Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Бақылау көрсеткіштерін қабылдаудың негізң мен мазмұны



бет11/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

1.2 Бақылау көрсеткіштерін қабылдаудың негізң мен мазмұны

Президенттік тест нормативтері кешенінде республика халқының дене сапаларының әзірлігін көтеруде, дене мәдениетін қалыптастырып одан әрі жетілдіруде, дене тәрбиесінің рөлі мен маңызына айрықша мән беріледі, оларды мектеп өміріне еңгізудің негізгі шаралары көрсетіледі, оқушылар арасында дене мєдениетін одан әрі дамытудың айқын жолдарын белгілейді.


Президенттік сынама заңдары мен қаулылары. Қазақстан Республикасының тұрғындарының денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін дамыту — мемлекеттік маңызы бар үлкен іс. Қазақстан Республикасының егемендігін сақтау, оның экономикалық мүмкіндігі көп жағдайда ұлттық дене тәрбиесі және рухани тазалығымен айқындалады. „Халық денсаулығы — елдің байлығы" бұл жай ғана сөз емес, көптеген дамыған елдердің даму тарихы дәлелдеген кемеңгер сөз.
Қазақстан Республикасы Президентінің І995 жылғы 4 мамырдағы № 2261
„Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың кезек күттірмес шаралары туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 4 маусымдағы № 774 „Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалары туралы" қаулысының жарыққа шығуы - тарихи құжаттар. Оның қажеттігі мен өміршеңдігі жарыққа шыққан күннен бастап байқалып отыр.
Аталған мемлекетгік құжаттар министрліктер, облыстық, қалалық, аудандық, мемлекеттік мекеме, мектеп, орта және жоғары оқу орындары басшыларының басшылыққа алар негізгі құжаттары.
Құжаттар Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене тәрбиесі дайындығын айқындап, оның денсаулығы мен рухани әлемін нығайтады. Бұл тәсілдемелік оқулык іс жүзінде жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі мұғалімдеріне, кәсіпорынның нұсқаушы әдіскерлеріне, орта және жоғары оқу орындарының дене тәрбиесіз оқытушыларына Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамаларын оқыту және жүргізу ісін өзіне мақсат етіп қояды. Оқытушылар осы әдістемелік оқулық арқылы сындарды игеру кезінде құралдарды таңдауды жүйелеп, әдістемелік жолдарды белгілейді. Сондай-ақ жеке адам, мүмкіндігін есептей отырып, организмнің үйренуіне педагогикалық бақылауды қамтамасыз етеді [35].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 24 маусымындағы №774 Қаулысы және Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалары туралы ереженің өмірге енуі — Қазақстан Республикасы тұрғьндарының барлық деңгейін дене тәрбиесімен айналысуын айқындайтын, әрі жүйелі жұмыс жүргізетін маңызды құжат. Президенттік сынаманың ережесінде айиалысатын топтардың жас топтары анықталған, сондай-ақ жан-жақты шынығатын дене тәрбиесі, өмірге қажетті ілкімділік пен икемділікті игеретін нақты сынамалар бар. Дене тәрбиесі және спортпен айналысқандар салауатты өмір сүруге бет бұрғаны елеулі оқиға.
Ережедегі маңызды мәселенің бірі сынамалардың сындарын өткізу мерзімдерінін айқындалуы. Олар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11 сыныптарын, колледждер мен жоғары оқу орындары соңғы курстарын бітірерде жүзеге асырылады.
Сөйтіп, ережеде көрсетілген сынамалар жай ғана сөз емес, ол мемлекеттік бағдарламаның барлық бөлімдерін игеруге арналған ауқымды материал. Сондай-ақ Президенттік сынама ережелері дене тәрбиесі оқытушыларына оқу-жаттығу процесін жан-жақты ұйымдастыруға, дене тәрбиесі көпшілік жұмыстары және жарыстарды өткізу ретінде мол мүмкіндік береді.
Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп сынамалар өткізу - алдағы жұмыстарды нақтылап, өткізілетін сабақтың мазмұнын, көлемі мен ықпалын дамытуға бағыт береді [36].
Президенттік сынама сабақтары жоспарлы, мақсатты жүргізілсе, онда алға қойған мақсаттардың жемісті шешілгені.
Сынамалар жарысы ұйымшылдықпен, жинақы, мерекедегідей өткізілуі тиіс. Жарыстардың ашылуы оған қатысушылардың есінде ұзақ сақталатындай салтанатты жағдайда өтуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет