Дипломалды іс-тәжірибе



бет9/12
Дата21.04.2020
өлшемі273,22 Kb.
#63186
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Айқындау эксперименті барысында математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарын орта мектеп оқушыларының меңгеру деңгейі мен бұл ұғымдарды қалыптастыруда көрнекi-интуитивтiк түсiнiгiн пайдалану мүмкiндiгi анықталды.

Оқушылардың математикалық анализдің негізгі ұғымдарына байланысты математикалық, тұрмыстық түсініктерін анықтау мақсатында сауалнама мен тест пайдаланылды. Оған 11 сыныптың 30 оқушысы қатысты. Сәйкестік, тәуелділік, үзіліссіздік, ұмтылыс ұғымдарын қалай елестете аласыз? Оны кескіндеңіз немесе суреттеңіз және тағы басқа. Сауалнама нәтижесі мынаны көрсетті: көптеген оқушылар сәйкестік, ұмтылыс, өзгеріс, үзіліссіздік терминдері жөнінде жеке тұрмыстық түсініктері бар, олардың мағынасын математикалық ұғымдармен саналы байланыстыра алмағанмен сәйкес жалпы түсініктері қалыптасқан.

А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы білім беретін орта мектебінің бітірушілерне арналған «алгебра және анализ бастамалары» оқу құралдарының мазмұнына сәйкес бақылау жұмысы жүргізілді. 30 мектеп бітіруші қатысты, оларға 5 нұсқадан тұратын 6 тапсырма ұсынылды.

Бақылау жұмысының қорытындысы 1-кестеде көрсетілген.



Тапсырмалар

мақсаты

оқушы саны

орында ғандар

дұрысы

орындама

ғандар


1-тапсырма

туынды ұғымын меңгеру білігі, туындының геометриялық, механикалық мағынасының қолданылуы

30

13

5;(16,9%)

17; (58%)

2 -тапсырма

дифференциалдау техникасы

30

26

13;(44%)

4; (12%)

3-тапсырма

туындыны функцияны зерттеуде қолдану дағдысы

30

17

6;( 20%)

13;(42%)

4-тапсырма

Функцияға толық зерттеу жүргізу, графигін салу білігі

30

25

6;(18%)

5; (18%)

5-тапсырма

туынды ұғымын қолданбалы сипаттағы есептерді шығаруда қолдану білігі

30

7

3; (8%)

23; (76%)

6-тапсырма

интегралдау әдістерін қолдану білігі

30

19

6; (20%)

11; (38%)

1 кесте. Бақылау жұмысының қорытындысы
Айқындау эксперимент кезінде жоғарғы оқу орнына түсуге арналған тест қорытындысын талдау оқушылардың теориялық бiлiмiн практикада қолдана алмайтындығын көрсетті.

Айқындау эксперименті мынадай қорытындыларды жасауға мүмкiндiк бердi: математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарына сәйкес келетін тұрмыстық түсiнiктер оқушыларда математикалық анализ бастамаларын оқытудан бұрын қалыптасқанымен оқыту барысында ескерілмеген; математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарын саналы түрде меңгеруге бағытталған оқыту әдiстемесi жетілдіруді қажет етеді.



Iздену эксперимент кезеңiнде 2019 ж және 2020 ж жылдары есептерге әдiстемелiк өңдеу жүргiзiлдi. Елуден артық есептердiң әрқайсының түсiнiктiлігi және оқушылдардың оған қызығушылығы тексерiлдi. Түсініктілігі арнайы әзiрленген тестердiң орындалуы, ал қызығушылығы есептермен бiрге жүретін сұрақтардың жауаптары бойынша анықталды. Жеке оқушылардың осы есептердi шешу үдерісі бақыланды.

Мұғалiм қолданбалы есептерді сабақта неғұрлым жиі пайдаланса, оқушының соғұрлым қызығушылығы артып, бiлiм деңгейi жоғары болатыны байқалды.

Іздену эксперименті нәтижесi бойынша математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарын қалыптастыру құралы ретiнде 7-11 сыныптарға арналған 30 –дай қолданбалы есептер ірiктелiп алынды. 7-ші сыныппен 9-шы сынып аралығындағы математикалық анализдің алдын ала дайындық есептері, 10-11 сыныпта алгебра және анализ бастамаларына ұғымдарды қалыптастыруға байланысты есептерді еңгiзу әдiстемесi әзiрлендi. Алдын ала оқытуға арналған есептер жүйесі бағдарламалық материалға сәйкес және ол қосымша білімді қажет етпейді.

Осы практика кезінде жүргiзiлген оқыту эксперимент барысында алдын ала оқытуға арналған есептер жүйесi математика курсында функционалдық бағытта жүзеге асыратын тақырыптар негiзінде алынып, барлық бағдарламалық материал бойынша бөлiп-бөлiп енгiзiлдi.

Жетiншi сыныпта графиктердi оқытуда орташа жылдамдық қозғалыс графигi бойынша есептеу процедурасы әзiрлендi. Оқыту барысында бiр қалыпты қозғалыс ұғымы енгізіліп, сызықтық функцияның бұрыштық коэффицентiнiң механикалық мағынасы ашылды. Мұнда есептер шығарылмай тұрып, таза интуитивтiк негiзде нақты геометриялық шаманың шегi iзделiндi, нақты суреттелген үдеріс негiзінде лездік жылдамдық ұғымы енгiзiлдi және оны қозғалыс графигi бойынша есептеу қарастрылды. Графиктерге жанама жүргiзу дағдысы қалыптастырылды.

Тоғызыншы сыныпта «Рационал бөлшектер» тақырыбын оқытуда бөлшек- сызықтық функцияны модельдейтiн үдерістер қарастырылды, осындай бөлшектердің бүтiн бөлiгiн бөлектеу дағдысы қалыптастырылу негiзiнде шектi iздеуге байланысты есептер қарастырылды. Квадраттық функцияны оқу барысында функциямен берiлген қозғалыс жылдамдығын есептеуге болатын формула қорытып шығарылды, сонымен бiрге қозғалыстың жылдамдық өзгерiсi мен графиктер арасындағы байланысы талданды.



Ұсынылған есептер жүйесiнiң тиімдiлiгi эксперименттік бақылау сыныптарында жүргiзiлген бақылау жұмыстарының көмегiмен тексерiлдi. 10 сыныпта жүргiзiлген қорытынды бақылау жұмысында төрт тапсырма болды. Оның бiрiншiсiнде математикалық модель есептің өзінің шартынан шығатын қолданбалы бағыттағы бiрiншi деңгей есептерiн шешу дағдысы тексерiлдi. Мысал 1. 8-суретте мотоциклшінің А пунктiнен В пунктiне қарай қозғалыс графигi кескiнделген.


8 сурет – Мотоциклшінің қозғалыс графигі


Графиктi пайдалана отырып табыңдар:

  1. t=10 минут уақыт мезетінде мотоциклист А пунктiнен қандай қашықтықта болады?

  2. А пунктiнен шыққан мотоциклист А пунктiнен 20 км қашықтықтағы С қаласына қанша уақыттан соң келді?

  3. t=15минуттан t=30 минут уақыт аралығында мотоциклист қандай ара қашықтықтықты жүрiп өттi?
    1-сурет


  4. s=10-шi км-ден s=20-шi км-ге дейiнгi аралықты қанша уақытта жүрiп өттi?

  5. t=5 минуттан t=30 минут уақыт аралығындағы орташа жылдамдықты тап.

  6. Жолдың s=10км-ден s=20км аралықтағы жол бөлiгiндегi орташа жылдамдықты тап.

  7. t=30минут уақыт мезетiндегi жылдамдықты тап.

  8. С пунктiнiң қасынан өткендегi мотоциклисттiң жылдамдығын тап.

  9. Қандай уақыт мезетiнде мотоциклист 50км/сағ жылдамдықпен жүрдi?

  10. А пунктiнен қандай қашықтықта болғанда мотоциклистiнiң жылдамдығы 60 км/сағатқа тең болды.

  11. Жолдың қандай бөлiгiнде мотоциклист үдемелі жылдамдықпен, (жылдамдығы өседi) ал қандай бөлiгiнде кемімелі (жылдамдығы кемидi) жылдамдықпен қозғалады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет