Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет8/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі

Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.

Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.

А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналар ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сөзіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзіну; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер көзінде ұстамдылыкқа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі[26].

А.С.Макаренко өзінің заманында педагогтар арасында тараған тұжырымды қатты сынады, педагогтар берген тұжырым бойынша, олар коллективті «белгілі бір абыржушылықты жиынтық түрде елейтін өзара әрекеттес адамдар тобы» деп түсінетін. Антон Семенович ащы сықақпен былай деген болатын: бұл анықтамадан биологизм иісі он шақырым жерге аңқиды, бұл анықтама маймылдардың үйіріне немесе полилтер колониясына қолданылуы мүмкін, алайда адамдар коллективі үшін, адам қызметі үшін мүлде жарамсыз. Ал егер бұл анықтаманы адамдарға жатқызатын болсақ, онда коллективтің мұндай ұғымына трамвай вагонына отырған жүргіншілерге дейін, көшедегі топ-топ адамдарға дейін, төбелесіп жүрген мастарға дейін, кез келгеннің бәрін де жатқызуға болады.

А.С.Макаренко бірігудің социалистік принципіне негізделген адамдардың әлеуметтік бірлігі ғана коллектив деп атала алады деп атап көрсетті. Харьков трактор заводы еңбекшілерінің коллективі жайында біз осылай деп айта аламыз, алайда «Форд заводтарының коллективі» деп ешқашан айтпаймыз. Коллектив деп совет семьясын, оның мүшелерінің қоғамдық еңбекке бірдей қатысу принципіне құрылған семьяны атауға болады, бірақ ақымақ-әке басқаратын көпестік семья коллектив бола алмайды.

А.С.Макаренко коллективке былай деп сипаттама берді:

«Біздің пікірімізше, коллектив — бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық[27].

Жеке адам жөнінде коллектив бүтіндей коллективтің сувереңдігін білдіреді.

Жеке адамның өз еркімен коллективке кіруі правосын білдіре отырып, коллектив бұл адамнан ол коллективте тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі коллектив суверендігінен келіп шығады.

Коллектив адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана коллектив болуы мүмкін».

Балалар коллективі туралы айта келіп, Макаренко тәрбиенің советтік жүйесі социалистік жүйе болғандықтан, біздің тәрбиелеуші ұйымымыз да коллектив формасында болады деп ескертті.

«Біз тәрбиелейтін адамдар коллективі,— деп атап көрсетті Антон Семенович,— тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Совет еліндегі басқа да барлық коллективтің бүкіл ерекшеліктеріне, праволары мен міндеттеріне ие болатын социалистік қоғамның ұясы болып табылады».

Практика жүзінде өте-мөте белгілі және педагогика теориясында зерттелген коллектив бастапқы класс коллективі болып табылады.

Бұл жұмыста әңгіме мектеп коллективі туралы болмақ.

Мектеп коллективі —бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персоналды да қамтиды. Оқушы және педагог коллективі - өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп коллективі болып табылады, олар сонымен бірге бірыңғай тұтас болып та қосылмайды.

Біз мектеп коллективін коллектившіл өзара қатынастардың жоғарғы, неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп коллективі - бұл азаматтың мектеп, коммунистік құрылысқа белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның ғанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.

Біздің елімізде тамаша мектеп коллективтері қалыптасқан мектептер аз емес. Практикалық тәжірибені жинақтап, одан теориялық қорытынды жасауға деген талап орасан зор. Мектеп коллективінің тәрбие методикасының мәселелері жөніндегі тәжірибені, теориялық тұрғыда зерттеудің және қорытудың мектеп басшылары үшін, мұғалімдер, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар үшін, комсомол және пионер қызметкерлері, класс жетекшілері және т.т. үшін орасан зор практикалық мәні бар. Коллективтің айқындаушы, жолбасшы, тәрбиелеуші күшке айналуына қалай жетуге болады? Коллективтік қызметтің мазмұны неде? Коллектив ішінде ұйымдық және рухани өзара қарым-қатынастарды мүмкіндігінше мақсатқа сай қалай құруға болады? Мектеп коллективінің идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігін, комсомол және пионер ұйымдарының жалпы қызметін қалай қамтамасыз етуге болады? Мектеп коллективінің мүшелері болып саналатын оныншы класс оқушысы мен бірінші класс оқушысын ортақ мүдде, ортақ қызмет біріктіруіне қалай жетуге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет