, іс-124, том-2, парақ-159) [62, 79б.]
Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен 1919 жылы жаз бен күзде Қазревкомның мәжілістерінде Алашорданың Кеңес өкіметі жағына шықпаған басқа топтарымен, ең алдымен, оның Батыс бөлімімен байланыс жасау және оларға белгілі шарттармен кешірім (амнистия) жасау мәселелері сан рет көтерілді.
1919 жылы қазанның 27-сі Қазревкомның кеңейтілген мәжілісі болып (оған РКП(б) Орталық Комитетінің Бүкіл россиялық Орталық Атқару комитетінің осы екі орталық органының Түркістан істері жөніндегі Комиссиясының Түркістан майданының революциялың соғыс кеңесінің мүшелері қатысты), онда «қазақ халқын біріктіру және оны кеңес өкіметі жағына шығару» туралы мәселе талқыланды. Мәжілісте А. Байтұрсынұлы мынадан ұсыныстар жасады: «1) Кеңес өкіметі қазақ халқына жалған емес, іс жүзіндегі өзін-өзі билейтін автономия беретіндігіне оның көзін жеткізсін. 2) ...Ақтардың жағында қызылдарға күресіп жатқан Алашорданың Торғайлық және Оралдық тобына олардың кеңес екіметі жағына шығатын жағдайда кешіріп жасалатындығы жариялансын». (Протоколы Казревкома (1919-1920 гг.) Сб. документов А., 1993. с. 32-33.) Осы мәселелердегі А. Байтұрсынұлының табандылығы көп кешікпей өз нәтижесін берді. 1919 ж. қарашаның 4-інде Түркістан майданының революциялық соғыс Кеңесі «Совет өкіметіне тікелей және жанама түрде күрес жүргізіп келген барлық қазаіқтарға (алашордашыларға — авт.) толық кешірім жасау туралы қаулы қабылдады.
Ахмет Байтұрсынұлы Қазревком төрағасының орынбасары әрі оның ішкі істер бөлімінің меңгерушісі ретінде 1920 жылы 4—12-қараша күндері Орынбор қаласында өткен Кеңестердің бүкілқазақстандың құрылтай сиезін шақыру және оның басты саяси құжаты «Қазақ АССР еңбекшілері праволарының Декларациясын» дайындауға үлкен үлес қосты. Бүл сиезде Ресей Федерациясының құрамындағы Казақ Кеңестік социалистік автономиялың республикасы құрылғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы осы республиканың үкіметі — Халық коииссарлар Кеңесінің құрамына өтіп, оқу-ағарту комиссары (иинистрі) болып саяланды, ол 1922 жылдан оқу-ағарту комиссараты жанындағы ғылыми орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкіл россиялық Орталық Атыару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комнтетіне мүше болды.
20-жылдардың басында (1920—1923 жж.) А. Байтұрсынұлы жоғарыда айтылғандай, Казақстанның оқу-ағарту комиссары, Мухтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алаш-шыл азаматтар Қазақстан мен Тұркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозгалысының мүшелері баспасөз, оқу-ақарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Сонымен қатар олар ғылым, әдебиет, өнер салаларьнда шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанда түрып, қызмет атқаруына мүмкіндік болмай, Москваға ауып кеткен жағдайында Қазақстандағы күннен-күнге бел алып келе жатқан әкімшіл-әміршіл мемлекеттік билікке қарсы рухани күрестің көсемінің рөлін Ахмет Байтұрсынұлы атқарды. Осының нәтижесінде 1921—1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы», «23 жоқтауы» (құрастырушы), Телжан Шонановтың «Қазақ жер мәселесі тарихы», Көшке Кемеңгеровтың «Қазақ халқының тарихы», К. Сатбаев құрастырып, өзінің алғысөзімен шығарған «Ер Едігенің» нұсқасы, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Қилы заман» мен «Караш-қарашы», Досмұхамедовтың «Аламаны» мен «Исатай-Махамбеті», Мұхаметжан Тынышбаевтьң тарихи зерттеулері, т. б. жарық көріп, халық игілігіне айналды. Бұл еңбектердің басым көпшілігі 20-жылдардың ортасынан бастап елде тоталитарлық жүйенің күшеюіне орай ресми саясатта және әлеуметтік (коммунистік) тапсырысымен жазылған зерттесымақтарда қазақтардың арығ-бергі тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері, ең алдымен, Қазақстанның Россияға қосылу тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар мәселесі, жер-су мен үлттық мәдениет тарихы өрескел бұрмалануына қарсы бағытталған рухани күрестің жарқын көрінісі болды.
Егер 1917 — 1920 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мүстафа Шоқай және олардың сенімді серіктері Кеңес өкіметіне сөзбен де, қараумен де қарсы шықса, 20-жылдары ұлттың демократиялық қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсынұлы бастаған серкелері тоталитарлық жүйеге қарсы рухани майданда бетпе-бет келді.
Енді сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе көш басында Ахмет Байтұрсынұлы бар бұрынғы Алаш қозғалысының жетекшілерін, белсенді мүшелері мен жақтастарын «Кеңес өкіметіне жау», «буржуазияшыл ұлтшылдар», «Террорлық әрекеттерді дайындаушылар» деген айыптар тағып, 1928 жылдан бастап түрмелерге жапты, 1930 және 1932 жылы екі сот процесінің үкімімен олар ұзақ мерзімдерге концлагерьлерге айдалды, басқа өлкелерге жер аударылды. Одан елге оралғандар 1937-1938 жылдары «үлкен террордың» құрбандары болды. Ахмет Байтұрсынұлы да алғашында ОГПУ, кейін НКВД жендеттерінің құрығына ілігіп, 1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы он жыл мерзімге концлагерьге кесіліп, ол жаза Солтүстік өлкеге (Архаигельск облысына) жер аударылуға өзгертілді. Одан 1934 жылы қазан айында елге оралған Ахаң үш жыл өткен соң 1937 жылы сегізінші қазан күні қайта ұсталды «халық жауы» деген жалған жазамен ату жазасына кесілді.
Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ зиялыларына, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген сүргін зауал аса ауыр да қайғылы болды. «Әділет» қоғамы халыққа қазақ зиялыларының шындық ақиқатын ашып беруде зор істер атқаруда. С.Жандосовтың атына жіберілген құжат (түпнұсқа) КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессияның үкімі бойынша аталған азаматтардың тізімі табылды. Азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған [63,128-130б.]. Шамамен 1914-жылдан бастап Мұсылман фракциясының қызметіне тартыла бастап, ал 1916-жылдан оның хатшысы міндеті атқарған Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкіл ресейлік ұлт азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бір-ақ шықты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916-жылғы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты Дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама дайындау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама дайындау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916-жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жоғарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы дайындауда М.Шоқайұлының да үлесі бартын. Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. 1917-жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістандық зиялылар тарапынан корсетілген ең жоғарғы сенімнің көрінісі болатын.
Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкенде Сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және баска қызметтерді атқарады [64, 222б.] Осы жылдың 26-қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі «Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федеративтік Республикасымен ынтымағы бір территориялық автономия» деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шокай әуелде бұл үкім құрамына Сыртқы істер министрі есебіндс еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды.
Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шокай мен оның серіктері бүл мақсатты іске асырудың қаншалыкты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді.
Ал осы 1917-жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? 1917-жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Оқиғалар ағымы бүл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалыс күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай сол, М.Шокайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті.
Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық карсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920-жылы Маңғыстау арқылы Грузия асады да, соңынан, яғни 1921-жылдын ақпанында Ыстамбулға аттанады.
Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиеселі басқа үлес жоқ-тын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сиякты Ыстамбулда ұзақ кідірместен ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін европалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Керенскийдің «Дни» және Милюковтың «Последние новости» газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегені анық. [64, 232б.]. Бірақ Мұстафаның тұтас және еркін Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, париждік орыс демократиясына солай ұнай қойған жоқ-тын. Сондықнан да ол көп ұзамай-ақ (1923) орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Керенский жөнс Милюковтардан іргесін алыс сала бастайды. Мұстафа Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске атсалысу еді.
Түркістандағы кеңестік билікті сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруьмен 1927-жылдан бастап Ыстамбулда шыға бастаған, белгілі қайраткер және ғалым Заки Валиди редакторлық етуші «Жаңа Түркістан» журналы атқаруға тиіс еді. Кейіннен бұл басылымды 1929-1939-жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған «Жас Түркістан» журналы ауыстырды. Оған өзі бас редакторлық жасады. Журналдың алдына қойған міндетін түсіндіруге арналған «Біздің жол» атты кіріспе сөзінде М.Шоқай егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде күшін әлсіретпей «Яш Түркістан» беттеріңде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті жене аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік.
М.Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан, мұндағы түрлі мүдделер қақтығысынан жан-жақты хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушініц талдауы болатын.Міне, сондықтан да жаңа күш ала бастаған тоталитарлық режим мен Сталинге Мұстафа Шоқайдың сыны өте жайсыз тиді, олар бүл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір туғызуы мүмкін деген қауіпте болды.
Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның аргументтілігінде, пайдаланған фактілерінің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1928-жыддары шығып түрған ресми басылым «Ақ жол» газеті болатын.
М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының «үлкен қуанышпен» қабылдағандығы туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз бағдарламасын түсіңдіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келген соң ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен-ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды.
М.Шоқай Отанға қызмет жасаудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде мынадай пікірді айтады: "Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940-жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден , құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және баска өлке халықтары туралы тамаша кітаптар, жазумен шүғылданар едім», - дейтін Мұстафа Шоқай. Бұл ретте ең беделді дерек - М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі [57, 389б.] Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының «Виктория» ауруханасында 1941-жылы 27-желтоқсанда өмірден қайтқан жары, Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы мынадай деп жазады: «Шыны қабырғаның ар жағында, ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айкасқан, ұйықтап жатканға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден кұран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік» [65, 407б].
Сонымен, «Мұстафа Шоқай кім?» деген сауалға қайта,оралайық. Мұстафа Шоқай - өз заманында Түркістанда, орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған ұлы қайраткер. Оның омір жолы Ұлы Отаны - Түркістан - үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын.
М.Тынышбаев туралы революцияға дейін Орынборда шығьп тұрған А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газеті былай деп жазды: «Мұхаметжан Тынышбаев — IІ Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа тазажол мен қашаннан қызмет етіп жұрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25-июнь жарлығы тақырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр. Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткин генерал-губернатор больп тұрған кезде, Жетісудағы бүліншіліктің не себепті болғандығьн, мәселенің бәрі Жетісу қырғыз-қазағьнда емес, жергілікті хакімдердің жауыздығънан болғаңдығын Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан. Түркістан уалаятындағы қазақ, қырғыздардың жерін Жетісу Переселен мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын, жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамальп қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса таршылықта қалатындығьн дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан» [66, 85-89б].
М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша комиссары қызметінде жүріп те бауырлас қазақ және қырғыз елдері алдындағы өзінің перзенттік борышынан бас тартқан емес, қайта оны нақты істерімен дәлелдеп берді. Жаңа қызметке бекітіле салысымен (1917 ж. көкектің соңы) ол қырғыз-қазак ауылдарын аралап, жергілікті ауыр жағдаймен танысып, нақты істерге көшеді. Осы сапарында бай-манапттардың, келімсектер мен солдаттардың зорлығына қарсы біраз шараларды іске асыра отырьп, ол Верныйға келген бет-те Петроградтағы 11 мекемеге, атап айтқанда, азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетінің төрағасы Шепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына және беделді газет редакцияла-рына жергілікті жағдайды баяндай отырып, нақты көмек көрсетуді өтінген те-леграммалар жолдайды. Телеграммада: «Ел ішіндегі жағдай өте ауыр. Бірінші июньде уездік комитеттердің және комиссарлардың өкілдерімен бірге Кытай-дан қайтып оралған Түптегі қырғыздзрды аралап қайттық. Олардың ауыр тұрмысы біздің жанымызға қатты батты. Елдің үстіне ілген киімдері әбден тозған, балалар өте аз, басым көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, оларды Қытай Түркістанында нанға айырбастаған көрінеді. Киіз үй дегенміз — таяққа қыстырылған ескі киздің қиыңдылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған көрінеді... Ең қорқыныштысы кырғыздардың жаппай аштықтан қырыла бастауы...» - деп көрсетіліп, елге ауыр тиіп тұрған жағдайдың бірі заңсыздық, отаршылдық пиғылдағы қазақ-орыстар мен солдаттардың онсыз да әлсіз халыкқа зорлық, қиянат жасап отырғандығы баяндалады.
1917 жылы иілде айында Орынбор қаласында бірінші Жалпы қазақ, съезі өтеді. Съезде Жетісу облысындағы жағдай жеке мәселе ретінде арнайы қаралып, сьезд біріншіден соғыс және Ішкі істер министрлігіне жедел телеграм-ма жолдап «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып, жаншьп жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттардың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты зорлықтан қорғауларын талап етеді; екіншіден, «Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызга Алаш баласы жәрдем беруін» өтінеді «Қазақ», 1917, № 238. Бұл шараны іске асыруда да М. Тынышбаевтың шешуші роль атқарғандығы даусыз [67, 115б.]
Уақытша үкімет комиссарлары Шкапский мен Тыньшбаевтың жігерлі талабының нәтижесінде көп ұзамай Жетісу облысында астьққа монополия енгізілді. Оны іске асыру уездік азық-түлік комитеттеріне жүктеліп, ал оларға көмек ретінде 12 адамнан тұрған уездік Реквизиция комитеттері құрылады.
Көңіл аударуға лайық тағы бір факті — М. Тынышбаевтың тікелей араласуымен Қытайдан оралған қырғыз бен қазақтар үшін шекаралық уездерде халықты тегін тамақтандыратын асхана-пункттердің ашылуы еді. Бұл асханаларды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру уезд комиссарларьна тапсырылады. Мәселен, 1917 жылғы 27 қазаңда Тоқмақта өткен селолық жиналыстың протоколында босқындар үшін бірнеше тамақтандыру пункттерін ашу, осы пункттер үшін 500-600 пұт күріш, орыс шаруаларынан астық сатьп алу туралы шешім қабылдағандығы баяндалады [68]. Әрине, М. Тьнышбаев қазақ және қырғьіз босқындарының тұрмыс жағдайына байланысты өзі ойлаған істерінің бәрін іске асыра алмаған еді. Оған уақыттың тарлығы және басқа объективті себептер кедергі жасады. Ол Уақытша үкіметтің комиссары қызметін бар болғаны 7-ақ ай атқарды.
Жекелеген әдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп беріледі. «Алқа» атты астыртын әдеби үйірменің өмір сүруі әдеби еңбектерді белгілі бір тәртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М., және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов X., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты [69, 19б.] «Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті. Әуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық. «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нәтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» (Х.Досмұхамедов, № 2370 - іс, 1 т., 221 - парақ).
«Бұдан кейінгі жылдарда кеңес өкіметіне қарсы ашық пікір білдіре алмадық, оны жүзеге асыра" қоятындай күш болмады, сондықтанда барлық күшті кеңес мекемелеріндегі қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкіметінің науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық» (Тынышбаев, № 2370-іс, 1 т., 131 -парақ).
«...біздің ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкіметінің мемлекеттік басқару аппараты арқылы жүргізіліп, іске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында біз көп іс тындырдық.
Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жэне Ысқақов қызмет істеді. 22-жылға дейін Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейін Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейін Сәдуақасов келді, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрді, бір кезде Ташкенттегі институттың директорлығының міндетін Әділов те атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Х.Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев жэне Ж.Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. Қазақтың мемлекеттік баспаларында - Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет істеді. Оқулықтарды - Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов X. және («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. Аударма әдебиеттерімен - Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов ж). Қазақ тілінде мыналар: X. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп корсетті), Жұмабаев, Тынышбаев (орыс тілінде - кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсіз өмірдің, өзге халықгарға тәуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. Ескі араб әліпбиін жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е.Омаров, Байсейітов Әзіз. Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х.Досмұхамедов. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеология-сының негізівде мектепке: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Байтасов, Жэленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Әзіз, Әділев, Әуезов, X. Досмрсамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов X., (университетгің ашылу кезінде Байтұр-сынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі).
Осы кезде шыққан кітаптардың көпшілігі «Алашорданың» идео-логиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектері сол идеямен қаруланып шықты (Тынышбаевтың 3. X. 30 ж. жауабынан. № 2370-іс, 1 т., 277-278 –парақгар.
Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті ұлы жолын анықгап берген де солар.
Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезекті бір науқаны былай аяқталды: «Қазақстандағы біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың '' төтенше өкілеттігінің жанындағы үштіктің мәжілісінің № ІІІ/к мәжіліс-хатының көшірмесі [69, 23б.]
Яғни, осылайша қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды. Сондай-ақ әйтеуір тәуелсіздігіміз өз ауызымызға жеткенде, барлық ел азаматтарын саяси тұтқын болған кеңес уақытындағы ақтап алдық. Қазіргі уақытта сол есімдерді жаңғыртып зерттеу үстіндеміз.
3.2. Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы
Жалпы ғылыми жұмыстың барысы, ол қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде «Алаш партиясы» және оған қарсы бағытта болған «Үш жүз» партиясы жөнінде баяндалады.
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалык, саяси және әлеуметгік жағдайы ауырлап кетгі. Ресейдің отаршылдык езгісі күшейе берді, одан коныс аударған қоныс аударушылар казақың шұрайлы жерлерін тартъш алуын көбейтті, халыктың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үмітгерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоксанында Орал қаласында А. Бөкейхановтын. бастауымен Қазакстанның 5 облысының «делегатгар съезі» шақырыдды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарла-масын қабылдады. Бірак кадетгер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал казактардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Казақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық сьезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірак делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Қүрылтай жиналысын дайындау және казақтын саяси партиясын құру мәселелеріне аударды [24, 16б].
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынын, жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек. Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамайтын бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес кұкылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекетген бөлінеді, барлык діндер тең, казакгардың өзіндік муфтияттың болуы керек; билік пен сот әр халыктың ерекшелігіне сай кұрылуы, би мен қазы жергілікті халыктың тілін білуі тиіс, барлык оку орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және баскалар.
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бүрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялык партия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялык-ұлтшылдык емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазакстанда «Үш жүз» деген партия кұрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету:
1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды [70, 82б].
Сондай-ақ, «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті [71, 52б].
1917 жылдың соңында Солтүстік, Солтүстік – Шығыс Қазақстанда құрылған қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымын 1917 жылдың ақпан айында Омбы қаласында құрылған «Қазақ еңбекшілері одағының» мүшелері құрады. Бұл одақ 1917 жылдың соңында «Үш жүз» партиясына айналды. Партия мүшелері өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады. Жетекшілік рөлді бұрынғы адвокат, журналист әрі драматург Көлбай Төгісов, фельдшер, тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпеновтер атқарды. Ұйымның құрамында зиялы топ өкілдерімен қатар қаладағы қазақ кедейлері де болды. «Үш жүз» партиясы ОК-нің орналасатын жері Омбы қаласы болып белгіленді. Әйтпенов — партияның төрағасы, орынбасары — Төгісов, хатшысы — Көбеков, қазынашысы Тынышбаев болды. Баспасөз органы «Үш жүз» газеті Қызылжар қаласында шығарылды. Кейіннен «Үш жүз» партиясының төрағасы болып Төгісов сайланды. Партияның Қызылжар, Ақмола, Семей, т.б. қалаларда өз ұйымдары мен топтары жұмыс істеді. Қазақтың демократиялық радикалды топтарының мүдделерін білдіре отырып, Алаш партиясына қарсы идеялық – саяси күрес жүргізді [72, 16б].
«Үш жүз» партиясының бағдарламасында негізгі мақсаттар ретінде қазақ халқын көшпенділіктен отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылықпен айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға жәрдем беруді ұйымдастыру, оқу-білімге тарату, мұсылман дінін құрметтеу, партия құрамына қазақ жері де кіруі тиіс Түркістан Федерациясын құру, т.б. аталып көрсетілді. «Үш жүз» партиясы Бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтатып, бітім жасауды, мұсылман халықтарының арасындағы ынтымақтастықты, басқа діндегі халықтармен де достық қарым-қатынастарды сақтауды жақтады. «Үш жүз» партиясы большевиктерді қолдап, оларға жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға жәрдемдесті. Партияның бірқатар қайраткерлеріне Батыс Сібір, Қызылжар, Семей кеңестерінде жауапты қызметтер атқаруға ұсыныс жасалды. «Үш жүз» газетіне қаржылай көмек көрсетілді. Газет Кеңес өкіметінің саясатын насихаттап, оның шешімдерін қолдап отырды, ашаршылықпен күрес жөнінде мақалалар жариялады. Омбыдағы Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Колчак үкіметі «Үш жүз» партиясының басты қайраткерлерін түгелге дерлік тұтқынға алып, қуғынға ұшыратты. «Үш жүз» партиясының бағдарламасы негізінен солшылдық, радикалдық бағытта болды. Қазақ халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғандарымен, әлеуметтік экономикалық және саяси мәселелер бойынша большевиктер партиясының ықпалында болды. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.
Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді [73, 45б].
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерістің жеңісінің нәтижесінде патша үкіметінің құлатылуы және Ресейде Республикалық тәртіптің орнатылуы Қазақстан мен Түркістандағы саяси жағдайды түбімен өзгертті. Ақпан төңкерісі Қазақстанның басқа аймақтары секілді оңтүстік өңіріндеде үлкен қолдауға ие болды. Бірақ, аймақтың аталған кезеңдегі қоғамдық саяси дамуының ерекшеліктері де болды. Аймақтағы казак–орыс әскерлерінің билеуші топтары өзгерістерге қарамастан казак–орыс станциаларындағы билік тізгінін бұрынғысынша өз қолдарында қалдыруға барлық күштерін салды [71, 213б].
Енді бір екі ауыз сөз «Алаш» партиясының қарсыластары жөнінде. Ҡұрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында социал революционерлер, социал демократтар және, Алаш партиясы арасында жүрді.
Партиялық әдебиетте соңғы уақытқа дейін болышевиктер партиясын Қазан революциясы қарсаңында бүкіл қазақ даласындағы ең ықпалды саяси күш есебінде көрсету етек алып келеді.
Жергілікті жағдай күрделі болды. Біріншіден, 1917 жылдың II жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа райына байланысты. Ауыл шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды! Сырдария, Жетісу облыстарында аштық етек алды. Кей, аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай шамасы болмады. Екіншіден, большевиктер халыққа түсінікті тілде үгіт насихат жүргіді. Ұлттық саясатын түсіндірді деген сияқты пікірлер соншалықты дәлелді еместін. Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны ашықтан ашық көрсетіп берді. Сайлау нәтижесінде «Алаш» партиясы блогы сайлаушылардың Жетісу облысында 57,5 Торғай, Орал 75,0% дауыс алды. Кей уездерде Алаш партиясының жеңісі үлкен көрсеткіштер мен сипатталды. Семей уезінде оған сайлаушылардың 85,6% қолдау көрсетті [22, 56б]. Алаш партиясының кей аудандарында социал демократиялық ағымдардан басым түскенін тағы да мына көрсеткіштерден аңғаруға болады. Торғай облысы Ырғыз уезінде 1-ші нөмерлі тізім бойынша түскен Алаш партиясы. Кандидаттан дауыс беру нәтижесінде 51351 дауыс, екінші нөмерлі тізім бойынша социал демократтар партиясы 193 дауыс алған.
Сонымен бірге бұл қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара күресі мұнымен шектелмейтін. Алаш» партиясы мен «үш жүз» аталған саяси ұйымның арақатынасы соның айғағы болса керек. [74, 52б].
«Үш жүз» белгілі бір әлеуметтік топтардың азапты ізденіс: нәтижесінде қалыптасқан ұйым емес, ол 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ қоғамынан депутаттар ұсыну (бәтінде өмірге келді. Бұл кезеңде өзінің негізгі қарсыласы Алашты саяси аренадан ығыстыру үшін «түрік-татар қауымдастығына» мұсылман қозғалысына сүйенді.
Егер «Алаш» партиясы атынан түскен депутаттыққа кандидат кісілер облыстық қазақ және жалпықазақ сьездерінің талқысынан өткен адамадар болса, «Үш Жүз» кандидаттары осы ұйымды құрушылардың ұйғарымы бойыншша тізімі түскен халық білмейтін, бұрын жағымсыз істерімен көзге түскендер. Ал енді «Үш жүз» партиясы үшін сайлау немен (аяқталды. «Үш жүздіктер» ұсынғнан бағдарламаны түсінікті қабылдай алмағандықтарын ең алдымен азын аулақ қазақ жұмысшылары» мен қол өнершілер көрсетті. Екібастұздағы ағылшындық капиталист иелігіндегі заводта жұмыс жасайтын жеті жүздің үстіндегі қазақ жұмысшылары 11 нөмерлі тізімнен түскен «Үш жүз» партиясының кандидаттарына бірде бір дауысын бермеді [75, 3б].
Жалпы қорыта келе, Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословилік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен түрде жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан төңкерісі Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүрсілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болғаны анық еді.
Жалпы партияның бағдарламасы жөнінде сөз козғар болсақ, оны «Шоран исламдағы» сайланған қазақ өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі «Қазақ» басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. «Қазақ» басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: «Алаштың дұшмандары «Алаш» партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, «Қазаққа» да «Алаш» партиясының жобасы басылып шықса екен. Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар «өз алдына «Үш жүз» атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу. «Қазақ» газеті 1917 12-ноябрь №28 [75, 6б].
Міне, осындай жағдайдан соң «Қазақтың» 21-қараша күнгі санында «Алаш» партиясының бағдарламасы шығады. М.Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында «Алаш» партиясы бағдарламасының өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті:
«Сол жылғы (1917ж) күзгі айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялылары, бастығы Бөкейханұлы мен Байтұрсынұлы «Алаш» партиясын жасауға ұйғарып, программ жобасын (проект программасы) жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойынша қалды, еш уақытта «Алаш» партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған жоқ, оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.
Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса «Алаш» бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?
«Алаш» партиясы өз бағдараламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын қалайтындығын білдірді.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа енгізген болатын. Соңғы жылдарға дейін «Қазақ» газетінің қолға түспеуіне байланысты, тарихшылар негізінен осы Мартыненко аудармасын пайдаланып, сол бойынша тұжырымдыр жасап келді. Белгілі бір саяси мақсатты көздеген бұл аудармада «Алаш» бағдарламасында аса маңызды принциптік ойларды саналы түрде бұрмалаушылық орын алған еді. Мәселен, біріншіден, ұсынылып, отырған текстің жоба екендігі ескерілмейді, демек, оқырман оны қабылданған бағдарлама есебінде қабылдауы керек еді, екіншіден аудармада жоба тарауларының аты аталмай, құжаттық саяси-әлеуметтік бағыты әдейі солғын көрсетілді.
Мысалы келтіретін болсақ: «Мемлекет қалпы» атты тараудағы «федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі» деген сөйлем «федерация-союз мелких государств» есебінде аударылып, мүлдем басқа реңк алады. «Жер мәселесі» атты тараудағы «бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту» деген сейлем, Мартыненко аудармасында: «Все ранее отобранные у киргиз переселенцами земли должны быть возвращены обратно» - деп ашықтан ашық бұрмалапады. Осы тараудағы сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу» деген сөйлем «киргизы должны получить земли с более плодородной почвой» деп аударылды. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бұл аударма, оқырманға «Алаш» партиясын сеператистік, «Қазақстан қазақтар үшін!» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген саяси ұйым етіп көрсетуді көздеді. Бірінші жалпықазақ съезі қаулысын және партия бағдарламасын дайындау кезінде ұлт зиялылары мемлекеттік дербестік мәселесіне өлі де болса үлкен сақтықпен қарады.
Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр болатын.
Ал «Алаш» бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.
«Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды, - деп жазды.
Ал, салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен салынады.
Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан анық байқаған еді. «Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең» болады. «Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға-еркіншілік», заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.
Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламада жер мәселесі арнайы тарауда қаралып, негізінен бірінші жалпықазақ съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.
Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.
Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз «Алаш» партиясын «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.
Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылыми тілімен айтқанда «Мемлекеттік құрылым» мағынасын білдіреді. Онда: Россия демократическая федеративная республика болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының бағдарламасында, дәл, қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде «ынтымағы бір», ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі жариялаған федерециядан мередем айрықша дербестікті жария еткен мемлекеттік құрылым.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сол кезде Орынбордағы оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық комитеті де жоқ «Алаш» партиясының атынан бүісіл қырғыз өлкесі бойынша қырғыздардан Құрылтай Жиналысына мүшелікке кандидаттардың тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.
Жалпы алғанда «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды.
I.Басқару түрі
II.Автономия.
III.Азаматтың негізгі құқықтары
IV.Дін ұстану туралы мәселе.
V.Соттар туралы.
VI.Қорғаныс.
VII.Салықтар.
VIII. Жұмысшы мәселесі.
IX.Халық ағарту.
X.Жер мәселесі.
Сонымен, «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының бүкіл дүние жүзіне тараған орысша аудармасында жоба авторлары заң жағына мүлде сауатсыз етіп көрсетілген. Негізінде жоба авторлары мемлекеттің жоғарғы органдарын құрудың ресми, теориялық жағынан әбден сауатты тұжырымдамасын ұсынған еді. Біріншіден, жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы: Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума ұсынылды. Екіншіден, парламентарлық республика ұсынылды, өйткені президентті екі палата сайлауға тиіс болды. Үшіншіден, палаталар алдында президент емес, қайта министрлер жауап беруге тиіс еді. Егер парламент алдында президент те жауапты болса, онда жоғары өкілді органның абсолютті билігі орнар еді. Ол кезде мұндай теория да, мұндай практикада болған жоқ. Жоба авторлары Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу қағидасын ұсынды [76].
Ал қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы Алащ партия бағдарламасының сабақтастығы ол «Nur Otan» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның тікелей басшылығымен партия еліміздің жетекші саяси күші болды. Н.Ә. Назарбаев «Nur Otan» партиясының идеялық шабыттандырушысы болып табылады, партияның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды.
Партия құрылған 1999 жылы жағдай күрделі еді. Еліміз Азиядағы қаржы дағдарысының салдарларын бастан кешіп жатты. Қазақстан мұнайға, қорғасынға, мырышқа, алюминийге әлемдік бағалардың түсіп кетуінен зиян шегумен болды. Дағдарыс кейбір көршілес мемлекеттердің қаржы жүйесінің күйреуіне әкеліп соқтырды. Сол тұста Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына банкрот болу қаупі төнген еді. Сыртқы шептердегі жағдай да кәдімгідей қауіпті қалыптасты. Оңтүстік жақ беттен халықаралық лаңкестердің тікелей шабуылынан Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық тұтастығы сынаққа түсті. Көптеген адам құрбан болды. Тұтастай алғанда өңір дүбірге толып тұрды. Біз өткен онжылдықтың аяқ жағында жалақы мен зейнетақының ұзақ уақыт кешігіп төленуі қоғамда елеулі шиеленіс туғызғанын ашық айтуға тиіспіз. Қоғамда әлеуметтік қарсылық деңгейі жоғары болып тұрды. Дәл сол кезде Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын қолдайтындығы жөнінде ашық мәлімдеген ондаған мың адамдардың партия аясында топтасуы өзінің тұрақтандырушы рөлін атқарды. «Отан» партиясы ел басшылығының тұрақты макроэкономикалық ахуалды сақтау, отандық өндірісшілерді қорғау, салық саласында тәртіп орнату жөніндегі қолға алған шараларын қолдады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы сіздердің де ұзақмерзімді партиялық бағдарламаларыңызға айналды. Бүгінде экономикадағы жағдай сапалы түрде өзгерді. Тек 5 жылдың ішінде ІЖӨ-нің өсімі 53 пайызды құрады. 5 жылда жалақы 2 есе өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 2 есе төмендеді. Тек 2003 жылдың өзінде жұмысқа тартылған тұрғындардың саны 400 мың адамға артты. 2004 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік аппарат пен әскери қызметшілердің жалақысы 50 пайызға өсірілді. Соның өзінде салықтар төмендетілді. 5 жыл бұрын мұндай болатынына сену қиын еді. «Отанның» саяси қолдауы реформа табысының маңызды белгілерінің біріне айналды. Сондықтан да елдің дамуындағы табыстар партияның да табыстары болып табылады. 2004 жылғы 12 наурыз Барлық экономикалық және саяси топтардың есіне салайын: олар қаржылық және саяси тұрғыдан ие болған мүмкіндіктердің бәрі барлық осы жылдары мемлекет жүргізген саясаттың арқасында ғана келді. Барлығына қоғамдық тұрақтылық арқасында ғана қол жетті. Тұрақсыздандырудың кез келген әрекеті Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігіне қатер ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан жанжалды модель емес, тек сындарлы ықпалдастық қана ыңғайлы болып табылады. Сондай ықпалдастықтың ең ауқымды мүмкіндіктерін қоғамды демократияландырудың жаңа белесі береді, біз бұған бүгін қадам бастық. Біз бұған, қоғамға бұдан былайғы реформалардың ойластырылған әрі дәйекті бағдарламасын ұсына отырып, кәміл сенеміз. Және бүгін біз тағы бір анық түсініп, қабылдауға тиіс даусыз ақиқат мынау: кез келген мемлекеттің тиімділігі оның нақты саяси құрылысына қарамастан, ол төмендегі мақсаттарды дәйекті де ойдағыдай ұстанатынына қарап бағаланады, олар: – саяси тұрақтылық; – мемлекет тұтастығын сақтау; – тәуелсіздікті сақтау; – болашақ даму әлеуетін жасау. Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы нақ осы асқақ тарихи мақсаттарға адал. Тұтас алғанда елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту жолында шешетін міндеттері сондай. «Отан» партиясынан мен қуатты жаңғыртудың саяси күшін көремін, ол қоғамды дамытудың жаңа белесінде жүргізілетін реформалардың бұдан былайғы табыстарын қамтамасыз етеді. 2004 жылғы 15 маусым Партия идеологиясының негізінде не болуы тиіс? Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясына арқа сүйеуі тиіс деп санаймын. Ол сондай-ақ, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар адамдарының мүдделерін білдіруші болып, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық идеясын дәріптеуі тиіс. Бұл бағытты ұлтаралық және конфессиялық ортада шиеленістің өсуін арандатуға қабілетті радикалдық діни және ұлтшылдық идеялардың артуы түріндегі бүлдіруші құбылыстарды қатаң бейтараптандырып, қағидаттық тұрғыда жүргізу қажет. Ұлттың тағдыры, оның мәдениеті, тілі мен дәстүрлеріне деген шынайы қамқорлықтың басқа халықтардың дәл осындай қажеттіліктеріне нұқсан келтірумен ешқандай ортақтығы жоқ. Бізге инвестициялар келіп жатыр, бізді құрметтейді, қоғамда салтанат құрған тұрақтылық пен келісімге тәнті болады. Демек, өзіміздің дамуымызға көмектесетін біздің аса маңызды игілігіміз нақ осы болып табылады. Келіңіздер, оны бірлесе сақтайтын болайық. Жұмыстың осы заманғы түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, партияның идеологиялық жұмысын күшейту қажет. Партияға ел басшылығының Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бастамасына, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясына табандылықпен қолдау көрсетуді қамтамасыз етуі қажет. Өз халқының өркендеуі туралы ойлайтын партияға бұдан асқақ, бұдан гөрі рухтандыратын не болуы мүмкін? 2006 жылғы 4 шілде соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемдегі саяси үдерістер бірнеше еселене күрделенді. Сондықтан қазіргі заманғы саяси көшбасшыға кәсіби-мүдделестер командасы аса қажет. «Нұр Отан» партиясы соңғы жылдар бойына мен үшін осындай сенімді тірекке, кәсіби де қалыптасқан командаға айналып отыр. «Нұр Отан» елдің бүкіл халқының мүдделерін бейнелейтін объективті көшбастаушы партияға айналды. Біз бірігу үдерістері мен ірі сайлау науқандарының кезеңдерінен табысты өттік. Енді біздің жинақталған тәжірибе мен күш-жігерді көкейкесті әлеуметтік міндеттерді шешуге, сондай-ақ, партияны одан әрі сапалы нығайтуға пайдалануымыз керек. «Нұр Отанның» дамуында жаңа белес басталды. Партия Қазақстандағы жүйелі өзгерістердің нақты алға апарушысы, елдегі бұқаралық саяси жұмыстардың ең тиімді тетігі болуға тиіс. «Нұр Отан» дамудың ұзақмерзімді бағытының сабақтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге ел дамуының жаңа стратегиялық идеяларын да туындатуы керек. Қазіргі табысты елдердің тәжірибесі олардың дамуындағы серпілістердің көп жағдайда негізгі саяси партияның көшбасшылығы мен тиімділігі есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетіп беріп отыр. Жапония, Швеция, Сингапур, Малайзия, Үндістан, Мексика сияқты елдердің даму тәжірибесі бетбұрысты саяси және экономикалық реформалар кезеңінде жетекші партиясы бар көппартиялы жүйенің басқарудың оңтайлы моделі болып табылғанын көрсетіп берді. Біз Қазақстанда дәл осындай бұқаралық, тиімді, қазіргі заманғы партияны құрдық. Өсіп-өркендеген және қуатты Қазақстан – біз бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны. Мен еліміздің нығайып, толысқанын, халықаралық беделінің өскенін көрген кезде мақтаныш сезіміне бөленемін. Мұнда «Нұр Отан» партиясы маңызды рөл атқарады. «Нұр Отан» бүгінде біздің саяси жүйеміздің кескін-келбеті. Бүгінде нақ осы «Нұр Отанға» Қазақстанның тағдыры үшін жауапкершіліктің бар салмағы жүктеліп отыр. Нұротандықтарға бүкіл еліміз қарайды. Біз – саясат пен экономикада сыннан өткен күшпіз. Біз біртұтаспыз, қуаттымыз және сондықтан ел бізден жаңа табыстар мен жеңістер күтеді. 2008 жылғы 17 қаңтар Кезінде басқа ілгері елдердегі – Сингапурдағы, Оңтүстік Кореядағы, Жапониядағы сияқты біздің елде де демократия прогресшіл, көшбасшы партиямен – «Нұр Отанмен» бірге дүниеге келген болатын. «Нұр Отанның» қалыптасу тарихы – демократияның әлемдік тәжірибесінің ажырағысыз бөлігі. Бірінші съездің қалай өткені жадымызда біржола жатталып қалды. Ол кезде біздің батыл армандарымыздың өзі қазіргі жетістіктерімізге де ілесе алмай жататын. Қазір осы залда мен өзімнің Бірінші съезде айтқан сөздерімді қайталамақшымын, ол сөздер 15 жыл өткенде де көкейкестілігін жоймаған: «Менің қымбатты жолдастарым, сіздерге Отан деп соққан жүректеріңіз үшін үлкен алғысымды айтамын. Сіздердің халықтың қадір-қасиетін ойлайтындарыңыз, мемлекеттілікті сақтау мен нығайту жолында бәріңіз бір үйдің баласындай жұмылғандарыңыз үшін рахмет деймін!». Мен өзіммен бірге жаңа елді орнатысқан барлық қазақстандықтарға еңбегі мен төзімділігі үшін алғысымды білдіремін! Айрықша алғысымды менімен бірге біздің партиямызды құрысқан серіктестеріме арнаймын! «Нұр Отан» партиясын өркендетуге үлес қосқандардың бәріне алғыс айтамын! Біздің партия – «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық демократиялық коалицияның біріктіруші күші. Бүгінде «Нұр Отан» – Қазақстанның ХХІ ғасырда табысты қадамдар жасауын қамтамасыз ететін саяси көшбасшылықтың басты тетігі! Қазір бізде халқымызды жаңа жеңістерге сенімді жетелеу үшін не қажеттінің бәрі бар. Ең бастысы, барлық қазақстандықтардың зор сенімі мен қолдауы. Бұл – «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы саяси көшбасшылығының негізгі бастауы. Қазір партия ресурстарын дұрыс бөлу керек. Әр нұротандықтың партиялық жауапкершілігін күшейту қажет. Біз партия жұмысының қуатын үш қайтара еселендіруге тиіспіз. «Нұр Отанның» бағдарламалық құжаттары әр кезде де нақтылы болды, сондықтан олар нәтижелі болып келді [77].
Сондай-ақ, Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.
Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы [78].
Қорытындылай келе, біз Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын атап өттік. Яғни, ұқсастықтары олардың демократиялық бағытты үгіттеуінде, сондай-ақ ел мүдесі үшін атқарған қызметтері байланыстырады. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Нұр Отан» партиясы атқарып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |