ІІ А.С.МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Тұтас педагогикалық процесс — оқыту, білім және тәрбие бірлігінің негізі
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір-бірімен өзара байланысып, тұтас педагогикалық процеске айналды. Бірақ осы-екі ұғымның өзінше ерекшеліктері бар.
Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды.
Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу — оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады, Осыған орай, оқу, тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.
Тәрбиенің субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс әрекетті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді. А.С.Макаренко семьялық өмiрдiң ең тамаша көрiнуіне қоғамның мүддесi мен ондағы қарым — қатынастарында елеулi ықпал ететiн өз тәрбиеленушiлерiнiң өмiрiнен көре отырып, жаңа семья қоғам нығайды деп сенiм бiлдiрiп өз оқушыларының алдындағы ең бақыты мен шаттығын адам тағдыры мен байланыстыра келiп. “Жанұя — адам өмiрiнiң тамаша қыры жүзеге асып, адамның жеңiмпаз күшi тыныс табатын өмiрдiң ең басты шаттығы – балалардың өсiп, өмiр сүретiн қоғамнын табиғи алғашқы ұясына айналады” — деп болашаққа зор үмiтпен қараған болатын. Отбасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi бала тәрбиесi дей келiп, отбасы қажеттiлiгiн қанағаттандыру да ерекше мән берiлетiн құбылыс болмақ деп ескерттi. Мысалы, мәндi жанұя қалыптасуы үшiн ерлi зайыптылар мiндетi. Жанұядағы баланың санына байлансты мәселелердi шешуде тек бiр жақтылық тұрғыдан емес ұжымдық тiршiлiкке ңұқсан келмеуiн алдын ала ойластыру тек ата — ана мәселесi ғана емес сол сияқты педагогикалық проблема да деп қарау қажеттiлiгi тағы да сол сияқтылар. Ол өзiнiң “Ата аналар” кiтабы — атты шығармасының негiзгi бөлiмiн тәрбиеге арнай отырып, әрбiр саналылық қарым — қатынас пен өзара ынтымақтастықтың балалар санының семьялық қарым — қатынасқа әсер ететiн фактор ретiнде жан — жақты дәлелдедi. Ұлы педагогтың бұл кемелденген ойының күнi бүгiнге дейiн өзiнiң қоқамдық әлеуметтiк және педагогикалық мәнiн жоймағанын өмiр көрсетiп, педагогтар мен қоғам және адамзат алдында жаңа проблема ұсынуда. А.С.Макаренко сонау 1937 жылдың өзiнде тiптi талапты және зейiндi ата — аналардың қолы мен де жалғыз баланы тәрбиелеу ерекше қиын мiндет болып саналады — деп үлкен зерделiлiк пен табанды ескерткенi педагогикалық қауымға мәлiм[29].
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес.
Тәрбие мақсаты – тәрбие қызметi бағытталған соңғы нәтиже. Мақсат – бұл барлық күш-қуаттың қосылуымен орын-далатын болашақ. Қалаған тәрбие – мейлi ол кiшкене бiр елен-бес iс болсын, мейлi кең көлемдегi мемлекеттiк бағдарлама болсын - қай жағдайда да нақты мақсатты көздейдi; бағытсыз тәрбие болмайды. Тәрбиенің мазмұны, ұйымдасуы, формалары мен әдістерi – бәрi мақсатқа тәуелдi келедi. Осыдан, тәрбие мақсаты, мәселесі педагогикадағы аса маңыздылардың бiрi. Өздерiнің iс-әрекетiнде мектеп және тәрбиешiлер неге ұмтылуы тиiс, қандай нәтижелердi қолға кiргiзуi керек – бұл сұрақтар оқу-тәрбие аймағында қай уақытта да өзектiлiгiн жойған емес. Тәрбие мақсаттары жалпы және жеке-дара болып бөлiнедi. Бiрiншi жағдайдағы мақсаттың көздегенi барша адамдарға тән қасиет-сапаларды қалыптастыру, екiншiде – дара адам тәрбиесiн көздейдi. Өрелі педагогика жалпы және жеке-дара мақсаттардың бiрлiгi мен бiрiгiмiн қолдап-қуаттайды. Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылыс бағытын бiлдiредi. Тәжірибелік iске асыруда ол нақты мiндеттер жүйесi түрінде көрiнедi. Мақсат пен мiндеттер өзара бүтiн мен бөлiктің, жүйе және оның элементтерi сипатындағы қатынаста болады. Сондықтан, тәрбие мақсатының мәнi – бұл тәрбие арқылы шешiлетiн мiндеттер жүйесi деген анықтамамен де ашылуы мүмкін. Тәрбие мiндеттерi, әдетте, өте көп болады. Олар нақты және жалпы түрге жiктеледi. Дегенмен, өз алдына жекеленген тәрбиелiк жүйе шеңберiнде мақсат бiреу. Бiр орында, белгiлi бiр уақыт аралығында тәрбиенің әрқилы мақсаттарды көздеуi мүмкін емес. Мақсат – тәрбиелiк жүйенің сипатын айқындаушы элемент. Осы мақсаттарға және оларға жету құрал, шаралары-на байланысты бiр жүйе екiншi бiреулерiнен ажырайды. Қазіргі заманда тәрбие мақсаттарының және оларды iске асырушы тәрбиелiк жүйелердің көп түрлілiгi қабылданған. Бұл жүйелердің әрқайсысы өз мақсатымен танылып, ал сол мақсатты iс жүзiнде орындау белгiлi шарттар мен жабдықтарды қажет етедi. Мақсаттар арасындағы өзгешелiктер де шексiз: адамның кейбiр сапаларындағы еленбес өзгерiстерден онда болып қалатын түбегейлi тұлғалық ауысуларға дейiн. Мақсат көп түрлілiгi тәрбиенің өте күрделi болатындығының және бiр айғағы. Тәрбие мақсаттарының мән-мағынасы неде? Олардың басты ұмтылысы қоғам қабылдаған тәрбиелiк мұраттарға жету. Бiздің бүгiнгi қоғамымыздағы мұрат – бұл кемелденген, жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адам. Ескеретiн жәйт, мақсаттар идеялдық, әлi санадағы болжамдарға негiзделiп, белгiленгенiмен, олар шындықты, нақты тұрмыстық қажеттiктен тәжірибелік iске айналады. Сондықтан, олардың қалыптасуына шынайы себептер мен олардың орындалу мүмкіндiктерi өз таңбасын салады. Мақсаттардың жалпы бағыт-бағдарыныңайқындалуына келесi жағдаяттар өз ықпалын тигiзедi: ағза жетiлуiндегi физиологиялық заңдылықтар, адамдардың психикалық дамуы, философиялық және педагогикалық ойлардың жетiстiгi, қоғамдық мәдениет деңгейi. Педагогикалық жүйе мүмкіндiктерi аталғандардың қолдану шеңберiн анықтап отырады. Тәрбиенің мемлекеттiк жүйесiнде мақсатты белгiлеушi бас-ты жағдаят – бұл идеология, мемлекет саясаты. Әлемде, мейлi ең демократияшыл болсын, соның өзiнде қалыптасқан қоғамдық қатынастарды нығайтуға бағытталмаған, саясат пен идеологиядан ажыраған мектеп тәрбиесi мақсаттарын ұстанған бiрде-бiр мемлекет болмайды. Мемлекеттiк емес оқу-тәрбие мекемелерiнде мақсат жеке тапсырыс берушiлердің талапта-рымен реттеледi, жалпы бағыт-бағдары да солар арқылы бел-гiленедi. Бiрақ, бұлай болғанның өзiнде де тәрбиенің ұлттық ерекшелiктерi мен салт-дәстүрлерi сақталады.
А.С.Макаренко — тәрбиелеушiлердiң өнiмдi еңбек арқылы бiр — бiрiмен тығыз байланыста болуы, жас өспiрiмдерге тән адамгершiлiк қасиетiнiң қайнар көзi, даму мен кемелдену жолы болып танылды, ол оқушылар атқаратын жұмыстың ұжымдық формаларына ерекше назар аудара келiп, бiрлесе отырып атқарылған еңбек ғана адамның рухани өсуiне жеткiзедi дейдi. Мұндай кезеңде — деп жалғастырды өз ойын, балалардың еңбекке деген шынайы қатынасы нақты тәрбиеленуге де, олардың барлық ықласы жолдастық пен шынайы көмекке негiзделген ортақ еңбегiн ажырамас бөлiгi екендiгiне көздерiн жеткiзедi. Тек қоқамдық пайдалы еңбек ғана оларда қабiлетпен жеке талаптарды толық жан — жақты дамытады деп сендi[30].
А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинскийдің көп жылдық практикалық жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырды.
Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке окыту мен оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.
Еңбекке оқыту арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде оқшыларда еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеуге, еңбек әрекетінің практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
А.С.Макаренко мектеп пен отбасы біріккен жұмысын ұйымдастыру мәселесіне, өз еңбектерінде баса назар аударған. Сөйтіп отбасы тәрбиесін жетілдіруге қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі « Ата –аналар кітабы» және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысынын құлаш жаюында ерекше роль атқарады. «Семья-өте үлкен аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалар алдында жауап береді», — деді Макаренко[31].
Макаренконың пікірінше, семья тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: семьядағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс режим, ата-аналармен ересек семья мүшелерінің беделінің болуы.
Тәрбиенің қай түрі болмасын ондағы аса маңызды мәселелердің бірі — тәрбиенің алдына қойылатын мақсат перспективаларды таңдау. Осыған орай А.С.Макаренко теориялық мұрасына сүйене отырып, балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасы біріккен жұмысында оның, жақын және орта, қашық перспективаларын шығармашылық пен пайдаланған жөн[32].
Қашық перспектива — бұл жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешек мамандықты таңдау, білім алу не болмаса белгілі бір істің шебері — дарыны болуға талаптану т.б. жатуы мүмкін. Ал бұған дейінгі перспективалар қойылған мақсатты жүзеге асырудың кезекті бөлімдерінің қызметін атқарады. Мұндағы мектеп пен отбасының атқаратын рөлі, нақтылы тапсырмалар қоя отырып баланы сол мақсатқа жетуіндегі іс-әрекетін бір жүйеге қою, осылай жақын мақсаттарды жүзеге асыру арқылы, тәрбиедегі ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.
Кеңес педагогтарынан В.А.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері мен идеясын да бүгінгі мектеп жұмысында қолдану өте тиімді. Ол 1-сыныпқа дейінгі балаларды жинап, оларды мектепке дайындау мақсатында сыныпта отырып сабақ өтпейтін,табиғат аясында білім алатын «Қуаныш мектебін» ашады. 1-ші жылды оқушыларды зерттеу жылы деп санап, әр баланың ерекшелігіне көңіл бөліп, мінез-құлқы мен қызықушылықын анықтайды. Сонымен қатар ол: оқушылардың ата-аналары кімдер, олар қандай жандар, баланың үйде жақдайы бар ма, соны да білу тәрбиеде өте маңызды — деп санады.Осылайша Сухомлинский тәрбиені отбасы жақдайын зерттеуден бастады. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса, денсаулықының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Жыл соңында қандай оң өзгерістер болды деп ой түйіндеді. Балалардың жан — жақты тәрбие алып, дамуына ерекше назар аударды. Оқушылардың сөйлеу шешендігін дамытуқа, табиғат сұлулықын байқап әсерленуге, айналадақы құбылыстар сырын түсініп, ой топшылай білуге, өзгелермен сыпайы қарым-қатынас жасай білуге т.б. қабілетін оятуқа мүмкіндіктер жасады. В.А.Сухомлинский балалардың 3 — 4 сыныптарда бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4 сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтынын түсіндірді. Ересектік кезең баланы тәрбиелеудің ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата — аналарды олармен сырластықта, өзара түсіністік қарым-қатынасты нықайта отырып, оларқа балалар дамуына қатысты психологиялық, педагогикалық өзгерістер сырын түсіндіріп, хабарлап отыруды ұсынады.
Мектеп пен отбасының бірікен жұмысы негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру мәселелері көптеген ғалым — педагогтар (Г.К.Байдельдинова, И.В.Гребенников, Б.Мұқанов, М.С.Сангинова, Р.М.Капралова, Ж.Қоянбаев т.б.) тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр. Отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналардың білім мен қабілеттіліктері әр-түрлі болып кездеседі. Жоғарыдағы ғалым — педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса, А.Е.Мосин: «Бүгінде ата-аналар өте сауатты. Сондықтан олардың отбасы тәрбиесіндегі білімі мен тәжірибесін сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек», деген идеяны ұсынады.Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы тәрбиесі мәселелері саласынан жан-жақты білімді болуы тиіс деп мектеп пен отбасы біріккен жұмысында сынып жетекшісінің рөлі басым деген пікір келтіреді[33].
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Адамда ерте кезден бастап жеке белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқалады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі. Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады. Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б. Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың дарындылығын дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, баланың дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру дәлелдеуді кажет етпейді. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталқан. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі.
Талантылық пен данышпандық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ, адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы, құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеп, Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес құдайдың кұдіретінен, оның белгілеуінен.
Ерте кезде, XIV ғасырда қабілеттілік, дарыңдылық тек өнер адамдарында байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындыларының интелектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен Испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басыңдағы дарындылықты анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.
Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, адамның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ бұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоқары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі — Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т.б философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология: ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігінің, білім беруде түрлі озық әдіс тәсілдерді колдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциациясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттілік ілімі жөніндегі алқашқы зерттеулер ақылшын психологы Френсис Гальтон (XIX қ.) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің «Таланттың тұқымқуалаушылық оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыдан негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі:
өте жоқары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоқамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;
өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоқамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды.
Ф.Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қортындықа келеді.
Ф.Гальтоннан кейін неміс педагогі және психологі Э.Мейман (XIX -) қ.қ.) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э.Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін: оқу — тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік арасалмағын қарастырды.
XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В.Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп (дифференциальная), жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол (интеллект) талантты бақалау әдістерін қарастырып оқушылардың ақыл — ой қабілетін анықтауға арналған «қабілетті коэффициентін» көрсетті. В.Штерн ақыл — ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: «Ақыл-ой қабілеттілігі — өз ойын саналы түрде жаңа талаптарқа қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі». Штерннің пікірінше, дарынды деп жаңа талаптарға әр түрлі салада, әр салада, түрлі жағдайларға тез бейімделе алатын адамды айтуға болады.
XIX ғасырда қазақ халық ақартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл көзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек ғана өркениетке жетелейтін озық (светское ) білім» дейді.
“Азамат — дейдi — А.С. Макаренко, тек еңбекшiлер ғана бола алады, бұл –олардың ар — ожданы, қуанышы мен адамгершiлiк қасиетi”. Ал оның еңбекке деген қамқорлығы тек өмiр сүру үшiн, азық iздеу емес, ол оның этикасы, оның философиясы еңбекшiлер ынтымағы туралы ой, бақыты, болашақ жолындағы ынтасы сондықтан да болашақ азамат тәрбиелеу үшiн оларды жас кезiнен бастақ еңбекке қамқоршы болуға жаттықтыруымыз керек. Бұдан шығатын қорытынды пiкiр еңбек — тек күнкөріс құралы ғана емес, сонымен бiрге аса маңызды өмiрлiк қажеттiлiк ретiнде барған сайын көбiрек көрiнiс берiп, отыратын да жастар бойындағы көзқарасты қалыптастыру құралы да. Сондықтан да ол өзiнiң педагогикалық системасына негiз етiп, еңбектiң мазмұндығы, сипаты мен ұйымдастыруындағы сапасы жәнiнен жаңа әлеуметтiк экономикалық және техникалық элементтердiң бүкiл жиынтығын күшейту жеке адамның жанжақты дамуына игi әсер етiп, еңбек қызметi үшiн, ұжымының өндiрiстiк iстерiн басқаруға еңбекшiлердiң барған сайын белсене қатысуы үшiн неқұрлым қолайлы жағдайлар жасайтыны туралы зор көрегендiлiкпен айтты.
Соңғы дәуiрдегi әлемдiк педагогикада тәрбиенің саясаттан, идеологиядан тәуелсiздiк идеясы бой тiктеп келедi. Осыдан, тәрбиенің мақсаты жалпы адамзаттық өмiр заңдарына, қажеттерiне, құқықтары мен еркiндiгiне орай белгiленуi шарт. Бұл көзқарастан, адам мақсатқа жетудің құралы емес, тұлғаның өзi – сол мақсат.
Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді. Педагогикада диалектиканы барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылықында және қарама-қайшылығында ашылады.
Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді. Оқыту процесінің заңдылықтары оның приициптерінде бейнеленеді. Принцип — латын сөзі — негізгі, бастапқы деген ұқымды білдіреді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады, Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозқаушы күштеріне байланысты. Қозқаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушыларды мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейге сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, өзара байланысын дәлелдейді. Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоқамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестін заңдылықтарында көрсетілген міндеттерді толық іске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық шығармашылық қабілеттеріне сүйену қажет.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының сапасы жоғарылайды.
Отбасының қоғам алдындағы тек көп балалар тәрбиелеу мен өсiру мақсаты ғана емес олар өздерiнiң идеялық құндылығымен де мәндi, деп ескерттi А.С.Макаренко. “Сiздiң қоғамдағы немесе жұмыстағы белсендiлiгiңiз, — дедi ол ата — аналарға, ұжым да байқалып отыратын болсын, сiздiң саяси және азаматтық қабiлетiнiздi көрiп, оны ата — аналар қабiлетiнен бөлмейтiн болсын. Елде болып жатқанның бәрi сiздiң жан дүниеңiзбен сiздiң ақыл — ойыңыз арқылы балаларыңызға келiп жететiн болсын.”
Отбасылық дәстүрдi орынды пайдалана бiлу тәрбие құралы — дей келiп, дәстүрлер қоғамдық өмiрдiң еңбек, әлеуметтiк — саяси, семьялық — тұрмыстық, қарым — қатынас, мәдени т.б. қатынасуы педагогикалық қажеттiлiк, өйткенi мұның келешегi ұлттық, еңбектiк, интернационалдық, мәдени, тұрмыстық т.б. әрбiр анаға қажеттi дәстүрлердiң пайда болуынын нағыз көзi деп тұжырымдайды.
А.С.Макаренко өзiнiң педагогикалық жүйесiн қалыптастыру барысын да ол тек мектеп тәжiрибесiмен қана шектелмей тәрбиенi педагогикалық процесте ұтымды пайдалана отырып ынтымақтастық педагогикасының қалыптасуына да және отбасылық психологиясының да негiзгi қалаушы ғалым — педагог.
Бұл келелi пiкiрiн онан әрмен сабақтай келiп, ұжым арасындағы теңдiк тек ата — анаға ғана емес оның барлық мүшесi үшiн дәстүр мен салтқа айналуы керек деп: Егер мүшелерiнiң қоғамдық еңбекке бiрдей араласуының дұрыстығы негiзделiп құрылған және өз мүшелерiнiң бостандығы теңдiгiн табанды орнықтыратын семьяны коллектив деп атауға болатын болса, есерсоқ әке басқарған көпестiк немесе тiптi мүшелерiнiң теңдiгiн нығайтса да, бүкiл қоғамға қатысты топтық, тұтынушылық бақыт ұстайтын дворяндық ешқашанда ұжым болып саналмайды” — деп ой толғады. Ол мемлекет бастауы дей келiп оның барлық уақытта қоғаммен тықыз байланыста болып өзiнiң бақытын қоғамнан табатынын ескертедi. Мұндай қоғам арасындағы берiк одақтың педагогикалық негiзi әрбiр оның жеке мүшелерi арасындағы қоғам алдындағы тәртiп пен жауапкершiлiктi қалыптастырады дей келiп: “Елiмiзде болып жатқанның бәрi сiздiң жан дүниеңiз, сiздiң ақыл — ойыңыз арқылы балаларға келiп жететiн болсын. Олар сiздi қоғам қайраткерi деп бiлiп, сiздi, сiздiң жетiстiктерiңiздi, сiздiң қоғам алдындағы еңбектерiнiздi мақтаныш санайтын болсын” — деп ой қалдырды.
Отбасы бiрлiгi мен оның мүшелерi арасындағы өзара сыйластық пен түсiнушiлiкте Макаренконың жетiк назарынан тыс қалған жоқ, ол бақыт бұлағының бастауы деп атаған едi. Оның пайымдауынша, тiршiлiгiнiң көзi орасан зор, зерделi және жинақты жұмысты қажет ететiн, өз сезiмдерiнiң қорғаушысы болып, оларды қастерлеу жолындағы өзара түсiне отырып әрекет ету тiршiлiк көзi екендiгiн ыждақатты iзеттiлiкпен жастардан талап етедi.
А.С.Макаренко бала тәрбиесiне байланысты тыңғылықты ойлы және мақсаты iстiң қаншалықты ерте басталса, оның нәтижесiнiң де ұзатпай жемiс беретiнiн зиялы ұстаз ата — аналарға үнемi ескертiп отыруды бiр сәтте есiнен шықарқан емес. Ол “тәрбиенiң негiзi бес жасқа дейiн қаланады, бес жасқа дейiн жүргiзiлген барлық тәрбие iсiңiз – бүкіл тәрбие процесiнiң тоқсан процентi, одан кейiн адамды тәрбиелеу, қалыптастыру процесi жалғаса бередi, ендi сiз жидек дәмiн тата бастайсыз, ал гүл иiскеу ләззатын бес жасқа дейiн өткiзгенсiз”. Сөйтiп А.С.Макаренко орыс педагогтарының iшiнде алғашқылардың бiрi болып өз зерттеулерiнде мектептiң, жұртшылықтың өзара бiрлесе отырып әрекет етуiнде мектеп жасына дейiнгi тәрбиенiң жүйесiнiң қылыми негiздерiн жасап, жас отбасы мұраты да педагог — ғалым назарынан тыс қалған жоқ.
Ана мен бала бақыты, отбасы бақытының, оның дәулетiнiң бастауы екендiгiн ескерте келiп, кемеңгер ұстаз: “бiзге ананың үнсiз ерлiгi арқылы тәрбиеленген, оның өз жанын қиярлықтай шексiз сүйiспеншiлiгiне бөленген адамдар емес, iштей ұғынысқан үйлесiмдiлiк, тiршiлiк көзi, өмiр өзегi, болашақ бастауы” — деп тұжырымдайды. Ол ананы құрметтеудi — адамгершiлiк қасиеттiң табалдырығы онан әрi жеке адамға тән ең жоғары қасиет қалыптаса бермек дейдi. А.С.Макаренко отбасы тауқыметiн көтеруде ана мен әке көтерер жүктiң мөлшерiн алдын — ала анықтау семья бiрлiгi мен ынтымақтастық көзi — деп ұсыныс жасады. Мысалы, әке туралы, “Ол семьяның материалдық күресiн басқарды, тiршiлiктiң қиын сәттерiн мойнымен көтердi, дүние мүлiк жинап, үйiшi қаржысын жұмсап, балаларының тағдырын шешiп отырды.”
Әке — бұл тарихтағы басты тұлға! Қожайын, бастық, сот, кейде жендетте бола отырып, ол отбасын асырайды, құдайдан басқа ешбiр заңға бағынуды бiлмеген өзiмшiл, ақша қожасы, өктемдiк иесi шексiз билiк пен зор сүйiспеншiлiкке ие болды. “Мұндай абстрактылы әкеге берiлген бағанын әдiл қазысы болу тек үлкен жүректi нағыз парасат иесiне ғана тән қасиет демекпiз.
Әке бейнетi мен зейнетiнiң қарама-қайшылығы мен қайғылы тағдырына талдау жасай келiп, ол: ”Әкенiң тағы да сыры бар. Ол балаларының аш жалаңаштығын, ауруын, ауыр тұрмысы мен қайғы қасiретiн, өз мойымен көтерiп, олар үшiн қатал жауапкершiлiкте болады. Бұл жауапкершiлiктi ондаған ғасыр бойы оларға өмiр тiршiлiгiнiң қожалары, тонаушылар мен зорлық — зомбылық иелерi, дворяндар мен рыцарлар, финанс қожалары., әскер басшылары мен завод иелерi жүктедi. Әке ондаған ғасыр бойы барлық ауыртпалықтарға шыдай отырып қиналды, қайғырды өзi секiлдi кiнәсiз пәктi қарғады, бiрақ арта түскен сүйiспеншiлiгiнiң арқасында әкелiк жауапкершiлiктен кетпедi.
Бұл жоғарыдағы айтылған келелi ой түйiнi, қазiргi қоғамда бала тәрбиесiндегi әке рөлi бiр жақтылықпен шектелмей ол ана мен ата арасындағы ар — ожданына сүйенген қамқорлықпен балаға деген нағыз махаббат болу керек. Олай болса, ата мен аналардың өзара ыңтымақтастыққа негiзделген iс — шаралары, бала тәрбиесiнiң iзгiлiктiлiгiн де қамтамасыз етудiң алдын — ала куәсi iспеттi.
Әрбiр сәбидiң бақыты, ата мен аналарға ғана байланысты, бұл бақыттылық атадан балаға мұра ретiнде берiлiп отыратын да өмiр жалғасы тек ең құдiреттi қоғамға тән құндылық.
А.С.Макаренко педагогика теориясы мен халық ағарту жүйесiне арналған мұра қалдырған педагог — жаңашыл. Оның педагогикалық жүйесiне тән ерекшелiгi педагогикалық проблеманы шешеуге шеберлiкпен пайдалана бiлуiнде. Ол тәрбиенiң мақсаты мен негiзін анықтауда да өзiндiк қатынас жасаған зиялы ұстаз.
А.С.Макаренкоға тән ерекшелiк, оны педагог қызметiнiң нәтижелiлiгiмен мұғалiмнiң жеке басына тән қасиеттiң арасындағы педагогикалық процеспенен байланыстырудан тұрады. “Менiң пiкiрiмше деп жазды, тәрбие бақыты бұл педагогтың саяси сенiмi”. Тәрбие жұмысының негiзгi бақытын анықтауда тәмендегi факторларды есепке алу керектiгiн ескертiп, ол — тәрбиешiлердiң еңбекке қатынасы, мiнез — құлқы, ерiк — жiгерi, методикалық шеберлiгi және саяси моральдық бейнесi педагогикалық процестiң iрге тасы дейдi. өзiнiң ең күрделi психологиялық — педагогикалық еңбегiнде “… мен көптеген патриоттармен қызметтес болдым, бiрақ олардың барлығы бiрдей оқушылармен ата — аналармен тiл табысып сөйлесе алмайтын” — деп, педагогикалық қауымды алдын — ала сақтандырып отырды зиялы тәлiмгер.
А.С.Макаренко тек қана советтiк халық ағарту жүйесiн ұйымдастырушы практик қана емес, сол сияқты педагогика теориясына жаңа ұғымдар еңгiзген жаңашыл — ғалым да болды. Олар “Мiнез — құлық гимнастикасы”, “жақын, орта және ұзақ перспективалар”, “тәрбие техникасы”, “коллектив мiнез — құлық гимнастикасының залы”, “салыстырмалы әсер ету педагогикасы” т.б.
А.С.Макаренконың бұл жоғарыдағы айтылған педагогикалық ой — пiкiрлері өзiнiң өзектілігін бүгiнге дейiн жойған жоқ. Халқымызды жақсының хаты жойылмайды дегендей, А.С. Макаренконың хаты емес оның есiмi де тек бiздiң елiмiзде қана емес, бүкiл дүние жүзiнде зор беделге айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: |