24
4-кестенің жалғасы
1
2
3
сұхбаттасушысына сұрақ қойып, жауап
күтеді. Ал екінші қатысушы сол
сұрақтарға өте қысқа жауап береді.
5
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу
кезіндегі қиындықтары.
Сөйлеушілердің сөйлеу барысындағы
қиындықтары, қойылған сұрақтарға
жауап айтудан бас тарту немесе әңгіме
кезіндегі үнсіздік.
6
Ауызекі тілдің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері
Лексикалық ерекшелік – боқауыз
сөздер.
Грамматикалық ерекшелік – сөйлемнің
ереже бойынша дұрыс құрылмауы.
Бірінші бөлім бойынша
тұжырым жасайтын болсақ, ауызекі сөйлеу
лингвистикалық
категорияда
экстралингвистикалық
екі
ерекшелікпен
ерекшеленеді оның бірі бірліктерді еркін құру, екіншісі дайын сөйлеу
формулаларын қолдану. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу лингвистикалық
категорияда үш компонентке бөлінеді:
1) сөйлеушілер арасындағы бейресми қатынастар;
2) сөйлеушілерде ресми сипаттағы хабарлама;
3) қарым-қатынастың сипатын бұзатын элементтер. Ауызекі сөйлеу
кезінде әңгімелесушілердің ең маңыздысы, олардың бет-әлпеті, ым-ишараты мен
мимикасы. Ал стилистикалық бағытта Қазақстандық және ресейлік
ғалымдардың жазған жұмыстарында ауызекі тілдің
әдеби тілмен тығыз өзара
байланысын көруге болады, атап айтқанда, бұл әдеби ауызекі тіл және ауызекі
стилі сияқты тілдік негізінде пайда болған, қазақ тілі үшін өзекті болып
табылады. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеудің негізгі белгілері-дайындықсыздық және
ситуациялық жағдай. Американдық ғалымдардың зерттеуінде ауызекі сөйлеудің
бірнеше ерекшеліктерін ажыратады: нақты құрылым, спонтандық, бейресмилік,
кездейсоқтық, мәлімдеменің толық аяқталмауы. Сөйлесу нақты уақытта
коммуниканттардың жеке байланысы жағдайында ауызша және ауызша емес
қарым-қатынас құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылады. Қазақстандық
жазушылар мен американдық жазушылардың арасында біраз айырмашылық бар
екенін көруге болады. Мысалы, американдық ауызекі сөйлеуде оларға
коммуникацияның арасындағы
мазмұны емес фактісі маңызды, ал қазақ
ғалымдарының жазуынша керісінше оларға сөйлесушілер арасындағы диалог
емес сол диалогтің мағынасы мен мазмұны маңызды деп есептелінеді.
Сонымен қатар жастар арасындағы ауызекі тілдегі ерекшеліктерді
қорытындылайтын болсақ, жастардың өзіндік сөйлеу тілі бар және қарым-
қатынас барысында синонимдік кедейлік пен дисфемизм байқалады. Жастар
көбінесе жаргон мен сленгтерді жиі қолданатын тілдік орта қалыптастырады.
Жастардың ауызекі сөйлеу байланысын достық дискурс яғни тек достар
арасындағы ғана ауызекі сөйлеу әрекеті орын алады деген тұжырымға келдік.
Жастардың ауызекі сөйлеу процесінде қолданылатын басты құралдар ретінде біз
25
осыларды атап өте аламыз: ащы қалжын, сарказм, боқауыз сөздер, сленг және де
жаргондар.
Зерттеу барысында 6 тармақтан жасалған кестемізге сүйене отырып,
бірнеше тұжырымға келуге болады. Сөйлеу қарым-қатынасында
ескерілген
элементтер тізбесі жасалды, яғни, біріншіден, оларға бейресми ауызекі сөйлеу
қарым-қатынасы орын алған жері, уақыты, қатысушылар саны, жасы мен
жынысы жатады. Екіншіден, ауызекі сөйлеудің үш түрі анықталғанымен біздің
зерттеуде тек нарративті және дискурсивті түрлері қолданылды. Үшіншіден,
бейресми байланысқа қатысушылардың сөйлеу
манерасы мен олардың мінез-
құлқы, қарым-қатынсатағы ұстаған қашықтықтары, қолданған сөйлеу
тактикалары (құттықтау, алғыс айту және т.б.) және сөйлеу стратегиялары
(балағаттау, мазақ қылу т.б.) ескерілді. Келесі тармақтарға бейресми ауызекі
тілдің лексикалық ерекшеліктері (боқауыз сөздер) және грамматикалық
ерекшеліктері (сөйлем құрылымының әдеби нормаға сәйкес болмауы) сияқты
факторлар зерттеу
барысында белсенді қолданылып, жоғарыда айтылған
тұжырымдарды жасауда үлкен рөл атқарды.
26
ІІ БӨЛІМ СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АУЫЗЕКІ
СӨЙЛЕУІН ТАЛДАУ
2.1 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ БЕЙРЕСМИ АУЫЗЕКІ
СӨЙЛЕУІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейресми байланыс ауызекі сөйлеуді зерттеуді бастамас бұрын ағылшын
тілі мен қазақ тілінің ауызекі сөйлеу байланысының қалай жинақталғанын айта
кету керек. Бұл кезеңде ағылшын тілінің бейресми ауызекі сөйлеу байланысын
зерттеу үшін арнайы американдық корпус қолданылды. Корпус дегеніміз –
ағылшын тілінің бейресми, дайын емес сөйлеудің транскрипцияланған аудио
жазбалары. Ағылшын тілінің ауызекі сөйлеуіне зерттеу жүргізу үшін біз арнайы
Santa Barbara Corpus of Spoken American English [43] атты корпустарды қолданып
зерттеу жүргізілді.
Қазақ тілінде бейресми ауызекі сөйлеуге зерттеу жүргізу үшін, студенттер
арасындағы байланысқа құпия түрде аудиожазбалар жүргізілді. Ауызекі
сөйлеуді зерттеуге 17-21 жастағы жоғарғы
оқу орындарындағы ерлер мен
әйелдер қатысты. Аудиожазбалар Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы
Медициналық университет, Ақмола обылысы Астана қаласындағы Еуразиялық
ұлттық университетіндегі жастар жатақханасы мен университет қабырғасында
аудиоиатериалдар жазылып, жинақталды. Сондай-ақ қазақ тілінің ауызекі
сөйлеуі бойынша зерттеу жұмысы барысында керекті материалдар Iphone XR
смартфонының диктофонына оқу орындағы және күнделікті тұрмыста
қолданылатын студенттер арасындағы бейресми байланыс аудиожазбалары
жазылды.
Сондай-ақ бейресми байланыс ауызекі сөйлеудің методологиялық
талдауында жазылған аудио жазбаларды егжей-тегжейлі
транскрипциялау өте
маңызды. Методологиялық талдауда аудиожазбаларды декодтау үшін тек
лингвистикалық ерекшеліктермен ғана тоқталмайды сонымен қатар әңгіме
кезіндегі интонация, сөйлесушілердің күлкісі, үнсіздігі, олардың кідірістері, сөз
тіркестерін қолдануы, айтылған репликалардың түсініксіздіге сияқты
паралингвистикалық сипаттамаларды декодтау маңызды болып есептеледі.
Транскрипция дегеніміз – белгілі бір тілдің дыбысын анық бейнелеп
көрсететін шартты белгі.
Диалогты жазбаларда транскрипцияны қолдану үлгісі астыңғы кестеде
көрсетілген.