Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет12/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:

- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);

- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);

- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;

- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.

- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;

- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;

- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.

Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақтар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:


  • оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;

  • іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

  • қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;

  • білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;

  • аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.

Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:

а) Ұйымдастыру кезеңі;

ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;

б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;

в) жаңа материалды бекіту;

д) үйге тапсырма беру.

Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа мате-риалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.

1. Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.



  1. Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар

барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.

  1. Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен

орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.

Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынандай элементтерге де бөлінеді:

а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);

ә) мотивация (нені оқу және білу керек);

б) таңдау және оқып білудің бір ізділігі;

в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).

Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблемалық ситуациямен таныстырады, жауап іздеуге кіріседі.

Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізіне сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: әңгіме – сабағы, өзбетінше жұмыс істеу – сабағы т.б.

Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:

1.Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ және басқа техникалық қралдарды қолдану сабағы).

2.Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өзбетінше жмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жмыстар, семинар т.б.).

3.Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.).

4.Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.

5.Бақылау сабағы (барлық бақылау, срау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жмыстары т.б.).

Соңғы жылдары, қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.

Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.



Сабақты әдістемелік талдау.

Сабақты талдау пәнін, сыныбын, сабақ тақырыбын, сабақ мақсатын т.б. көңіл аударады. Сабақты талдау кезінде мынадай мәселелер есепке алынады.

1. Сабақтың типі, құрылымы, тақырыбы, мақсаты, оқыту әдістері, тәсілдеріне байланыстылығы.

2. Сабақтың мазмұны – оқу материалының сапасы, ғылымилығы, актуальдылығы, нақтылығы, тәрбиелік мәні, дамыту, білім беру функциялары т.б.

3. Оқыту әдісінің сабақтың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі, көрнекі, техникалық құралдарды пайдалануы, мұғалімнің білімділігін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру, бағалануын бақылау т.б.

4. Сабақты ұйымдастыру, уақытты дұрыс пайдалануын, оқушылардың танымдық процестеріне басшылық жасау.

5. Мұғалімге мінездеме беру – теориялық дағдысы, методикалық шеберлігі; педагогикалық әдептілігі /әділ, кішіпейіл, ілтипатты, талапшылдығы т.б./ анық, айқын сөйлеуі.

6. Сабақ нәтижесін анықтау, оқушылардың білімді игеру, дәрежесі, қызығушылығы мен белсенділігіне аудару.

Талдау соңында пікір айту, ұсыныстар жасалады. Тексеру жариялылық жағдайда өту керек.

Мектеп педагогикалық кеңесі – конференция шешімдерін орындау барысын ұйымдастырады, мектепті дамыту, жетілдіру жоспарлайды, мектеп директорымен бірлесе отырып, бүкіл ұжымның мүддесін жақтайды; методикалық кеңестің ұсынысы бойынша мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдісін, құралын, ұйымдастыру түрін анықтайды. Оқушыларды тәрбиелеу ол мемлекеттік талапқа стандартқа сай болу керек /білім беру стандартына/, мектептің жұмыс /режимін/ тәртібін белгілейді, кадрды іріктеп, орналастыруға бақылау жасайды, педагогикалық кадрларға аттестация жүргізу, олардың классификациясын анықтап беруді оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды қолдайды, мектеп қаржысының тиімді, дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды, әртүрлі мұғалімдердің есебін т.б. тыңдайды, мектеп қызметкерлерін, администрациясын, олардың мамандық негізіне, қызмет бабына ретсіз араласудан сақтайды.

Сабаққа оқу жылының басында қатынасу - ұжымға қосылған жас мұғалімге бағыт беру мақсатын көздейді. Ол сабаққа ғылыми-әдістемелік сабақтың сапалық негізін көтеруге септігін тигізуге мүмкіншілік береді.

Тақырыптық тексеру – белгілі бір тарауды өткенде мұғалімнің сабағына басынан – аяғына дейін қатынасу оны жан-жақты білуге, білім көлемін анықтауға, ұйымдастыру жүйесін жете білуге мүмкіншілік береді. Оқыту әдісін, көрнекті құралдарды, техникалық оқу құралдарын пайдалану тәсілдерін зерттейді.

Бүкіл оқу күні барысында бір ғана сыныпқа қатынасу.

Мақсат:


1) Әр мұғалімнің сабақ беру әдістерін, оқыту жүйесін бақылап салыстыру;

2) Үй тапсырмаларының көлемін, мазмұнын анықтау;

3) Әр мұғалімнің сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.

Мектеп директорының, оқу ісі меңгерушілерінің методикалық кеңестің және пән әдіс бірлестіктері жетекшілерінің мұғалімдердің, сабақтарына бірігіп қатынасуы. Бұл біріңғай методикалық талаптар қою үшін қажет. Бұл ала ауыздыққа келіспеушілікке тосқауыл қояды.

Бұрын білімді диагностикалау іс-жүзінде болмаған, тәжірибеде қолданылмаған. Ертеректе атақты педагогтар, оның ішінде Ресейде Н.А.Корф өзі оқытып шығарған 300 оқушының оқу бітіргеннен кейінгі өмірі, олардың мектепте алған білімін қалай тәжірибеде пайдаланып жүргізуін зерттеген. Бұл білімді диагностикалаудың алғашқы тәжірибелерінің бір түрі еді. Одан кейін Ресейде білім беруді ұйымдастырушылар Н.В.Шелгунов, А.Ф.Бубнов, К.П.Яновскийлер мектеп бітірушілердің алған білімін қалай пайдаланып іске асыратынын зерттеуге көңіл бөлген. Кеңес дәуірінде мектеп бітірушілерді келешекке бағдарлаумен П.П.Блонский, А.С.Макаренко айналысты. Кейін А.С.Макаренко біздің жұмысымыздың мақсаты – адамдардың нақты санасына, біздің педагогикалық қолымыздан қандай санадағы адамдардың шығатындығына байланысты – деп жазды.

Диагностика деген ұғымға оқу-тәрбие барысында жетістік пен кемшіліктерді көре білу, соларды дер кезінде алдын алып болдырмау, жетістікті жетілдіре отырып ақырғы қортындыны көздеу. Мектептен кейін оқушының алған білімін тәжірибеде қолданып іске асыруын қадағалау, өзіне де, қоғамға да пайдалы адамды тәрбиелеп шығару.

Диагностика деген – оқушының ақыл-ой мүмкіншілігін, адамгершілігін, дене дамуын бағалай білу, олардың жеке басының психологиялық ерекшелігін көре білу, адамдармен тіл табысу қабілетін зерттеу, өзін оқушылар ортасында қалай ұстап, мұғалімдермен, үлкендермен қатынасын анықтауды белгілеу.

Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет