Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет9/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

3. Қорытынды сатыға (аналитикалық- бағалау) Оңтүстік өңір жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетінен білім алу нәтижелерін интегративті бағалау кіреді. Мектеп оқушыларының дене мәдениетінен білім деңгейін бағалау үшін мына дәрежелер белгіленді: баллға алмастырылған жоғары, орта және төмен. Зерттеу жұмыстары барысында нәтижелері айқындалды және жан-жақты талданды, аймақтық бағдарламаның әдістемелік мазмұны белгіленіп нақтыланды, педагогикалық технология жетілдірілді, жалпы мектеп оқушыларының дене дайындығы құралдары мен әдістемелік тәсілдерін іріктеу үрдісі жүргізілді.
Жаттықтыратын жаттығу түрлерін іріктеу кезінде ағзаның жекелеген жүйелеріне денені шынықтырумен шұғылданудың әсер ету дәрежесін дәл анықтауға мүмкіндік туғызатын аймақтық медициналық-экологиялық сипаттамасын есепке алып талдау пайдаланылуда. Ауа райы жағдайы жүрек қызметіне әсер ететін болғандықтан, бірінші кезекте жүрек соғуы жиілігі жайлы қам жеуге тура келеді: жаттыққан адамның жүрек соғуының жиілігі минутына 60 реттен төмен екені ғылыми дәлелденген, яғни мұндай жұмыс режімі жүрек үшін қолайлы, өйткені диастола кезінде (жүрек соғуы аралығындағы бұлшық еттердің босаңсу кезеңі) ол оттегімен байытылған артериялық қанды алады. Жаттыққан адамның жүрегі жүктеме кезінде үнеммен жұмыс істейді, ал оттегіні пайдаланумен жүретін зат алмасуының қарқындылығы он есеге дейін артылады. Осындай бейнеде, спортшы жүрегінің он еселенген қуат қоры болады және насос сияқты, ол қанның барлық ұлпаларға жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Оңтүстік аймақтағы медициналық қатынаста туындаған мәселе тыныс алудың қызметтік жүйелері туралы және оның басты органы - өкпе болып табылады. Жақсы дамыған тыныс алу аппараты – жасушалардың толық жарамды тіршілік әрекетіне сенімді кепілдік беретіні көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденген: ағзаның оттегіні неғұрлым игеру қабілеттілігі көп болған сайын, солғұрлым адамның дене жұмыс қабілеттілігі жоғары болады. Жаттықтырылған сыртқы тыныс алу аппараты – жақсы денсаулық жағдайының негізгілерінің бірі, сонымен бірге Оңтүстік өңірде тек бронхит (қолқа құрт) пен өкпе қабынуы ғана жиі кездесіп қоймай, туберкулез аурулары да бар.
Бұл аурулардан сақтандыру жолдары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың ішіндегі ең пайдалысы және әсерлісі денені шынықтырумен шұғылдану болып табылады. Денеге жүктемені жүйелі беру барысында оттегіні максимальды пайдалану 20-30% артады, тыныс алу жиілігі төмендейді, ал терең тыныс алуы артады, яғни өз кезегінде дем алатын оттегі көлеміне оңды әсерін тигізеді. Қан айналысының күшейуі, өз кезегінде өкпеде ауаның тазарылуын арттырады, басқа ағза органдарының жағдайына қолайлы жағдай тудыратын көкет (диафрагма) қозғалысының амплитудасын арттырады [30].
Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында қауіптілігі кем емес ақиқат, шындық ол балалар тірек-қозғалыс аппаратының дамуындағы ауытқушылық болып табылады. Бұл жағдайда да денені шынықтыру көмекке келуі мүмкін. Дене жаттығулары бұлшық еттің күшін, созылғыштық және басқа қызметтік сапаларын арттырады. Төмен берілген жүктеменің әсерінен бұлшық еттер босаңсиды, көлемі кішірейеді, бұлшық ет талшықтары жіңішкереді. Қозғалыс аппаратының жұмысының биохимиялық жағдайы әртүрлі бұлшық ет топтарына әсер етеді, сондықтан қозғалыс режімін есепке алу, динамометрия әдістерін пайдалану және жаттықтыру жаттығуларының әр түрлерінің ерекшеліктерін білу өте маңызды.
Сүйек жүйесі балалық және жасөспірім шақта қалыптасады, яғни сүйек тығыздығы артқан сайын, қажетті сүйек массасы шарқына жетеді. Жас өскен сайын жаңа сүйек ұлпасы барынша баяу пайда болады, ал ескісі барынша тез жойылады. Бұл үдеріске қарсы тұруға адамның ұйымдастырылған дене белсенділігі, оның жүйелі түрде жүгірумен шұғылдануы, жүру, би, бадминтон, кегли, қалашық, теннис ойнауы арқылы ғана жеткізуге болады. Шұғылдану жаттығулары қозғалыс үйлесімділігін жақсартады, құлау қауіптілігін төмендетеді, бұлшық ет массасын нығайтады және үлкейтеді. Сүйек ұлпаларын нығайтуға бағытталған арнайы жаттығулардың маңыздылығы жайлы теннисшілердің қолдарын ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің айтуынша өзінің ойынға бейімделген басты қолының сүйек ұлпалары басқа қолына қарағанда тығыздау, өйткені бұл негізгі қолмен үлкен дене жүктемелері атқарылады.
Жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сынып оқушыларында дене мәдениетін қалыптастырудың моделін жасау барысында, біздер балалардың барлық ағзаларының бірдей дамуына байланысты қозғалыс белсенділігіне бағытталған жақтарына баса назар аудардық. Біздер түрлендірілген бағдарламаға қаңқа бұлшық еттерін, жүрек қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға бейімделген шұғылдану жаттығуларының түрлерін ендірдік. Біздер жеткіліксіз дәрежедегі қозғалыс белсенділігі нәтижесінде табиғи жаратылған жүйке рефлекторлық байланыстардың бұзылуынан экологиялық себептермен бүтіндей бірқатар аурулардың пайда болуына әкелетін, интегралды және локальды сипат алатынын, яғни аймақтық ауа райы географиялық ерекшеліктерімен түсіндірілетін белгілі бір аймақтың тұрғындарының денсаулығындағы қызметтік және органикалық ауытқушылық кешенімен анықталатыны айқындалуда [31].
Біздің дайындаған әдістемеге сәйкес, бұл ауруларға қарсы тұруға қабілетті, сақтандырудың негізгі құралы дене мәдениеті болып табылады. Біздің жалпы орта мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің дидактикалық моделінде мұндай тәсіл өзінің сәйкес келетін көрінісін тапты (Сурет 2).

  • Сондай-ақ, ғылыми зерттеуімізде оқушыларға дене мәдениетінен білім беруде бірқатар жетістіктермен қатар елеулі кемшіліктерді де бар екенін көрсетеді. Біздің теориялық пайымдау арқылы жүргізілген тәжірибелік зерттеулер кезінде алынған нәтижелер мектеп бағдарламасында қаралған дене мәдениетінен нормативтерін тексерілгендердің 63% орындай алмағанын көрсетті. Ал, жүргізілген анкеталық сауалнама мектеп бағдарламасының теориялық сабақтар бойынша білім деңгейінің өте төмен екенін көрсетті. Осы және өзге де мәліметтер республика мектептерінің едәуір бөлігінде дене тәрбиесі пәнінің нашар жолға қойылғанын, қазіргі талаптарға жауап бермейтінін көрсетеді. Барлық мектептерде жұмыс дәрежесін қазіргі жаңа міндеттер деңгейіне көтеру үшін көп күш жұмсауға тура келеді.

Сонымен, біздің теориялық пайымдау арқылы жүргізілген тәжірибелік зерттеулер кезінде алынған нәтижелер, педагогикалық философиялық әдебиеттерді, сондай-ақ архив материалдарына жүргізілген талдау төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан мектептерінде оқушыларға дене тәрбиесін беруге мүлдем көңіл бөлінбеді. Тек Қазан төңкерісінің жеңісінен
кейін, билік басына халықтың келуімен байланысты балалар алдында рухани және дене тәрбиесінің кең мүмкіндіктері ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет