Дипломдық ЖҰмыс 5В012800 «Физика-Информатика»



бет9/10
Дата14.02.2023
өлшемі2,63 Mb.
#168659
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аширова Жазира

Физика әлемі шексіз. Бізді қоршаған ортада да, тіпті біздің ішімізде де әр түрлі физикалық үдерістер жүріп жатады. Физика – материалдық әлемнің заңдылықтарын зерттеудің қиын жолымен келе жатқан ғылым.
Зерттеу дегеніміз – ғылымға немесе тәжірибеге белгісіз нәрсені іздеу. Белгісізді іздеу үшін проблема қою, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңа білім іздеу. Кез келген ғылыми проблеманың негізінде білу және білмеудің арасындағы қарама-қайшылық болады. сол себепті оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетіне біртіндеп, ғылыми іздену жолдарының әр қадамын ойластыра отырып игеруге дайындау қажет.
Тапсырма. Берілген мысалдан алынған білім өмірлік тәжірибеде қайда қолданылады? Нақты мысалдар келтіріңдер және көрсетіңдер.
Мысал. Ең алғашқы дыбыстан ұшқыр жолаушы ұшақтары (ағылшын-француз «Конкорды» және кеңестік ТУ-144) ХХ ғасырдың 70-жылдарында құрастырылған, бірақ көп ұзамай әр түрлі себептермен оларды қолданудан алып тастаған болатын. Алайда 90-жылдардың ортасында олар қайтадан эксперименттік ұшулар жасайтын болды. 1995 жылы жарнамалық мақсатта «Конкорд» Нью-Йорк – Нью-Йорк маршрутында жер шарын айналып ұшып өтті. Ұшу барысында жерге алты рет қонды және 40717 км қашықтықты қамтыды. Бұл ұшудың уақыт ұзақтығы 31 сағат 27 минут 40 секундты құрады. «Конкорд» Лондоннан Нью-Йоркқа дейінгі аралықты 3 сағат 40 минутта ұшып өтті[69,70].
Қазақстанда 2300—2500 км/сағ. крейсерлік жылдамдықпен ұшатын ТУ-244 ұшағы құрастырылуда.
Тапсырма. Берілген деректерге сүйене отырып жобалық тапсырма құрастырыңдар және оның шешімін табыңдар.
Мысал. Поезд жылдамдығының әлемдік рекорды Францияның еншісінде. Мұнда 1955 жылы поезд жылдамдығы сағатына 331 км, 1981 жылы – 380 км/сағ., 80-ші жылдардың аяғында 515 км/сағ. жетті.
Бұл көрсеткіштер рекордтық болып саналады. Экспресс поездар жылдамдықты сағатына 200-300 км-ге дейін өрбіте алады. Париж – Бордо бағытында жүретін әлемдегі ең жүрдек поезд ғана жолаушыларды сағатына 350 км. жылдамдықпен тасымалдайды [8].
Тапсырма. Ендік бойымен трансеуразиялық темір жол магистралін салу мүмкін бе? Маршруттары көрсетілген магистральдың бірнеше нұсқасын жасаңдар. Олардың техникалық және экономикалық деректерін салыстырыңдар. Өз негіздемелеріңді беріңдер.
Тапсырма. «Бұлан жүк тасушы».
Бұлан – бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, жұптұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау.
Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жаздашөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталармен қоректенеді.
Бұланды жүк тасуға қолдануға болар еді. Себебі ол өтуге қиын орманды және батпақты жерлерден жүре алады. Сонымен қатар бұландар 80-120 кг-ға, ал шанаға жеккен кезде 500 кг-ға дейінгі жүкті көтере және тарта алады.

  • Бұланды шаруашылықта қолдану жолдарын ұсыныңдар.

  • Егер шананың мұзбен үйкеліс күші 0,002-ге тең болатын болса, онда жегілген шанаға әсер етуші үйкеліс күшін анықтаңдар.

  • Шана бірқалыпты қозғалыста болған, бірқалыпты қозғалыс 1 м/с2 үдеп отырған жағдайды қарастырыңдар. Қорытынды шығарыңдар.

  • Үйкеліс күшін азайту бойынша ұсыныстар жасаңдар.

Тапсырма. Шалынып қалған және сырғанап кеткен жағдайларда адам қалай құлайды? Графикалық сызбанұсқалар әзірлеңдер.
Қауіпсіздік мақсатында мектеп оқушыларына арналған көктайғақ кезінде жолда жүру ережелерін әзірлеңдер.
Мысал. Көптеген суда жүзушілердің әр түрлі бағыттарда қозғалу барысында қарсыласу күші өзгеруі байқалады. Осылайша, үйректер немесе қаздардың аяқтарындағы жүзу торсылдақтары ескек есебінде қолданылады. Аяқтарының артқа қарайғы қозғалысы барысында үйрек жүзу торсылдақтарымен суды еседі, ал алға қарай қозғалу барысында үйрек бақайларын қозғалтады – қарсыласу күші азаяды, осының нәтижесінде үйрек алға қарай қозғалады.
Тапсырма. Күнделікті өмірде қарсыласу күшін көбейту және керісінше азайту қажет жағдайлардан мысал келтіріңдер. Оларды графикалық сызбанұсқалармен көрсетіңдер. Өз ойларыңды дәлелдеңдер.
Мысал. Поляр шеңбері аймағының құрылысшылары құрылыс материалы ретінде кейде мұзбетонды қолданады.
Малта тас қосып қатырылған мұзды осылайша атайды. Мұзбетон өте мықты болады, онымен жұмыс істеу барысында тіпті экскаваторлардың болат тістері де сынады. Мұзбетонның тағы бір түрі – ағаш ұнтақтары қосылумен қатырылған мұз немесе мұзқыртыс. Бұл материал 50 кг/см2 дейінгі қысымды көтере алады және оны Поляр шеңбері өзендерінде көпір салу барысында цементті ауыстырушы ретінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет