Диплом тақырыбы: Алаш қозғалысы және жер мәселесі



бет2/11
Дата30.03.2022
өлшемі196,29 Kb.
#137249
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бекслан казгу

Тақырытыптың өзектілігі: «Біз – кең-дала алқап жері мен аса бай рухани және мәдени-тарихы бар рухты биік елдің қатарындамыз. Бұл өңірлердегі әр елді мекенмен, аймақтардың бір өзіндік ерекшелікері мен тарихи рөлі бар. Бір қуанатынымыз осындай географиялық рухани белдеуде жатқан халықтың әрқашан бірлігі бұзылмаған. Оған дәлел рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің – Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұлтжданды Ұлдар туды.
XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Мәселен, Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.
Ал, 1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады [28, 85б].
Яғни, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.
Жалпы, айтқанда Отандық тарих ғылымында көлемді орын алған тақырыптардың бірі – Алаш тарихы. Алаш тарихы қарастырылды дегеннің өзінде, көп зерттелмеген тақырыптардың бірі қозғалыс, кейін жер мәселесі. Отандық және шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі Алаш көсемдері, бағдарламаларын жүзеге асырудағы әрекеттері жайлы тұжырымдар бір зерттеу жұмысы ретінде жарияланбады. Отандық тарихшылардың Алашорда мәселесімен жарияланған еңбектері өте көп. Дегенмен тарихнамасының кезеңдер бойынша бөлінуі кездеспейді.
Патшалыҡ өкіметке де ашық сындарымен қолайсыз болған, кеңес өкіметі үшін де қазақ жерін әрі қарай отарлауға мүмкіндік бермеген алашордашылардың сол тұстардағы тарихнамасы билік тапсырысымен жазылғандықтан кері пікір қалыптасқаны белгілі. Тәуелсіз тарихымызды жазудағы негізі міндеттердің бірі, сол зерттеулерді сараптау мақсатында осы зеттеу жұмысы таңдалып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет