Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет15/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы.

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.

Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.

Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарда жүретін «Технология» білім беру саласына «Еңбекке баулу» оқу пәні енеді.

Пәннің тиімділігімен балаларды еңбекке тәрбиелеудегі маңызын арттыруда, егемен елімізде көптеген оң өрістер жүргізілуде. Мәселен халыққа білім беру заңы мен тұжырымдамасында жалпы адами құндылықтар капиталын бойына сіңірген, еңбекке жарамды және икемді тұлға қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айтылған.

Жалпы бастауыш мектеп тәрбие мен білім беруде ең алғашқы және шешуші қоғам. Сондықтан да, бастауыш мектеп өқушыларына дұрыс еңбек тәрбиесін бере білу бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселесі.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт.

Мектеп, сынып, жанұяда түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Бұл жаңа стандартқа сай бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қол-өнеріне бейімдеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері ұлттық нақышта дайындалуымен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.

Елімізде бекітілген жаңа білім стандартының мазмұны бойынша «Еңбекке баулу» пәніне өту барысында әрбір сабақта бастауыш мектепте өтілетін кез-келген пәндермен байланыстырып өтуге болады. Бұндай процес «пән аралық байланыс» деп аталады. Бұл байланыстың мәні берілетін білім мазмұнын толық ашуға, оқушыларды сол білім мазмұнымен толық таныстыруға жіне логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда өте зор.

Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде қалыптастыру мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде орын алады. Сондай-ақ, мектеп оқу пәндері бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар жатады. Олар: үйірме факультатив клубтар, кооперативтер, өндірістік бригадалар оқу-тәжірибе учаскесі, көпшілікпен өткізілетін шаралар әр пән бойынша олимпиадалар. Оған сондай-ақ еңбек тәрбиесінің жүйесіде кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді. Шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байиды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.

Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың оқушы тәрбесіне, оның ішінде еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүкіндігі өте зор.

Пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т. б.) төселеді.

Педагогикалық және баспа материалдарын зерделеу оқушылардың қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысатын болғандығы және оларды тікелей ұйымдастырғанда ғана белгілі болып отыр. Мұндай жаппай жұмыстарға “Құстар күні“, “Орман күні“, “Бақ аптасы“, “Еңбек мерекесі“, т. б. жатады.

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады; ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Тәрбие жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мұғалім өз пәні бойынша ұйымдастыратын үйірме жұмысын бөліп қарауға болады. Мысалы тарих, әдебиет, математика бойынша пәндік үйірмелерге бірнеше паралллель (немесе аралас) сыныптардың оқушылары тартылады; драма, би, ағашты ою, өрнек жасау, фото, радио және т.б. үйірмелерге әдетте мектеп әдейілеп шақыратын оқытушылар немесе оқушылардың ата-аналарының бірі басшылық жасайды. Жұмыстың бұл саласы өз мамандығына тіпті де байланысты емес, бірақ бос уақыттағы сүйікті ісі болған жағдайда мұндай үйірмелерді мектеп мұғалімдері де жүргізеді.

Сабақ біткен соң және үй тапсырмаларын орындап болған соң, көптеген оқушылар спорт мектептеріндегі жаттығуларға, жасұландар мен сарайларындағы үйірмелерге, секциялар мен студияларға, жас натуралистер немесе жас техниктер станцияларына және басқа да мектептен тысқары балалар мекемелеріне барады.

Оқушылармен мектеп өткізетін жұмыстан айырмасы – бұл тәрбие жұмысы мектептен тыс жұмыс деп аталады. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.

Біздің елімізде әрқилы мектептен тыс мекемелердің аса үлкен және алуан түрлі жүйесі құрылған. Олар өзқатарына көптеген аса жас техниктер станциялары мен жас натуралистер станцияларын, балалардың экскурсиялық-туристік станцияларын, көптеген балалар парктерін, балалар театрларын және де басқа да балалардың бірқатар тәрбие мекемелерін (жас теңізшілер, автомобильшілер, өзеншілер және поляршылар клубтарын, балалар темір жолдарын және т. б.) біріктіреді.

Мектептен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланыста. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқынан айырылады.

Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үкендігіне қарамастан, олар әліде болса тілек білдірушілердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшінде олар өз профиліне сәйкес мектептен тыс жұмыстар саласындағы әдістемелік және кеңестік орталықтар болып табылады.

А.С.Макаренко өз шәкiрттерiмен әңгiмесiнде, еңбек — материалдық және рухани қазынаны молайтушы, сондықтанда ол адамгершiлiк принципiне айналған, деп екертiп отырды. Оқушыларға еңбек тәрбиесiн берудiң жақсы тәжiрбиелерi қалыптасқан жағдайға айналу үшiн, мектептерде, оқу орындарында семьяда, өндiрiстiк ұжымға күш жiгер мен ынта бiрлесе отырып қоғамдық қажеттiлiкке айналуы шарт деп ескертедi.

Өзiнiң педагогикалық жүйесiнде, еңбек тәрбиесiне тәрбиенiң бiр буыны ретiнде, жаңа қоғам қалыптастыруда айрықша роль атқарады деп есептеп, оқытуды ұйымдастыру, жеткiншектердi өмiрге еңбек қызметiне даярлап, олардың қоғамдық белсендiлiгi мен инициативасын дамытуға барынша ықпал жасап отыру қажет дей келiп, бұл салада мектеп пен семьяның қарым — қатынасын барынша нығайтып, баланы сенiмдiлiк, жоғары патриотизммен интренационализм сезiмi рухында тәрбиелеуде бiрiгiп күш жұмсағанда ғана педагогикалық жұмыс өз нәтижесiн бередi. Сабақ барысында, оқыту процесiнде сыныптан, мектептен тыс жұмыстарында ересектердiң еңбек дәстүрiн түсiндiрiп отыру керек дейдi.

А.С.Макаренконың педагогикалық, оның iшiнде еңбек арқылы тәрбиелеу жүйесiне, қызығушылар, онан “сiздiң балаларыңыздың шаруашылық жұмыстарына көп қатысқаны, бұл тәрбие процесiн ұйымдастыруға кедергi келтiрмей ме?” деген сұрағына А.С.Макаренко “мектептiң iрге тасы ретiнде, еңбек — жұмыс iстеу емес, еңбек — адам үшiн қамқорлыққа айналуы керек” деп жауап бередi. Ғұлама ғалым педагогтың бұл пiкiрiнiң қазiргi мектеп реформасының негiзгi мақсатына айналғанын өмiр дәлелдеп отыр.

А.С.Макаренко өз шәкiртерi мен ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы еңбектiң қоғамдық әлеуметтiк мәнiне, қоғам еңбеккерлерiне берiлетiн тәрбие тұрғысынан қарауы да бiр сәт есiнен шығарған емес. Ол еңбекке деген қамқорлық тек тәрбиешiлер мiндетi ғана емес, ол тәрбиешiлердiң де мақсаты мен мәндi болуы керек. Себебi, оқушылардың еңбек етуге мiндеттiлiгi, олардағы еңбекке деген ынтамен өз еңбегiнiң нәтижесiн бiлуге деген қамқорлығы да пайда етедi дейдi. Мұнда еңбек мұраты жас өспiрiмдердi еңбек процесiне деген келелi ой мен ынтада көзi дейдi.

Ұлы педагогтың бұл пiкiрiне қосыла отырып Н.К.Крупская “балалар егер өзiне тапсырылған iске белгiлi бiр ықлас көрсететiн болса, онда еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу кiшкентай жаста да неғұрлым жемiстi болады” деп көрсеттi.

А.С.Макаренко еңбек процесiне қатысушы балалардың тек жұмыс iстеуге ғана машықтанып қоймай сол сияқты олардың өндiрiстiң қиыншылығын, оның нақты жоспарын, олардың орындалуына себепшiлер кiмдер деген ой қалыптасуын да естен шығарған жоқ. Мұндай еңбек процесiнiң мәнiнiң өндiрiстiк процеске деген қатынастың баладағы ерте қалыптасуы баладағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген жаңа қатынас iспен ынтаны және талғампаздықты пайда етедi. Нәтижеде бала бойындағы бейiмдiлiк қабiлет сол сияқты мамандық туралы ой — өрiсі кеңейе түседi. Ол қыз балалар мен ер балаларға кәсiп түрлерiне тәнi әртүрлi эмоция болатынын ескерте келiп, жас өспiрiмдердiң мүмкiншiлiктерiне ынтасын бiр ғана өлшеммен кесiп пiшуге болмайтынын үнемi ескертумен болған зиялы ұстаз.

Сондықтан да мамандық таңдау мен кәсiби шеберлiктiн қалыптасу мерзiмiнiң белгiлi өлшемi болатындығын алдын ала ескертiп те отырды. Сонымен бiрге мамандық таңдау қазiргi кезеңдегi күрделi мәселе себебi: “Қазiргi кезеңдегi басты кемшiлiктер мен қиыншылықтар шамадан тыс мүмкiншiлiктермен, өте көп әртүрлi жолдарда” деген болатын өзiнiң “Мамандық таңдау” атты мақаласында.

А.С.Макаренко жастардың еңбекке деген ынталылығын тәрбиелеудi балалар мекемесiнiң шаруашылығынан бөлiп алуды, ол мекемелердiң мүдделерiнен тыс қалдырмауға болмайтынын ескерттi. Ол: “материалдық мұқтаждықтан тәрбие тыс болмауы керек — деп ескерте отырып, мекеменiң оқу тәрбие процесiнде жауапты адам материалдық процестер туралы да мекеме алдында жауапкершiлігiн жауаптан тыс қалдырмау керек. Ол балалардың өзiн — өзi басқару органыменен бiрлесе отырып материалдық жақтан да қамтамасыз ету олар үшiн мәндi, тiптi педагогикалық құбылыс екенiн ойластырған жөн” деп тұжырымдайды. Оның пiкiрiнше, тәрбие мекемелерiне тән оқу тәрбие мен қатар iшкi шаруашылық мәселелерiнде педагогикалық процеске әсер ететiн күш екендiгiне барлық тәрбиеленушiлердiң қатынасып отыруы “iшкi коллективтiк тәрбие кодексiн” қалыптастырады дейдi. Бұл – тәрбиеленушiлердегi өз тәрбие мекемелерiне деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, нәтижеде әрбiр тәрбиеленушi өз тәрбие ортасының құралына ғана айланып қоймай оның қорғаушысы, қамқоршысы, патриот және нағыз қайраткерiне де айналады.

А.С.Макаренко еңбекке баулу дегенiмiз –тек байлықтын ғана емес сол сияқты эстетикалық тәрбие құралы болу керек дейдi. Мысалы, балалардың еңбек орындарының тазалығы тек өнiмдiлiктiң ғана көзi емес, сол сияқты жоғары сезiм мен жағымды эмоцияны қалыптастырудың да көзi болмақ дейдi. Себебi: әсемдiктi сүймей жинақты, талғамды өнер мен ғылымға жаны құмар жеке адамда қалыптаспақ емес деген едi. Оның атап көресеткенiндей, бұл процестi жетiлдiрудiң маңызды факторы мұғалiмнiң творчестволық потенциялын қалыптастыру болып табылды. Тек психологиялық ахуал жақсы, өзара талапкершiлiк және құрмет жағдайында жұмыс iстейтiн коллективте ғана оны табысты жүзеге асыруға болады. Мұндай коллективтiң басшылары өз бойында тәрбиешi зерттеушi психолог, ұйымдастырушы, экономист, шаруашылық адамның қасиеттерiн өз бойында жинақтайды.

А.С.Макаренко еңбек ұжымына тән арнайы дәстүр болуын қалап, еңбектерiн адамдарын бiр — бiрiне жақындастырудағы негiзгi дәнекер екендiгiн де педагогикалық процесiне байланыстырды. Антон Семенович басқарқан еңбек ұжымының негiзгi дәстүрлерiнiң бiрi әр жылы тындырған еңбектiң қорытындысын шығара отырып, қол жеткен табысқа негiзгi себепкерлер мен еңбек озаттарын атап өту мен алдағы еңбек жылына арналған жаңа жоспар белгiлеу және жаңа нысаналардан шығудың нақты жолдарын көрсету дәстүрi болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет