Дипломалды іс-тәжірибе


Мектептің орналасуы, құрылымы және ішкі жүйесі



бет6/12
Дата21.04.2020
өлшемі273,22 Kb.
#63186
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Мектептің орналасуы, құрылымы және ішкі жүйесі

Дипломалды практика өту орны:



Мекеме атауы:

А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы білім беретін орта мектебі

Телефон:

8 (7252) 46 55 68

Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,Самал 3 м/а, ғимарат 2320А

2019-2020 оқу жылына мектеп директоры А.С. Қаппарова, пед. өтілі 25 жыл, осы қызметте 8 жыл. Ғимарат 2010 жылы салынған. Ғимараттың түрі, қуттылығы: типтік, үш қабатты, 1200 орындық. Мектепте оқушылар саны-4784. Ғимараттың қабырғасы-пеноблок, шатыры-профнастил,терезе-ПВХ/ пластик/, еден: сыныптартарда - линолеум, дәліз – кафель. Білім беру мекемесінің ашылу күні 31.08.2010 ж..

Мектеп әкімшілігі

Каппарова Айгул Сергалиевна - директор, тарих пәнінің жоғары санат мұғалімі. Исабекова Айгул Мухтаровна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі және әдебиет пәнінің жоғары санат мұғалімі. Изетова Ханым Баскановна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің жоғары санат мұғалімі. Калмырзаева Халида Еркінбекқызы - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің жоғары санат мұғалімі



    1. Практика кезінде орындалған іс-шаралар

Мен, Рысбекова Асия Токирбайқызы дипломалды практикамды 2020 жылдың 2-ші наурыздан 10-ші сәуір аралығында А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы білім беретін орта мектепте өткіздім. Практика кезінде жоғары сыныптардың сабақтарына қатысып, оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.

Мектептегі іс-шараларға қатысып, пәндеріне пәндеріне қатысты білетіндерімді оқушыларға көрсетіп, үйреттім.

Жалпы өзіме бекітілген осы 9-«б» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының алгебра және геометрия пәндеріне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Және де осы уақыт аралығында 9-«б» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім.

Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.

17.03.2020ж. күні 9-«б» сыныбында өзіме берілген ғылыми тапсырма бойынша «Рационал бөлшектер» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Жетекшімнің сабақтарына қызығушылықпен қатысып дипломалды практикамама көптеген материалдар жинақтадым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет