Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


ІІ А.С.МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
ІІ А.С.МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Тұтас педагогикалық процесс — оқыту, білім және тәрбие бірлігінің негізі



2.2 А.С.Макаренко — жас ұрпақты еңбекке даярлау әдiстемесiн жасаушы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. XXI ғасырдың басты міндеті - бүкіл тәрбие, білім беру, оқу ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.

Қазір біздің алдымызда қоғамды жақсартудың ең басты төрешісі - тарихи көзқарасты жан-жақты дамыту міндеті тұр. Жаңа жағдай жаңа ұғымдарды, жаңаша ойлауды туғызатындықтан, жұртшылықты жаңаша ойлау тұрғысынан тәрбиелеу үрдісі жалпы мәдениетті қалыптастыруды қажет етеді. Ал жалпы мәдениетті қалыптастыру процесі оған тән гуманизмді, оның адамгершілік қасиетін одан әрі дамытып, адамға тән сүйіспеншілікті білім беру мен тәрбие жүйесіне енгізумен айқындалады. Адамгершілік идеясының өте ертеден келе жатқан ұзақ тарихы бар екендігі бәрімізге белгілі. Тәрбиенің адами негізін ертедегі Шығыстың ойшылдары әл-Фараби, әл-Беруни, ибн-Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашғари т.б. еңбектерінен кеңінен орын алған. Олардың идеялары педагогиканың қалыптасып, одан әрі дамуына негіз болды. Оның негізін қалаушылар алыс және жақын шетел ғалымдары (Я.А.Коменский, Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов және т.б.) болды.

Ал, психологтар арасында Н.Айғабылов, Н.Асылбеков, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, К.Намазбаева, К.Нұрахметов, Қ.Қойбағаров және т.б. адамгершілік қасиеттердің адам мінез-кұлқы мен жүріс-тұрысындағы көрінісін зерттеп келді.

Бүгінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері педагогикалық процестің әр қырынан қарастырылып, зерттелінуде. Қазақстан Республикасында оқыту процесін пән аралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы тұлғаны қалыптастыру мәселесін А.А.Бейсенбаева мектебі, мұғалімдердің оқу процесіндегі дидактикалық дайындығын қалыптастыру мәселелерін Т.С.Сабыров, халықтық педагогика негізінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін С.А.Ұзақбаева мектебі, құндылық бағдар негізінде оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесін Г.К.Нұрғалиева мектебі, адамгершіліктің эстетикалық бағытын Ә.И.Шыныбекова мектебі, тұтас педагогикалық процесс негізінде болашақ ұстаздарды кәсібилікке тәрбиелеу мәселелерін Н.Д.Хмель мектебі, қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін Г.А.Уманов мектебі, тікелей отбасыңдағы гумандылық мәселелерін, ондағы ата-аналар ролін Г.К.Байдельдинова, В.И.Лысенко, Б.Р.Айтмамбетова, К.Бозжанова және т.б. зерттеп келеді.

Жоғарыдағы аталған авторлар еңбектері адами қасиеттерді қалыптастырудың бастау алар негізі отбасы екендігін айқындап, тұжырым жасайды.

Шындығында да тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді гуманистік бағытта ұйымдастырудан басталмақ.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Оның үстіне отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелері әлемдік деңгейде қарастырылып келеді. Онда: „Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейіріммен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай- ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе құқықтық қамқорлыққа мұқтаж", -делінген.

Әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін айта келіп, ол білімдер мына бағытта жүзеге асырылуы тиіс деп көрсетілген:

а) баланың жеке басын, талантын, дене жөне ақыл-ой қабілетін дамыту;

ә) адам құқығын құрметтеу;

б) баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықгарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу;

в) баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым- қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау;

г) қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сонымен қатар отбасы - сүйіспеншіліктің мектебі болғандықган, онда әрбір адам әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әртүрлі өлшемдерін танып білетіні, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түсетіні, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұракты сүйіспешпіліктің дәстүрлері тек салауатты отбасында қалыптасатыны баяндалған. Жоғарыда айтылған отбасы, адамгершілік, тұлғаны қалыптастыру мәселелері А.С.Макаренконың еңбектерінде терең жазылған. Жоғарыдағы айтылған педагогикалық ой — пiкiрлері өзiнiң өзектілігін бүгiнге дейiн жойған жоқ. Халқымызды жақсының хаты жойылмайды дегендей, А.С. Макаренконың хаты емес оның есiмi де тек бiздiң елiмiзде қана емес, бүкiл дүние жүзiнде зор беделге айналуда.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері Қазақстан Республикасында да мемлекеттік тұрғыдан қамқорлыққа алынып, қаралуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Президент жанындағы отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі арнайы кеңестің құрылуы. Ол консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Онда әлеуметтік-экономикалық жағдай, демографиялық ахуал, білім беру, әйелдер -халық шаруашылығында, еңбекпен қамту, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және медициналық әл-ауқат дәрежесі, отбасы және оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау, мүгедектер мен зейнеткерлер, әйелдердің тәртіп бұзушылығы сияқты мәселелер қамтылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің „Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" деген мақаласында қоғамда болған бес дағдарыс: экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстарды атап өткен болатын. Осы дағдарыстардың әсері ұрпақ тәрбиесіне өз ықпалын тигізбей қоймады. Нәтижеде жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағаламаушылық кеңінен орын ала бастады. Әсіресе, қоғамның бүгінгі дағдарысы отбасына ерекше әсер етіп, жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне қиыншылықтар туғызуда. Себебі, қазіргі кезеңінде отбасының әлеуметтік тұрғыдан нашарлауы және балабақшалардың жабылуы, халықтың материалдық жағдайының төмендеуі, медициналык қамқорлықтың болмауы, экономиканың кері әсері және т.б. бала тәрбиесіне қамқорлықтың төмендеуіне әкелді.

Осы тұста тағы да Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан Халқына жасаған жолдауында бүгінде “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз”, - деді.

Ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі мен оларды тарбиелеу барысында арнайы педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыру олардың балалары оқитын мектеппен, ондағы тәрбиешілермен ынтымақтастықты нығайтуды қажет етеді.

Адамның ең негізгі қасиеттерінің бірі оның адамгершілігі, еңбекқорлығы, қарым-қатынас жасай білуі. Оқушылар бойында адамгершілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мектеп, ұстаз, отбасы тағы басқалардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі сынып жетекшісінің міндетіне жүктелген үлкен жауапкершіліх болып отыр.

„Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының", „Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-этникалық мінез-құлқын қалыптастыру" және т.б. тұжырымдамаларында жас ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан тәрбие-білім беру бағыты негізге алынған. Онда тәрбиенің мазмұны мен жүзеге асырылатын әдіс-тәсілдердің негізі адамгершілік қасиеттінің болуы, сонымен бірге, отбасы жұмысындағы тәрбие жұмысын нығайту, тәрбие сабақтастығын қамтамасыз ету ерекше атап көрсетілген.

Қазіргі заманның талабына сай мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының жүйесін зерттеуде олардың білімі мен дайындығының төмендігі байқалып отыр.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп мынадай ой түйіндедік: педагогикалық әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына талдау жасау барысында қазіргі әлеуметтік жағдайдағы тәрбие саласында мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының аз зерттелгендігі, соның ішінде классик педагогтардың еңбектерін пайдалану мәселесінің аз қамтылғандығы анықталды. Сөйтіп, мемлекетіміздің қазіргі жағдайындағы мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұктаждықтың арасындағы қайшылық айқын көрініс тапты. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесідеп алуға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет