Дипломдық ЖҰмыс 5В050600 «Экономика» мамандығы Қызылорда 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет5/6
Дата12.09.2020
өлшемі0,5 Mb.
#77881
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жолдирбаев

Бағалау мақсаты


Құн түрлері

Әлеуетті сатып алушы (сатушы) жорамалды бағаны анықтауға көмек беру

Нарықтық құн

Инвестицияның мақсаты сәйкестілігін анықтау

Инвестициялық құн

Ссуда алуға тапсырысты қамтамасыз ету

Залогтік құн

Салық алу базасын анықтау

Салық салумен заңдастырылған нарықтық немесе басқа да құн

Сақтандыру бойынша келісім-шартты жабу соммасы немесе сақтандырылған активтердің зақымдануына байланысты талаптармен қамтамасыз ету

Сақтандыру құны

Кәсіпорынның мүмкін ликвидациясы (біртіндеп немесе түгелімен)

Ликвидициялық құн

Е С К Е Р Т У – кесте [4, 192-193] алынған

Ескерілетін факторлар мен бағалау әдістемесіне байланысты құн орын алмастыру құны және ұдайы өндірістік құн болып бөлінеді. Орын алмастыру құны – бұл объектіні құруға жұмсалған шығын (яғни объектінің тозуын есепке ала отырып нақты күнге бағалауды өткізу).

Ұдайы өндірістік құн – бұл нарықтық бағадағы шығын жиынтығы, яғни нақты датада бағалауды жүзеге асыруда ұқсас материалдар мен технологияларды қолдана отырып ұқсас объектілерді бағалау. Алдағы құннан өзгешелігі ағымдық бағада бағаланатын объектінің нақты көшірмесін құру. Бұл құн объектінің құнын дәл сипаттап көрсетеді, бірақ технологиялар мен материалдардың өзгеруі себебінен оны анықтауға толық мүмкіндік бола бермейді.

Объектінің жорамалдық жағдайына байланысты оны бағалағаннан кейін нақты қолданыстағы және ликвидациялық құн болып бөлінеді.

1.2 Материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайы және оны талдаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай- ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіптік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Алдымен «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады дей отырып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсңпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады және кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» [5, 63 б].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі».

«Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

«Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы» - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу – деп жазады.

Жоғарыды берілген анықтамалар қарастырып отырған ұғым мәнін толық ашпағанмен, олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да арнайы әдебиеттерде түрліше түсіндіріледі. Кейбір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіріледі.. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді кейбір авторлар «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

«Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

«Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Сонымен бірге бұл авторлар мына анықтаманы келтіреді.

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы» [5, 79-81].

«Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру мен өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі болып табылады».

Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқаларымен есеп айырсу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен бірге кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін жеткілікті дәрежеде табыс қалуы қажет. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі».

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды мынадай түрлерге жіктейді:



  1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

  3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

  4. әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.

Материалдық – техникалық жабдықтауды басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, бірақта қаржылық тәуекелдік те өседі [4, 102-103].

Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:


  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді.

Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеледі.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:



  • қаржылық жағдайда баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлем қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау [5, 79-81].

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сондықтан, қаржылық жадайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған дұрыс және оған мыналар жатады:



  • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

  • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

  • баланс өтімділігін талдау;

  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыптастыруы және оны зерттеу әдістері

Нарық жағдайында ұйымның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.



Ұйымның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы ұйымның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы [5, 112-113].

Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және ұйымның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал ұйымның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар ұйымның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы ұйымда өндірісті дамытуға, оның материалдық – техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Ұйымның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, олар келесі түрге жіктеледі:

1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар ұйымның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқа факторлар ұйым еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Ұйымның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай – ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Ұйымның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай – ақ ұйымның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – ұйым шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Ұйымның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қанщалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.



Ұйымның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Ұйым ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни ұйым өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.

Және де бұл жерде ұйымның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген [6, 149-151].

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:



  • ұйымның салалық топқа жатуы;

  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

  • ұйымда басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, ұйымның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым – қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты ұйымдарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да ұйымның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай – ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық ұйым сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайы банктер осы ұйымға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылыр мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары ұйымдармен келісім – шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы ұйымның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай ұйым ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады [6, 187-188].

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік негізгі ақпараттық көздері бар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын ұйымның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен арнайы анықтамаларда басылып шығатын есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл ұйым шығыратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай – ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Ұйымның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді [7, 197-199].

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Трендті талдау барлық көрсеткіштер 100 % деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбіп есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар ұйымның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы(кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай – ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін [7, 78-79].

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай – ақ экономикалық және математикалық статистиканың дәстүрлі тәсілдері қолданады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану ұйымның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен ұйымның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 “Инж-Строй” ЖШС - ке өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау

Серіктестік мемлекеттік тіркеудегі өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.

Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банкте шоттары өз атауы жазылған бланкілері болады.

Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін, өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағадайларда өз қатысушыларына міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Серіктестікке қатысушы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.

Серіктестіктің қатысушылары:

1. Осы жарғымен белгіленген тәртіп бойынша серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

2. Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;

3. Серіктестіктің қызметінен табыс алуға;

4. Серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісі бойынша оның мүлкінің бір бөлігін заттай алуға;

5. Өз үлесін иеліктен шығару жолымен серіктестікке қатысуға тоқтатуға құқылы;

Серіктестіктің құрылтайшылары:

1. Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2. Құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен мөлшерде, тәсілдер мен мерзімдерде салымдар енгізуге;

3. Серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

Серіктестікті қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру ) заңда көзделген тәртіппен жалпы жиналыс шешімі бойынша жүргізіледі.

Серіктестік өз қызметін мынадай негіздер бойынша тоқтатады:



  • Егер серіктестік қатысушыларының саны 100 – ден асса;

  • Егер жарғылық капиталды азайтудың нәтижесінде оның мөлшері ең төменгі мөлшерден кем болса;

Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

  • Банкрот болғанда;

  • Заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

  • Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттары қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

  • Заң құжаттарында кез келген басқа жағдайларда таратылуы мүмкін.

2 кесте


«Инж - Строй» серіктестігінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда

(+,-)

%

Өнімді өткізуден түскен түсім, теңге

4519882969

3526425374

2616877833

-909547541

-134

Өнімнің өзіндік құны, теңге

2753861025

2315132026

1411762231

-903369795

-163

Жалпы табыс, теңге

1766021944

1211293348

1205115601

-6177747

-102

Кезең шығындары, теңге

1315733077

963552678

1073459906

+109907228

+89,7

Негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны

819729690

855243423

1062738690

+207495267

-80,4

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны

1108142133

1064193803

576540593

-487653210

-184

Еңбекақы қоры, теңге

350661468

369475820

391514599

+22038779

+94,3

Еңбек ресурстары, адам

957

940

912

-28

-103

Қор қайтарымдылығы

5,5

4,1

2,5

-1,6

-48

Қор сыйымдылығы

0,18

0,24

0,4

-0,16

-60

Пайда

427588382

122325659

78311243

-44014416

-156

Рентабельділік

9,4

3,5

2,9

-0,6

-12

Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Инж - Строй» серіктестіктің бухгалтерлік балансынан және оның қосымшалардан алынды

«Инж - Строй» серіктестігінің мақсаты - компанияның, клиенттердің және әріптестердің табысы мен бәсекелесу қабілетін қамтамасыз ететін құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтің ең ұздік сапасы.

Серіктестіктің қызмет тұрлері: құрылыс бұйымдарын өндіру және сату, өндіру, өңдеу, коммерциялық-делдалдық қызмет, көпқабатты тұрғын ұйлер салу, сыртқы әкономикалық қызмет, басқа да қызметтер болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тек кәсіпорын деңгейінде ғана қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қажетті қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорында анағұрлым білікті мамандар шоғырланған.

Осы кәсіпорында жоғары өнімді техника мен технологияны пайдалану, ресурстарды ұнемді жұмсау мәселелері шешіледі. Тек кәсіпорында өндіріс шығындарын минимумға жеткізу мен өнімді өткізу жұзеге асырылады; бизнес-жоспар өңделіп, маркетинг қолданылады, тиімді пайлану – менеджмент жұзеге асырылады.

Осы кәсіпорынның технико-әкономикалық көрсеткіштеріне қарап, оның жалпы әкономикалық жағдайын білуге, оларды сипаттауға болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәліметтерінің қайнар көзі болып жылдық есеп болып табылады. Мұндағы мәліметтер бойынша жылдық есепте өндіріс нәтижесі мен факторлары толық қарастырылып, талдау барысында әртұрлі нормативтік материалдарды пайдалана отырып өтімділік нормасы, жұмысшылардың тарифтік ставкасы негізгі қор амортизациясын есепке алады.

Кәсіпорынның жалпы табысы - өнімді өткізуден тұскен тұсімнен, сыртқа жасалатын өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес сипаттағы жұмыстарды өткізуден тұскен тұсім, негізгі өндірістік және қосалқы шаруашылық қызметтерден тұскен тұсімдерден құралады.

«Инж - Строй» серіктестікте 2011-2013 жылдар аралығындағы қызмет нәтижесінің жағдайын сипаттайтын техника-әкономикалық көрсеткіштер топтамасы берілген (2 кесте).

Кәсіпорын осы жылдар аралығында сәйкесінше өнімді өткізуден тұскен тұсім 3526425374 және 2616877833 теңгені құрады. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда оның көлемі 909547541 теңгеге кеміген.

Негізгі қордың орташа жылдық құнын 2012 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 207495267 теңгеге көбейген.

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны 487653210 теңгеге ұлғайғанын көріп отырмыз. Өнімнің өзіндік құны да 903369795 теңгеге кеміген. Сонымен қатар, жиынтық табыс та 44014416 теңгеге кемігені көрініп отыр.

Кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы және еңбек өнімділігі болып табылады.

Қор қайтарымдылығы көрсеткіші 48 пайызға азайған болса, ал қор сыйымдылығы 60 пайызға төмендеп отыр және еңбек өнімділігі -3513 едәуір төмендеген. Кезең шығынында 109907228 теңгеге көбейген. Сонымен қатар таза табыс 12 пайызға кеміген.


2.2 Материалдық-техникалық құрамының динамикасын талдау

Материалдық-техникалық құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – ұйымның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Материалдық-техникалық өсуі (артуы) ұйымның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы ұйым жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, ұйым мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік – аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз [7, 114-115].

«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3 - аналитикалық кестені құрамыз.

3 кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 30281 мың теңгеге немесе 21,89 % - ға артқандығын көруге болады. Бұл ұйымның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай – ақ ұйымның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және ұйым мүлкінің мобильділігін анықтау қажет. Ол үшін ең алдымен ұйымның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, оның екі әдісі бар.

Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құны қосылады.

Екінші әдістемеде ұйымның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын күрделі жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме ұйымдарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кп ≥ 0,5 қалыпты болып есептеледі.


3 кесте


2011 – 2013 жылдардағы «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі материалдық-техникалық активтердің құрамы мен құрылуы


Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда


Құры

лымы


ның өзгеруі

сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

мың тг.

%



1.

Активтер құны, барлығы

соның ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

ә) қаржылық салымдар;

1.2. Ағымдағы активтер:

а) өндірістік қорлар;

ә) дайын өнім.


110 684
40 449

33 391

7 000


70 235

26 463


12 572

100
36,54

30,16

6,32


63,46

23,9


11,35

138 290
56 947

49 895

7 000


81 343

22 325


20 211

100
41,18

36,07

5,06


58,82

16,14


14,61

168 571
109 815

95 535

7 000


58 756

20 255


34 024

100
65,14

56,67

4,15


34,85

12,01


20,18

+30 281
+52 868

+45 640

-

-22 587



- 2 070

+13 813

+21,89
+92,83

+91,47


-

-27,76


-9,27

+68,34

х
+23,96

+20,6


-0,91

-23,97


-4,13

+5,57

2.


Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

59 854

75,36

72 220

72,63

115 790

73,8

43 570

+60,32

+1,17


Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

Көрсеткіштердің мәні ең төменгі мәннен аз болған жағдайда, ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2012 жылы 72220 мың теңгені, 2013 жылы 115790 мың теңгені құрайды, яғни 43570 мың теңгеге немесе 60,32 % - ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 1,17 пунктке жоғарылап, 60,32 % - ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

3 кесте мәліметтері көрсеткендей «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына алдыңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2011 жылы 17,64 пунктке көп болса (58,82 – 41,18), 2011 жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 30,29 пунктке азайған (34,85 – 65,14) және 34,85 % - ды құраған.Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының ұйымның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын ұйым активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын ұйымның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

«Инж-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бұл коэффициенттің деңгейі 2012 жылы 0,58 (81343:138290), ал 2013 жылы 0,34 (58 756:168 571) құрады.

Ұйымның материалдық-техникалық жабдықтаудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол материалдық-техникалық құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, ұйымның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік ұйымдарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5 – тен төмен болмауы тиіс.

«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл көрсеткіш деңгейі 2012 жылы – 1,42 = (81 346:56 947), ал 2013 жылы 0,53 = (58 756:109 815) құрайды. Ұйым ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, ұйым міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай ұйымның мүліктік жай – күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл ұйымның материалды – техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Ұйым мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш ұйымның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Ұйым мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

«Инж-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2012 жылы – 36,07 % - ды, ал 2013 жылы – 56,67 % - ды құрады, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне сәйкес келеді. Негізгі құралдарды жалпы құнындағы оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл ұйымның материалды – техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдарды тозу коэффициенті 2012 жылы – 0,39 (32449 : 82344), ал 2013 жылы – 0,4 (63690 : 159225) құрайды, яғни 0,01 пунктке өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдарды сапалық тозуын айтпайды, оладың 2/3 – ден көбі табиғи тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50 % - дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз тозу болып табылады. Осыған байланысты ұйым басшылығы осы ұйымның материалды – техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аудару қажет.

Әрі қарай, келесі 4 – аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

Келтірілген мәліметтер ұйым активтерінің жалпы алғанда динамикасын көрсетеді Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 3 662 мың теңгеге немесе 3,5 % - ға азайған.

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі ұйымның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн.


4 кесте


«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдық активтерінің құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер


2011 жыл


2012 жыл

2013 жыл


2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда

сомасы, мың теңге

үлес салмағы, %

сомасы, мың теңге

үлес салмағы, %

сомасы, мың теңге

үлес салмағы, %

сомасы, мың теңге

%

1

Ағымдағы активтер, соның ішінде:


1.1. Тауарлы – материалдық қорлар
1.2. Дебиторлық берешек
1.3. Ақша қаражаттары
1.4. Басқа да ағымдағы активтер

70 235


39 035
27 592

3 608
-



100


55,6
39,3

5,1
-



81 343


42 536
25 940

5 725
7 142




100


52,3
31,9

7
8,8




58 756


54 279
2414

2 063
-




100


92,4
4,1

3,5
-



-24 760


+11 743
-23 526

-3 662
-



х

+40,1


-27,8

-3,5
-




Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса ұйымның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Ұйымның материалдық айналым қаражаттары 2013 жылы 27,6 % - ға өсті және ол 54279 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 40,1 пунктке жоғарылағанын көріп отырмыз.

Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш әжептеуір төмендеген. Егер оның көлемі 2012 жылы – 25 940 мың теңгені құраса, 2013 жылы ол – 2414 мың теңгені құрайды немесе 90,6 % - ға төмендеген. Ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 27,8 пунктке азайған.

Ұйымның қаржылық жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі обьективті процесс болып табылады.

Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайға әсер етеді. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да ұйымның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Ұйымның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады.

Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін [7, 111-112].

Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай – ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады.



2.3 Материалдық-техникалық жабдықтаудың құрастырылу көздерінің құрылымының динамикасын талдау

Нарық қатынасы жағдайында ұйымың қызметі және оның дамуы көбіне өзін - өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептеру анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді. Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, онымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әртүрлі аталады, бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап ұйым сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктскк (1)


Мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;

Мк – меншікті капитал;

Ак – авансталған капитал.

Бұл коэффициенттің өсуі ұйымның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді [7, 137-138].

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін 5 талдау кестесі құрылады.

5 кестеден ұйымның 2013 жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 30281 мың теңгеге немесе 21,9 % - ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу 2013 жылдың соңында 168571 мың теңге болған, яғни 29491 мың теңгеге немесе 2012 жылдағы мөлшермен салыстырғанда 1,5 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,312 – ден 0,261 – ге дейін немесе 0,05 пунктке төмендеген. Алайда бұл ұйымның қаржылық жағдайының төмендегенін дәлелдемейді.

5 кесте. «Инж - Строй» ЖШС – нің авансталған капиталының құрылымы




Көрсеткіштер



2011 жыл



2012 жыл


2013 жыл

2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда

Құрылымының өзгеруі



сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

үлес салмағы, %

Мың тг.

%

1

Авансталған капитал, соның ішінде:

1.1.Меншікті капитал

1.2. Қарыздық капитал, оның ішінде:

ұзақ мерзімді


110 684
47 563


63 121

-

100
54,23
45,77

-

138 290
43 123
95 167

14 582

100
31,18
68,82

10,54

168 571
43 913
124 658

70 307

100
26,05
73,95

41,71

+30 281
+790 
+29 491 

-

+21,9
+1,83
+30,99

х
- 5,13


+ 5,13

2

Тәуелсіздік коэффициент

х

0,430

х

0,312

х

0,261

х

х

-0,05

3


Қаржыландыру коэффициент

х

1,754

х

1,453

х

1,352

х

х

-0,10

4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті


х

1,327

х

2,207

х

2,839

х

х

+0,63


Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды
Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулалармен анықталады:
Кт = Қк к немесе Кт = 1 – Қтс (2)
Мұндағы: Кт – тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;

Ак – авансталған капитал.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарызының үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, ұйымның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

«Инж - Строй» ЖШС – да оның деңгейі 2012 жылы 0,688 (1 – 0,312), ал 2013 жылы 0,739 (1 – 0,261) болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған ұйым өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды.

Келесі, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатыснасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.


Кқ = Мк к (3)
Мұндағы: Кқ – қаржыландыру коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Мк – меншікті капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент ұйымың қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыланжырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататынын көрсетеді.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің айтарлықтай үлес салмағы қаражаттар айналымы ұзақ капиталды қажет ететін ұйымдар үшін қаржы қаражаттарының үлесі 40 – 50 % болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсетікші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Тк к (4)

Мұндағы: Кқ/м – қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;

Ак – авансталған капитал.

Бұл коэффициент ұйым активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді [8, 54-56].

«Инж-Строй» ЖШС – да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

2012 жылы – 2,206 (95 167  : 43 123 );

2013 жылы – 2,838 (124 658 : 43 913 ).

Демек, ұйым қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Ұйымның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.



Ұйымның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немес оны оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

(5)
Мұндағы: Кқт – қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм – ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак – авансталған капитал;

Мк – меншікті капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9 – ға тең болуы керек, ал оның 0,75 – тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы ұйым капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:



(6)

Мұндағы: Кұ/м – қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк – меншікті капитал;

Ұм – ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, ұйым өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады [8, 88-90].

«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ол 2012 жылы 0,864 – ке тең (43123 : 49895), 2013 жылы 0,459 – ға тең (43913 : 95535) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізге құралдарды сатып алуға ғана емес, ұйымның қаржылық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Ұйым, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Ұйымның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой – меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым – қатынас осы принцип бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.

Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әртүрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Біздің отандық тәжірибеде ұйымның менішкті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резевті қор, мақсатты қаржыландыру мен салымдар, жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің бірінші бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, алдаға кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, алдағы кезең табыстары.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды – көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражатының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасының баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын алып тастау керек.

2012 жылы меншікті айналым қаражаттарының көлемі 13824 = (43123 – 56947) мың теңгеге, ал 2013 жылы 65902 = (43913 – 109815) мың теңгеге кемігендігін көруге болады.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсетікштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі – оң , ал төмендеуі – теріс бағытты ретінде қарастырылады.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш ұйымның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау коэффициенті деп аталады.



Ол ұйымның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
(7)

Мұндағы: Кж – жұмсау коэффициенті;

Ма.к – меншікті айналым капиталы;

Мк – меншікті капитал.

Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні ұйымның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі ұйымның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі ұйым мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен ұйымның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді [8, 127-129].

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті ≥ 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі ұйымның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе – теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, ұйымның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек. Себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады.



Ұйымның тауарлы – материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, ұйымның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы – материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы – материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп те атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
(8)

Мұндағы:Кк/қ – тауарлы – материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

Мак – меншікті айналым капиталы;

Қтм – тауарлы – маериалды қорлар.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы – материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпты мәні келесі түрді болады:

Кк/қ ≥ 0,6 – 0,8

Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындарды көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш < 1 болады. Керісінше ұйымның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш > 1 болуы мүмкін, бірақ бұл ұйымның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді [9, 86-88].

Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар ұйымның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есебін беретін көрсеткіштерін топтық қорытындыларымен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек.

«Инж - Строй» ЖШС – да 2013 жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырған. Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған(қарыз) капитал кредиторлық борыштан, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерден тұрады, ал оның көлемі 2012 жылы 95167 мың теңге, 2013 жылы 124658 мың теңге болған, яғни 29491 мың теңгеге немесе 1,3 есеге өскен.

Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер ұйымның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

«Инж - Строй» ЖШС – да дебиторлық борыш 2012 жылы кредиторлық борыш сомасы сомасынан 2,1 (25940:12290) есе көп, ал 2013 жылы керісінше кредиторлық борыш сомасы дебиторлық борыш сомасынан 20 (46800:2414) есеге жоғарылады. Яғни, бұл көрсеткіш ұйымның жұмысы мен жалпы қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Келесі маңызды жұмыс – ұйымның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері – тауарлы – материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы – материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:

1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Мак).

Бұл көрсеткіш меншікті айналым капитал мен ұзақ мерзімді активтердің арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналық қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі ұйымның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:
Мак = Мк – Ұа = Іб П - Іб А. (9)

Мұндағы: Іб П – баланс пассивінің І бөлімі;

Мк - меншікті капитал;

Іб А – баланс активінің І бөлімі;

Ұа - ұзақ мерзімді актив.

Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: ұйымның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1 – ден төмен болмау керек), тауарлы – материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні – 0,6 – дан төмен емес) және тағы басқалары.

2. Тауарлы – материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мак/ұз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:


Мак/ұз = Мак + Ұзм = Мак + ІІб П (10)

Мұндағы:Ұзм – ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак – меншікті айналым капиталы;

ІІб П – баланс пассивінің ІІ бөлімі.

3. Тауарлы – материалдық қорлардың негізгі негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК = Мак/ұз + Қнқ (11)
Мұндағы: НК – негізгі көздер;

Қнқ – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы – материалдық қорлардың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы – материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак = Мак – ҚШ (12)

Мұндағы: ҚШ – тауарлы – материалдық қорлар мен шығындар.

2. Тауарлы – материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)ак/ұз):
± Мак/ұз = Мак/ұз – КШ (13)

3. Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):

± НК = НК – КШ (14)

Тауарлы – материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу ұйымның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4) дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады:
ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ (15)
Бұл теңсіздік тауарлы – материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни ұйым сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немес пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.

Мак/ұз < ҚШ < НК (16)

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған ұйым тауарлы – материалдық қорларды жабу үшін түрлі «қалыпты» - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:

ҚШ >НК немесе НК< ҚШ (17)

Бұл қатынас ұйым өзінің тауарлы – материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес» болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

«Инж - Строй» жауапкершілігі серіктестігінде тауарлы – материалдық қорларды қалыптастырудың қалыапты көздерінмен қамтамасыз етілуін есептейміз. Ол үшін 6 кестені құрамыз [9, 96-100].

Қаржылық тұрақтылықты қоймада 2012 жылы 25940 мың теңге тұратын дайын өнімді және 2013 жылы 2414 мың теңге құраған дебиторлық борышты тезірек қайтару және ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылатыу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

6 кесте


Материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі 2011 – 2013 жылдардағы көрсекіштер бойынша «Инж - Строй» ЖШС (артықтығы + жетіспеушілік - )
мың теңге


Көрсеткіштер

Символдары


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл


2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда (+;-)

1.

Меншікті капитал

Мк

47 563

43 123

43 913

+790

2.

Ұзақ мерзімді активтер

Ұза

40 449

56 947

109 815

+52 868

3.

Меншікті айналым капиталының бар болуы

Мак

7 114

-13 824

-65 902

- 52 078

4.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұзм

-

14 582

70 307

+55 725

5.

Тауарлы – материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы

Мак/ұз

7 114

758

4 405

+3 647

6.

Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

Қн

63 121

80 585

54 351

-26 234

7.

Тауарлы – материалдық қорлардың қалыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері

НК

70 235

81 343

58 756

-22 587

8.

Тауарлы – материалдық қорлар

Қ

39 035

42 536

54 279

+11 743

9.

Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак

-31 921

-56 360

-120 181

-63 821

10.

Тауарлы – материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак/ұз

-31 921

-41 778

-49 874

-8 096

11.

Тауарлы – материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± НК

+31 200

+38 807

+4 477

-34 330

Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

3КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықтауды пайдалану тиімділігін талдау

Кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықтауды пайдалану тиімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарыдан бастап өтімділігі төмендерге (актив), уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы Батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Ұйымның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне ұйымның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, ұйымның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік ұйымның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Ұйымның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан ұйымның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек [10, 84-85].

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты ұйым активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға ұйымның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма – қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақыттта келіп түсіп, бұлар да міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын – ала шаралар қолданылады. Кез – келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан ұйымның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың көп болуы ұйымның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұданда төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімнің «Тауарлы материалдық қорлар» бабы және баланс активінің I бөліміндегі « Ұзақ мерзімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа ұйымдардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде « Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ ұйымдарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

А4. Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан « Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа ұйымдардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады. Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен ұйымның «өтімділігін» ( өтімді капиталын ), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы – материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланыста топтастырылады [11, 48-51].

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсаты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдер және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер – пассивтің I бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің байланысын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1>П1


А2>П2

А3>П3


А4<П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы ұйымның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады.

Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағы қарама – қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінін абсолютті өтімділіктен азды – көпті айырмашылығы болады.

Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Баланстың топтастырылған баптарының кесте түрінде көрсету орынды болады.

Жоғарыда көрсетілген баланс өтімділігінің негізгі көрсеткіштеріне ұйым активтері мен пассивтерінің қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтап, талдау жүргіземіз.

Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.

Актив пен пассив баптарының I тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді [11, 69-70].
7 кесте

«Инж - Строй» ЖШС-ның мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарын талдау




Актив

Сомасы, мың тг.

Пассив

Сомасы, мың тг.

Төлеу артығы(+), жетіспеушілігі(-)

Жыл басында

Жыл аяғында

Жыл басында

Жыл аяғында

Жыл басында

Жыл аяғында

2011 жыл

А1

2 023

3 608

П1

25 189

49 495

-23 166

-45 887

А2

10 801

27 592

П2

4 702

13 626

6 099

13 966

А3

31 969

46 035

П3

0

0

31 969

46 035

А4

32 676

33 449

П4

47 578

47 563

-14 902

-14 114



77 469

110 684



77 469

110 684



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет